1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет21/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Аристотельдің 10 категориясы туралы ілімге сүйене отырып әл-Кинди:
1) материя;
2) форма;
3) қозғалыс;
4) кеңістік;
5) уақыттан құралатын прасубстанциялар туралы өз ілімін (категориялардың араб аналогиясын) тұжырымдады.
Сонымен қатар Әл-Кинди өз заманы үшін революциялық мәні бар идеяны - адам ақылының дүниені тани алатындығын жариялады және ғылыми танымның ақиқат білімге апаратын үш сатысын жіктеді:
1) логикалық – математикалық;
2) ғылым –жаратылыстық;
3) метафизикалық (философиялық).
Әл-Кинди пікірінше, ақыл ғана таным көзі және өлшемі бола алады. Өзі қудалауға ұшырап, қолжазбалары өртелген Әл-Кинди ортағасырлық араб философиясында алғаш болып аристотелизмнің (шығыс перипатетизмінің) негізін қалады және арабтілді философияның ортағасырлық Европа мен Азиядағы прогрессивті философияға айналуына ықпал жасады.
Әл-Фараби (870-950) - Аристотель философиясын жүйелеуші, араб мәдени ойына бейімдеуші.
Әл-Фараби алғаш болып эманация туралы идеяны, Құдай құдіретінің толық емес екенін айтты.
Орта ғасырдағы Араб – мұсылмандық ренессанс тек халифат аймағын ғана емес, бүкіл төңірегіндегі Үнді, Парсы, Орта Азия, Мысыр, Испания сияқты мемлекеттерге де таралды. Соның ішінде барынша дамыған Орта Азия халықтарындағы түркі жұртына таралған ықпал айтарлықтай болды. Әлемге танымал болған, «екінші ұстаз» атанған қыпшақ даласынан шыққан әл – Фараби, медицинасымен әйгілі болған Ибн Сина т.б. астрономдар мен өнер иелері осының айғағы.
Соның бірі – Әбу Али Хусейн Ибн Абдаллах ибн Сина (980 – 1037 жж.) орта ғасырдағы тәжік философы, дәрігер. Ол сондай – ақ математика, астрономия, ботаника, геология, лингвистика, поэзия, музыка салаларында да көп еңбек сіңіріп, 400 жуық еңбек қалдырған. Оның 43 трактаты медицинаға арналған. Ең басты энциклопедиялық еңбегі – «Білім кітабы»: логика, физика, математика және метафизикаға арналған төрт бөлімнен құралған. Сондай-ақ «Нұсқаулар мен өсиеттер», «Емшілік каноны», «Емдеу кітабы», «Әділеттілік туралы кітап» т.б. әлемге танымал мұралар болған және «Жан туралы поэмасы» да терең философиялық толғамға толы.
Бұл да Аристотель мен Платонның және Плотиннің мұраларына сүйене отырып, өз ілімдерін дамытты. Негізгі философиялық мәселелерді зерттеу аймағы: субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс, дене мен жан сияқты метафизикалық мәселелер болған.
Ибн-Сина:
1) мұсылман теологтарының біржақтылығын, догматизмін әжуалады;
2) философияны діннен ажыратуға тырысты;
3) философия - адам ақылының жетістіктерін жүйелейтін дербес ғылым деп есептеді;
4) философиялық идеяларды жаратылыстану ғылымының, өзінің медициналық жаңалықтарымен негіздеді;
5) Құдайдың бар екенін мойындағанмен, оның құдіретінің шексіздігіне күмән келтіреді;
6) дүниедегі көптеген құбылыстар табиғи заңдар бойынша іске асады деп есептеді;
7) дүниенің «эманация» арқылы пайда болғанын қабылдағанмен, эманация процесі Құдай құдіретімен емес, табиғи қажеттіліктен туындайды деп санады;
8) «алғашқы қозғаушы күш» идеясына қарсы шықты, оны әрбір материяның ажырамас қасиеті - табиғи қозғалыс идеясымен алмастырды;
9) дүниедегінің бәрі (қоршаған дүние, табиғат, Құдай) материалды деп сенді;
10) жан ғана мінсіз және мәңгі;
11) құдай және қоршаған дүние - мәңгілік.
Араб – мұсылмандық философ – Әбу Хамид Мұхаммед әл – Ғазали (1058-1111 жж.) жүзге жуық еңбек жазған, өз дәуірінде «Шейх – ул - ислам» деген атаққа ие болған, сондықтан оған: «егер Мұхаммедтен кейін пайғамбар болатын болса, ол сөзсіз Ғазали болар еді» деген баға берілген. Негізгі шығармалары: «Философтар ниеті», «Бақыт алхимиясы», «Нұрдың орнын алу тәртібі», «Жұмыс өлшемі», «Інжілді бұрмалаушыларға нақтылы жауап», «Дін ғылымдарының қайта өрлеуі», «Тура таразы», «Адасудан арылдырушы» т.б. ол осы еңбектерінде құқықтану, философия, логика, теология, суфизмнің өзекті мәселелерін толғады да, онтологиялық – теологиялық, космологиялық, этикалық мәселелерге баса назар аударды.
Мәселен, Әл – Ғазалидың «Оған ұсынылған сұрақтарға жауаптары» деп аталатын туындысында әлемнің жаратылысы қарастырылады: «бос кеңістік», «жоқ», «пайда болу», «форма», «орын» тәрізді ұғымдардың ішкі мәнін сараптайды. Өзінің космологиялық пікірлерін тұжырымдай келе, ол: «кеңістікті бос деп санайтын бос деп отырған орта шын мәнінде сол ауа тұрған ыдыс сияқты... Демек, бос кеңістік мүлде бос емес, өйткені ол үлкен», - деп атап өтеді. Бұл физикалық бос кеңістік жөнінде түпкілікті таным: «бос кеңістік болса да, ол түпкілікті бос емес және бос болуы да мүмкін емес» деген классикалық тұжырымға жетелейді.
Ғазалидың космологизімі мен онтологиясы әрі қарай бос кеңістік туралы тұжырымды аша түседі: «Бұл бос кеңістіктегі дене бір орында тұрақтап тура алмас еді, не қозғала алмас еді. Дене бос кеңістікте өзінің жаратылысынан тыныштық қалпын сақтайды деп айта алмаймыз. Өйткені бос кеңістіктің бәрі өзара тең. Олардың арасында сапалық айырмашылық жоқ», - дей келе: «Сондай-ақ бір дененің ішіндегі екі нүктеде орналасқан екі жер болуы ықтимал дегенге тоқтауға болмайды.... Оның екі орны бар делік. Бірі – табиғатқа тән меншікті мекені, екіншісі – мүмкін болатын орын». Бұнда ойшыл онтологиялық мән монизмін айғақтайды. Демек, әлемнің біреу, жалғыз екендігін дәйектеуге мүмкіндік береді. Ғазалидың «бос кеңістік болса» деген моделі бойынша, дене ол жерде не қозғала алмайды, не тұрақтап тұра алмайды, яғни, өмір сүру мүмкін емес болып шығады. Бұдан шығатын қорытынды: дененің бос кеңістікте өмір сүруі де, бос кеңістіктің болуы да мүмкін еместігі туралы пайым.
Әл – Ғазалидың Бейболмыстық танымы теологизммен ұласып, әрі қарай күрделене түседі: «... Өйткені барлық пайда болатындар өздерінің пайда болғандарына дейін мүмкіндік жағдайында өмір сүреді, яғни, өзі жаратылғанға дейін жаратылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мүмкіндік не бір нақты нәрсе немесе соның елесі, әлдеқандай бір жоқ нәрсенің дерегі болуы керек. Егер ол әлдебір жоқтың дерегі ғана болса, онда пайда болушының пайда болуының мүмкіндігінің болмағаны. Әуел баста ол мүмкін болмаса, ол мүлде мүмкін емес болатын. Ал ол баста мүмкін емес болса, ол ешқашан пайда болмас еді, жаралмас еді. Бірақ бұл дұрыс емес».
Ойшыл ұстанған бұл ұстаным қарапайым логика бойынша: адам кез – келген нәрсені жасар алдында әуелі оның қандай болуы керектігі туралы идея құрастырады, олай болса, жоғарыда көрсетілген бастапқы мүмкіндіктер «құдайдың ойындағы идеяға» сәйкес келеді.
Әл – Ғазалидың тұжырымдамасы бастапқы Ештеңе, Жоқтық мәселелеріне қарай ойысады: «... жоқтың жаратушыдан еш тәуелділігі жоқ. Сонымен жаратушының әміріне тәуелді нәрсе – жаратылғанның барлығы, бірақ жоқтық емес. Бірақ егер жаратылғанның барлығы жаратушыға тәуелді болғанымен, бірақ ол барлықтан ілгеріге жоқ болғандықтан ғана тәуелді дер болса, бұл бар жоқтан соң дегенді ғана көрсетер еді. Бірақ бар жоқтан соң келеді деген бұл көзқарас тұрғысынан жаратушы оған ешқандай ықпал жасай алмайды, өйткені барлық жоқтан соң ғана пайда бола алады және ол өзінің табиғатынан жоқтан соң ғана туады. Барлықтың жоқтан соң келуі жаратушының құзырында емес»,- дей келе, ол өз тұжырымын әрі қарай жалғастыра түседі: «Рас жаратушы өз қарекетінен бас тартып, ештеме жаратпауға құзырлы, бірақ оның ілгеріде жоқ болмай тұрып, бірдемені жаратуы мүмкін емес».
Сондай-ақ Әл-Ғазали аристотельшілдік және Әл-Кинди мен Әл-Фарабидің «формаға» басымдылық беретін дәстүрлі идеяларын да қамтып өтеді: «Дененің жалаң формадан жасалуы да мүмкін емес. Өйткені форма өздігінен өмір сүрмейді, ол арқашан материямен байланыста. Егер форманы жасауға қабілеті арқасында да болса, онда не материя жеке өзінше аралық байланыстырушы түрінде болар еді, сөйтіп форма материяның себебіне, ал материя жаратылған дененің себебіне айналып, ақырында форма себептің себебі болып шығар еді, бірақ материяның өзінің материалық сипаты тұрғысынан болуы мүмкін емес». Яғни, Ғазалидің формализм тұжырымдамасы материя мен бірлікте қарастырылатын және бәрінен алғашқы болып табылатын мәнге тоғысады. Форма жеке дара емес, өздігінен материя бола алмайды, оның иманенттілігі шектеулі, материя шегінде ғана ашылатын экспликациялы. Демек, форманың жаратушылық ықпалы оның өзі үшін ғана емес, материя арқылы ғана өз мәнін ашады. Форманың сырттан танылған оқшаулығы түсіндіріледі.
Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198 жж.) - араб философтарының ішіндегі Европаға танымалы және әйгілісі болды.
Ибн-Рушд мұсылмандық Испанияда өмір сүрді және батысараб - европалық философияның өкіліне айналды. Ол Европаға кең тарап, католицизм мен схоластикаға қарсы шыққан аверроистік философияны жасады.
Ибн-Рушд философиясы - материалистік негізде және араб философиясының озық ойлары (Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина) мен жүйеленіп, өңделген Аристотель ілімінің синтезі түрінде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет