кетедi. Өйiткенi эмоцияға байланысқан мəлiметтер жақсы сақталады жəне қайта
жаңғыртылынады. Бұның табиғи себебi болады. Эмоция тəнмен тығыз байланысты
болғанымен, ми адамға керектiсiн қана сақтап отырады, басқасын ұмытуға жiбередi. Агата
Кристи айтқанындай: ''Сенсациялар тез құрап қетедi, қорқыныш болса ұзаққа қалады''.
Əр түрлi травмалар немесе ауралар естiң бұзулуына əкелүi мүңкiн. Сол кезде естiң
жоғалуын –
амнезия дейдi. Бұл құбылыстар мидағы тежеу, өшу заңдылықтарына
байланысты. Бiрақ өшкен, ұмытылған байланыстар бiр кезде жаңғырып, еске түседi. Бұны
–
реминисценсия дейдi. өмыту – жүйке клеткаларындағы тежелеу процестерiнiң дамуы.
Осыған орай, уахытша ұмытуды
сақтық тежеу дейдi. Адамның бұрынғы iс-əрекетi қазiргi
есте сақтау жұмысына бөгет болып ұмытуға əкелсе, оны
проактивтiк (тежелеу ''алдын
ала əрекет ету'') дейдi. Ал кейiнгi iс-əрекеттiң бұрыннан есiнде сақталғандарына керi əсер
етсе,
ретроактивтi тежелеу (''артқа қарай əрекет ету'') дейдi. Мұндай ұмытудың
көрiнiстерi бiр-бiрiне жақын материалдарды үйренуде жиi кездеседi. Оқу жұмысында,
сабақ кестесiн жасауда осы мəселенi ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: