№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет68/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

Бейнелi-көрнекiлiк ес. Мəлiметтердi бейнелерге, схемаларға, графиктерге,
сүреттерге айландыру. Бейнелеу естiң бiрнеше түрлерiн ажыратуға болады: көру, естү,
дəм, сипау, иiс естерi болып бөлiнедi (түйсiктердiң түрлерi сияқты). Бейнелi ес, əсiресе
көркемөнер кəсiбiмен шұғылданатын адамдарда өте жақсы дамыған. Мысалы Рафаэль
өзiнiң сүреттерiн салғанда көз алдында оның бейнесiн көрiп тұрады екен. Осы бейнелеу
естiң түрлерiн эйдетикалық ес (''эйдос'' грек сөзi - бейне) дейдi. Мұндай адамдарда
əсерлер мен бейнелер көз алдында нақты елестетiп, олардың жеке қасиеттерi мен
бөлшектерi айқын ажырата алады. Осы ес түрiнде адам бəрiнде өте жақсы есiне сақтай
алады. Бұны тағы феноменалды ес дейдi. Əйгiлi композиторларда В.Моцартта,
С.В.Рахманиновта, сүретшiлерде – Н.Ге, Г.Доре, Дж.Рейнолдста, колбасшыларда- Юлий
Цезарда, Александы Македонскийда, Наполеон Бонапарртта осы ес түрi болған.
Ал соқыр, саңырау адамдарды алатын болсақ, бұларда жоқ сезiмдердiң есесiне
сипау, иiс, дəм естерi өте жақсы дамиды, басқа естердiң кемiстiктерiн толықтырады.
Бейнелi-көрнекiлiк естiң сонымен бiрге қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезiмдiк
түрлерi болады. Қимыл-қозғалыс есi дегенiмiзойын, спорт, еңбек, оқу əрекеттерiне
байланысты əр түрлi қимыл-қозғалыстар мен əрекеттердi есте қалдырып, оларды қайта
жаңғыртып отыру. Естiң бұл түрi қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негiзi болып
табылады. Мысалы, əрiптердi, сөйлемдердi жазу, суда шомылу, машинаны айдау.
Калыптасқан дағдылар өмiр бойы есте сақталып келедi.
Эмоциялық-сезiмдiк ес дегенiмiз бастан кешiрген түрлi сезiмдер мен эмоциялық
күйлерiн есте қалдырып отыруы жəне қайта жаңғыртуы. Бұл естiң түрi, басқалармен
салыстырғанды, əлде қайда күштi болады. Адам есiне ең жақсы сақталатыны ол бакстан
кешiрген ең құанышты немесе өте қайғылы оқиғалары болады, өйiткенi сол кездегi
сезiмдер мен күйлер өте қатты есте қалады. Бұл ес түрiнiң кəсiптiк жағынан театр немесе
кино актерлардың жұмысына маңызы өте зор.
Есте сақтау, мерзiмiне қатысты: қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi (түпкiлiктi ес) жəне
оперативтi ес деп бөледi. Əсер еткен əр түрлi тiтiркендiргiштердiң немесе мəлiметтердiң
бейнесi адамда алдыменен тұрақсыз, құбылмалы болып тұрады (көз алдында тұрғандай,
құлағында əлi естiлiп тұрғандай, оқиға бiтседе ойымызда жалғасып жататындай). Еске
қалдыру үшiн ең алдыменен бұл мағлуматтар жинақталынып алынуы керек. Оған бiр
шама уақыт кетедi. Бұл уахытты iздердiң консолидациясы дейдi. Есте сақтаудың ерекше
бұл түрiн қысқа мерзiмдi ес дейдi. Өмiрде уақытша ғана есте сақталатын əсерлер туралы
''алғашқы ес'' немесе ''шапшаң қөрiнiс'' деп те айтады. Көбiнесе бiр əрекетте ғана керектi
болатын мағлүматты қысқа мерзiмде сақталуды оперативтi ес деп айтады. Мысалы, есеп
шығарғанда ойда бiр сандарды үстау. Бұл сақталған нəрсе керектi болып саналатын болса,
онда ұзақ мерзiмге есте қалады немесе мұлде ұмытылады. Оперативтi естiң көлемi 7-,+
2 белгi болады.
Ал қабылданған бейнелердi, құбылыстарды, тиiстi мағлуматтарды ерiксiз немесе
арнайы амалдар арқылы ұзақ уақыт бойы есте сақтауды ұзақ мерзiмдi немесе түпкiлiктi
ес дейдi. Бұл ес түрiнде адамның ең маңызды деп бағаланған (өзiнiң өмiрiне, кəсiбiне
қатысты) нəрселер сақталынады. Мысалы, ''өзiнiң аты жөнi'', ''мектеп аяқтау күнi'',
''жақындарының тұған күндерi''. Бiрақ, ұзақ мерзiмдi есте саналы түрiнде
жаңғыртылатын, маңыздылығын жоғалтқан, қосымша жəне керектi мəлiметтердiң де бiр
процентi ұмытылып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет