Байланысты: 1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келт-emirsaba.org
Е витамині. Құрылысы туралы түсінік, биологиялық рөлі, авитаминоз, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
Витамин Е, токоферол. Құрылысы/хим.табиғаты: Е дәрумені өзінің химиялық табиғаты бойынша туыстық қосылыстардың- токоферолдардың тобын құрайды. Токоферол молекулалары екі компоненттен тұрады: бензохинон туындысы болып табылатын хроманол сақинасы және изопреноид бүйір тізбегі. Е витаминіне токоферолдардан басқа α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар - сәйкес токоферолдардың аналогтары кіреді, олар соңғыларынан бүйірлік тізбекте қос байланыстардың болуымен ерекшеленеді. Ең үлкен биологиялық белсенділікті α токоферол көрсетеді.
Биологиялық әсері: Токоферолдың биохимиялық функциялары алуан түрлі:
Әсер ету механизмі бойынша токоферол антиоксидант, ол мембрана фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының оттегімен жанасуына кедергі келтіретін орында (гидрофобты комплекс тузіп) орналасып, мембрананы пероксидтік тотығудан қорғайды. Е витамині каротин мен А витаминінің молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен бірге) селенді глутатионпероксидазаның активті орталығының құрамына енгізіп, ферменттік антиоксиданттық қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін залалсыздандырады).
Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып, жасушаның оттегіні жұмсауын үнемдейді. Е витаминінің мембрананы тұрактандырушы әсерінен митохондрияда биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және митохондрияның басты антиоксиданты - убихинонның биосинтезін қадағалайды.
Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция жеңгейінде), гемнің, микросомалык цитохромдардың және басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.
Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын лизосомалардағы фосфолипаза А2 активтілігін төмендету кабілетіне ие.
Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін нығайтуға кабілетті тиімді иммуномодулятор болып табылады.
Авитаминозы: Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді Токоферолдыың жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, ми бөлімдерінің, әcipece мишықтың жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық құрылымдардың мембраналарының өткізгішітігінің артуымен, оларда липидтердің пероксидті тотығуының өнімдерінің жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының алғашкы сатыларында зақымданған тіндерден ферменттердің (креатинфосфокиназа, аланинаминотрансфераза) қан сары суына шығуы және қан сары суында липидтерің пероксидті тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Тәуліктік қажеттілігі: 20-40 мг
Тағам көздері: өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.