1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Қан жүйесі туралы және оның тіндік компоненттері туралы түсінік. Қан табақшалары (тромбоциты), пішіндері, құрылысы, қызметі



бет7/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
7. Қан жүйесі туралы және оның тіндік компоненттері туралы түсінік. Қан табақшалары (тромбоциты), пішіндері, құрылысы, қызметі.
Қан жүйесіне қан өндіретін мүшелер – қызыл сүйек майы, тимус, көкбауыр, лимфа түйіндері, қан өндірмейтін мүшелердің лимфоидтық тіндерін және эпителий мен дәнекер тіндердің ішінде орналасқан қан жасушалары жатады. Қан жүйесі иммундық, лимфалық жүйелермен байланысы мықты. Қан жүйесі қоректік заттарды қабылдап, энергия бөледі. организмнің ішкі ортасы- қан мен оның пішіндік элементтері, лимфа ж/н ұлпа аралық сұйықтық. 
Тромбоциттер адамда ұсақ түссіз, ядросыз формалық элементтер. Қан айналымдағы ең кішкентай элементтер. пішіндері: сопақша, дөңгелек, немесе ұршық тәрізді, ал көлемі 2̶ 4 мкм болады. қанда топтасып орналасады ж/н екі бүйірі шығыңқы диск түрінде болады. Азур 2 эозинмен бояғанда ашықтау түсті шеткі бөлігі гиаломерден, күңгірттеу /қоңырлау аймағы – грануломерлерден тұрады. Олардың құрамы мен боялуы даму сатысына байланысты өзеріп отырады. Жас табақшаларарында гиоломер базофильді, көгілдір түске боялса, жетілген түрлері оксифилді, қызғылт түске боялады. Адам құрамындағы саны 2,0*10^9/л-ден 4,0*10^9/л-ге дейін жетеді. 1 айдан 1 ЖЫлға дейін балада 1,8-4,0*10^9/л болуы тиіс. ал 7-12 жаста 1,6-3,8*10^9/л болу керек.
Тромбоциттер агглютининденуге қабілетті болады, яғни кішкентай не үлкен топқа біріге алады. қан тамырларынынң қабырғалары бұзылғанда тіндерден тромбоциттердің, қан тамырларының қабырғалары коллаген талшықтарына жабысып қалады - адгезия. осы кезде тромбоциттерден тығыз түйіршіктер шығып, тромб пайда болады.
қан табақшалардың негізгі қызметі – қанның ұю үдерісіне қатысу арқылы организмнің зақымдануына қарсы не қан ағып кетуден сақтайтын реакция көрсету. Қан ұйығанда бұзылатын тромбоциттерден серотонин бөлене бастайды, ал ол қан тамырларының қабырғасының өткізгіштік қабілеті мен сол жердегі жазық моициттердің жиырылуына әсер етеді. 
иммундық реакцияларда қан табақшалары белсендіріле бастайды, қабынудың өсу факторлары мен қан ұю факторларын, бейтарап не қышқыл гидразалар мен вазобелсенді аминдерді, липидтерді өндіре бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет