1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Макрофагтар, құрылысы, даму көздері, макрофагтық жүйе туралы түсінік



бет11/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
11. Макрофагтар, құрылысы, даму көздері, макрофагтық жүйе туралы түсінік.
Макрофагтар (макрофагоциттер) (грек тілінен makros — үлкен, ұзын, fagos — жеуші) организмнің гетерогенді маманданған корғаныш жүйесінін жасушалык популяциясы. Макрофагтардың екі түрі болады: еркін және бекітілген,Еркін макрофагтарға борпылдак дәнекер тіннің макрофагтары немесе гистиоциттері, сірлі куыстардың макрофагтары, кабыну экссудаттарынын макрофагтары, өкпенің альвеолярлык макрофагтары жаткызылады. Макрофагтар организмде орын ауыстыруға кабілетті. Орныққан (резидентті) макрофагтар тобына кызыл жілік майының, сүйек және шеміршек тінінің (остеокласттар, хондрокласттар), көкбауырдың, лимфа түйінінің макрофагтары (дендритті макрофагтар), эпидерма ішілік макрофагтар (Лангерганс жасушалары), баланың жолдасының макрофагтары (Хофбауэр жасушалары), ОЖЖ макрофагтары (микроглия) кіреді.
Макрофагтардың көлемі мен пішіні олардың кызметтік жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Әдетте, кейбір түрлерінен баска (бөгде заттардың гигантты жасушалары, хондро- және остеокластылар), макрофагтарда бір ғана ядро болады. Макрофагтардын ядроларының көлемдері үлкен емес, дөңгелектеу, бұршақ тәрізді немесе пішіні дұрыс емес болып келеді. Оларда хроматиннің ірі түйірлері ажыратылады. Цитоплазмасы базофилді, лизосомалары мен фагосомалары және пиноцитоздык көпіршіктері көп болады (айыру белгілері), орташа мөлшерде митохондриялар, түйіршікті эндоплазмалык торлар, Гольджи кешені, гликогеннің, липидтің косындылары және т.б. болады.
Дамуына келер болсақ,Макрофагтар канның дің жасушасынан, сонымен катар промоноциттен және моноциттен дамиды Эксперименталды жануарларда борпылдак талшыкты дәнекер тінде макрофагтардың толык жанаруы, фибробласттарға карағанда, 10 есе тезірек жүреді.
Ал қызметі 
• бөгде затты жұту және әрі карай ыдырату немесе бөгде материалды онашалау;
• тікелей байланыс барысында залалсыздандыру;
• бөгде материал туралы мәліметті, оларды бейтараптандыруға мүмкіндігі бар, иммуноқабілетті жасушаларға жеткізу;
• организмнін корғаныш жүйесінің жасушалык популяциясына ынталандырушы ықпал көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет