1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Аумақты игеру және мәдени ландшафттың құрылымын қалыптастыру



бет11/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
18. Аумақты игеру және мәдени ландшафттың құрылымын қалыптастыру.
Аумақты игеру (лат. territorium — шектеулі кеңістік) — шаруашылық мақсатқа немесе жол және халық қоныстайтын елді мекен салуға бұрын тікелей пайдаланылмаған аумақтарды пайдалану.
Мәдени ландшафттар. Жер ресурстарын халық шаруашылығының жекелеген салаларында пайдалану динамикалық ауытқымалы, сондықтан антропогендік ландшафтар модификациясы үнемі өзгеріп, түрленіп отырады. Оның айғағы антропогендік кешендер туралы мәліметтердің жыл өткен сайын ескіріп, яғни жаңа сапалық және сандық көрсеткіштермен толығып отыруы. Бірақ, негізгі бағыт шаруашылықтағы жер көлемінің үнемі көбеюі. Жерді игеруде жіберілген қателер мен тиімсіз пайдалану әсерінен шаруашылықтық айналымнан шығып қалған жердің де ауданы артып отыр. Олар: бедлендтер, антропогендік карстер, карьерлер, тұзданған және батпақтанған территориялар, қозғалмалы құмдар мен өнеркәсіп-тұрмыстық қалдықтар жиналатын аймақтар. Сонымен қатар, кейбір елдерде жел мен су эрозиясына, қайтадан тұздануға ұшыраған жердің көлемі игерілген жердің ауданынан да артық екені белгілі. Қазіргі күні жер қорын пайдаланудағы өзгерістің нақтылы бағыты анықталған – ірі қалалар мен тау-кен өнеркәсібінің көлемінің артуына байланысты егіншілік, жайылымдық және орман алқаптарының ауданы кемуде. Бірақ, экономикалық жоғары дамыған, урбандалу деңгейі жоғары елдерде рекреациялық мақсатта қолданылатын жер көлемі жыл өткен сайын артуда. Сондықтан жер бетінде жыл сайын орман ағаштарының көлемі кеміп отыр. Сонымен, қоғамның дамуында ғылыми - техникалық революцияның қазіргі жетістіктеріне, халық санының - осының салдарынан табиғи ортаға антропогендік салмақтың артуына қарай табиғи кешендер сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Ол -өсімдік топтарындағы түрлік өзгерістер, топырақ қабатындағы ластану, құнарлықтың төмендеуі, эрозиялық шайылулар, химиялық элементтердің қарым - қатынасындағы ауытқулар, ластаушы ингредиенттердің жиналуы т.б. Осындай алуан түрлі көрсеткіштер антропогендік ландшафтар модификациясының өмір сүру ұзақтығына, территорияның игерілу деңгейі мен оның қарқындылығына тікелей байланысты. Антропогендік әсерден геожүйелердің табиғи тұрақтылығы, экологиялық сыйымдылығы нашарлап, өздігінен тазару деңгейі төмендейді. Сөйтіп табиғи кешендер қоғам мұқтажын қанағаттандыратын мәдени ландшафтармен ауысады. Мәдени ландшафтарға екі қасиет тән: 1) Жоғарғы өнімділік пен экономикалық тиімділік; 2) Адамның рухани дамуына, оның денсаулығын, өмірін жақсартуға қолайлы табиғи ортаны сақтау. Соңғы уақытқа дейін бұл көрсеткіштер бірге сирек қолданылып келді, ал аз уақыттық экономикалық тиімділікті орнату ортаның нашарлауына әкеліп соқты. Мәдени ландшафттарға қойылатын негізгі шарт – биологиялық ресурстардың жоғарғы өнімділігіне жету, оның эстетикалық сапасы мен санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту. Ыңғайына қарай мәдени ландшафтарда табиғи және техногендік қолайсыз жағдайларды: топырақ қабатындағы су, жел эрозиясын, шайылуды, батпақтануды, өзен, көл суларының тартылуы мен қалдықты химиялық элементтермен ластануын болдырмауға тырысу қажет. Бұл шаралардың барлығы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланумен тығыз байланысты және өндіріс технологиясын жоғары сатыда дамытуға ықпал етеді. Соңғы жұмысты жақсарту тікелей география мамандарының жұмысы емес, бірақ оларға жүктелетін жұмыс – мәдени ландшафтар қалыптасуындағы ғылыми стратегияны нақтылы өңдей білу. Өйткені тек ландшафтану мамандары ғана кешендердің қазіргі құрылымына, даму ерекшелігіне сүйене отырып әрбір жекелеген комплекске сай келетін жақсарту шараларын қолдана біледі. Дегенмен, әрқашан ландшафтардың табиғи даму тенденциясы қоғам мүддесіне сәйкес келмейді, сондықтан кейбір жағдайларда тұрақты тепе-теңдікті бұзып жасанды жаңа модификацияларды құруға тура келеді. Ландшафтарда жақсартудың үш негізгі бағытын ажыратады: 1) Әртүрлі мелиоративтік әдістерді пайдалану; 2) Оларды “күту, бағу”- олар: орман ағаштарында санитарлық кесулер, өртке қарсы шаралар қолдану, шаруашылықта пайдалану нормаларын қатаң сақтау; 3) Ішкі күштерден пайда болған қалпын сақтауға тырысу. Егер мәдени ландшафт шаруашылықта дұрыс қолданылмаған территорияларда құруға жоспарланса онда осыған сәйкес “емдеу” шараларын қолдану қажет. Мысалы, кесілген немесе өртке ұшыраған орманды алқаптарға қайтадан ағаш егу, карьерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет