1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет4/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
АНА ТАҒДЫРЫ
11
тыпты. Өңінен қатты шаршағандығы білінеді. 
Қолын созып қуана ұмтылған қызына жақын-
дамастан, шеткерірек тұр. Кеуде кере ауыр-ауыр 
күрсінгені ғана байқалады. Ал анасы Ақілгек 
пен Ақмоншаққа жақын келіп, маңдайларынан 
сипады. Көзінен аққан жасы көйлегінің өңіріне 
тамшылайды. Ақілгекке қарап:
«Қызым, үш баламның ішінде сенің тартар 
азабың мол болғалы тұр. Бірақ сен шыда. Біздер 
үшін, бауырларың үшін шыда. Сонда саған тағды-
рың да жұмсарады, – деді кемсеңдеп. Ақілгекте 
тіл қатуға дәрмен жоқ. Бар болғаны көк аспандай 
тұнық көздерімен ата-анасының сұлбасына қарап, 
балаң санасына бейнелерін мәңгілікке көшіріп 
алып жатыр. 
Сөйтті де, алдымен әкесінің сұлбасы, артынша 
анасының сұлбасы ақша бұлтқа айналып, желмен 
тербеліп а-л-ы-ы-с-қ-а қарай жылжи бастады. Қа-
сындағы Ақмоншаққа қараса, оның да ап-айқын 
бейнесі бұлдырап, сағымға айнала бастапты. Сол 
сағым көз ілеспес жылдамдықпен қозғалып, бұлт-
қа айналған ата-анасының соңынан құлдырай жө-
нелді. 
«Ақмоншақ, Ақмоншақ, тоқта! Қайда барасың? 
Екеумізді Төленбай күтіп тұр. Кемеге мініп, бұл 
жақтан кетуіміз керек,» – деп айғайлаған Ақілгек 
өз даусынан өзі шошып оянды. Таң атып қалып-
ты. Ақілгек Ақмоншақты оятып көріп еді, ол тұра 
қоймады. Ақілгек сіңлісін көтерген күйі жайлап 
далаға шықты. Бұлардың бағына үйдегілер әлі 
ояна қоймапты. Енді тек жағалауға жетсе болды...
Бұлардың ауылы Үшсай портынан алшақтау 
жатыр. Көзін малмен ашып, мал ашуын жан 
ашуына балайтын қазақтар үшін теңіз жағала-


12
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
уынан гөрі кең жазира дала жайлы. Ал балық ау-
лауды, одан басқа да теңізбен байланысты кәсіп 
түрлерін көбіне қарақалпақ ағайындар атқарады. 
Сіңлісін бірде көтеріп, бірде арқалаған Ақіл-
гектің жүрісі өнер емес. Тумысынан нәзік, тал- 
дырмаш келген қыз болатын. Ата-анасының қаза-
сы жанына батқан, әрі ішер асқа жарымай жүрген 
бүлдіршін бұл күндері тіпті шөгіп кеткен. 
Міне, жағалауға да жетті. Енді ағасы Төленбай 
мен әлгі ағайды табу керек. Сол кезде Ақілгек-
тің жүрегі су ете қалды. Төленбайды да, кешегі 
ағайды да көрді. Төленбай қолын бұлғап, кеменің 
ернеуінен ұмтылып тұр. Ия, ия... кеменің ернеуі-
нен.... Ал кеме арман болған Қазақстанға қарай 
тартып барады. 
Ақілгек өзінің кешіккенін жаңа ұқты. Әке-ше-
шесін алғаш ұстап әкеткен күні қатты жылаған 
болатын. Қатты жылаған. Тіпті толассыз аққан 
жастан алма беттері қызара ашып, қос жанары 
солқылдай шаншып ауырған еді. Содан кейін қан-
шама теперіш көрсе де көзінен бір тамшы жас 
шықпай, сәби кеудеге беріш болып қатып қалған. 
Сол қатып қалған тоң еріп, ернеуінен тасыған 
өзендей көз шарасынан тасып, төгіліп жатты. Ата- 
анасынан айрылғаннан бергі тартқан азабы мен 
көрген қиыншылықтары жаңғырып келіп, дүлей 
күшпен соғып өтті. Ақілгек жерге етпетінен құла-
ды. Арқасындағы Ақмоншақ та бірге құлап, шы-
рылдап жылап жатыр. Ақілгек бұл жолы сіңлісін 
жұбатпады. Екі қолымен жерді тырмалап, алғаш 
рет тағдырына нәлет жаудырды...
Ақілгек өзінің жылап отырғанын енді байқады. 
Бірақ бұл жолғы жас қуаныштың жасы еді. Бо- 
йын билеген қайғының бұлты кері серпіліп, орнын 


АНА ТАҒДЫРЫ
13
бүгінгі тағдырына деген алғыс сезімі толтырды. 
Отағасы мен қызына қарап, кеудесін мақтаныш 
сезімі кернеді. Терең демалып, жан-жағына көз 
тастап еді айнала түгел көкпеңбек болып көрін-
ді. Көк аспан мен көк теңіз тұтасып кеткендей. 
Ашық аспанда қазбауыр бұлттар қалқып жүр. 
Бұлттар арасынан үш сұлба ап-айқын көрінді. 
Апыр-ау, мынау сонау жылдары түсіне кіріп, ақша 
бұлтқа айналған ата-анасы емес пе?! Ал қасын-
дағы кішілеу сұлба – Ақмоншақ. Көктегі сол үшеу 
кемедегі бұл үшеуге қол бұлғап, сәт сапар айтып 
тұрғандай.
Ия, сол бір зұлмат шақта ағасы Төленбайдың 
жолы болып, кемеге мініп кетті де, жағада зар 
илеп екі қыз қала берді. Күзге салым сіңлісі Ақ-
моншақ та шетінеп кетті. Одан арғы өмірін Ақіл-
гек есіне алғысы келмейді. Еске алатындай да еш-
нәрсе жоқ...
«Төленбай қайда екен?» деген ой келді Ақіл-
гекке. Тірі шығар?! Егер тірі болса, Қазақстанға 
барғасын бір жүздесер. Хат танып, сауат ашқан 
болар. Соғысқа барды ма екен? Егер соғысқа қа-
тысқан болса, одан елге аман оралса, отағасы бір 
іздеп табар. Өткен жолғы бір әңгімесінде отағасы 
«әскери адамды іздеп табу оңайырақ болады» деп 
қалған еді. 
Ақілгек жолдасына тәңіріндей сыйынады. Со-
ның айтқан әр сөзі заң. Сыйынбай қайтсін. Ақіл-
гекті тозақ тірліктен аман алып шыққан да осы 
Сейітмұхамбет болатын.
Ақілгектің жасы он алтыға толар-толмас шағы. 
Сол баяғы алыс жамағайындарының есігінде жүр. 
Сол үйдің ішкі де, сыртқы да бар тірлігі осы Ақіл-
гектің мойнында. Үй иелерінен қалған асты ішіп, 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет