13. Нәруыздардың жалпы қасиеттері.
• Жоғары молекулалық масса
Нәруыздардың молекулалық массасы (протаминдердікі) 6000 дальтоннан (Да) он миллион Дальтонға (нуклеопротеиндердікі) дейін барады.
Нәруыздардың молекулалық массасын анықтау әдістері
Нәруыздардың молекулалық массасын анықтаудың негізгі әдістеріне гравиметрия, осмометрия, ультрацентрифугирлеу, гель-электрофорез, гель-фильтрация, гель- хроматография әдістері жатады.
Элементтік құрамының біркелкілігі
Нәруыздың құрамына кіретін негізгі элементтердің мөлшерінің бірдей болуы: С-53%, 0-22%, N-16%, Н-7%, S-2%.
Нәруыздық коэффициент
(НК) – 1 г азотқа сәйкес келетін нәруыз мөлшері:
НК = = 6,25
Нәруыздағы азот мөлшерін анықтап, оны 6,25-ке көбейту арқылы объектідегі нәруыз мөлшерін табуға болады: m = N х 6,25, мұндағы m – нәруыз мөлшері.
Нәруыз молекуласының пішіні
Кеңістіктегі конфигурациясына және пішіндеріне қарай нәруыз глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді.
14. Нәруыздардың жіктелуі.
Нәруыздар жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай нәруыздар тек қана амин қышқылының қалдықтарынан тұрады. Басқаша оны протеиндер деп атайды. Күрделі нәруыздардың қатарына амин қышқылы қалдықтарынан басқа нәруыз емес компоненттер кіреді. Оларды простетикалық топ деп атайды. Протеиндер негізінен қор және тірек ретіндегі нәруыздар болып табылады, ал протеидтер жасуша протоплазмасында ерекше роль атқарады. Жай нәруыздар:
Глобулиндер - әлсіз қышқылдық нәруыздар, суда ерімейді, бірақ сұйылтылған сілті, тұз ерітіндісінде жақсы ериді. Аммоний сульфаты ерітіндісімен қанықтырғанда тұнбаға түседі.
Бұршақ, астық тұқымдас өсімдіктерде көп кездеседі. Сүтте лактоглобулин, жұмыртқада овоглобулин кездеседі.
Альбуминдер - бейтарап нәруыздар, аса қанықпаған аммоний сульфатының ерітіндісінде және суда жақсы ериді. Аммоний сульфатының ерітіндісімен қанықтырғанда тұнбаға түседі. Глициннің мөлшері аз, күкірті бар, дикарбонды амин қышқылдары көбірек болады. Глобулиндермен бірге кездеседі. Сүтте - лактальбумин, жұмыртқада - овальбумин, күшті улы альбумин - рицин кастор майын алатын клещевина тұқымдарында кездеседі.
Гистондар - негіздік қасиет көрсететін нәруыздар, әлсіз қышқыл, сілті ерітінділерінде ериді. Этанолда (этил спирті) тұнбаға түседі. Жасуша ядросында нуклеин қышқылдарымен әлсіз байланысқан күйінде кездеседі. Олардың құрамында негіздік амин қышқылдары – лизиннің, аргининнің, гистидиннің 20-30 % болады.
Проламиндер және глютелиндер - астық тұқымдастарда болатын нәруыздар, 50-80% этил спиртінде ериді.
Склеропротеиндер - тырнақ, мүйіз сияқты қатты ұлпалардың құрамында кездеседі. Сілтілер мен қышқылдардың ерітінділерінде ерімейді. Кейбір ферменттердің әсеріне де тұрақты. Механикалық өте берік. Коллаген мен кератин жатады.
Суда ұзақ қыздырған кезде коллаген желатинге айналады. Коллаген теріге серпімділік қасиет береді. Кератин шаш және жүннің құрамында болады. Олардың құрамында күкірті бар амин қышқылы - цистеин көп болады. Коллагеннің ұзындығы 300 нм, көпшілігінің ұзындығы 4-20 нм артық болады.
Фиброин – табиғи жібек жібінің құрамында болады.
Спонгин – бұл губкаларда, маржандарда болады.
Күрделі нәруыздың құрамында кездесетін элементтер С, Н, N, O, S және фосфор, сирек темір, мыс, цинк, т.б. металл катиондары кездеседі.
Күрделі нәруыздың құрамында фосфор қалдығы, нуклеин қышқылы, металл катиондары, көмірсулар, майлар болады.
Нуклеопротеидтер - простетикалық тобы нуклеин қышқылдары болатын күрделі нәруыздар. Нуклеопротеидтер ағзада орасан зор роль атқарады, өйткені, олар тікелей өсу және көбею үрдістерінде, тұқым қуалау және түрлі заттар, оның ішінде нәруыз синтезіне қатысады.
Фосфопротеидтер - простетикалық тобы фосфор қышқылы болатын күрделі нәруыздар.
Гликопротеидтер – простетикалық тобы көмірсу болатын күрделі нәруыздар. Жануарлардың дәнекер ұлпаларында, бауыр, өкпе, сілекей сөлдерінде мукополисахаридтер болады. Биологиялық құнды гликопротеид –гепарин, ол қанның ұюын тежейді. Оны қан құю кезінде пайдаланады. Гепарин ірі қара малдың өкпесінен бөліп алынады.
Хромопротеидтер - простетикалық тобы металл катиондарынан тұратын бояулар, қанда гемоглобин, бұлшық етте – миоглобин, бұлардың құрамына порфиринді кешен кіреді. Оны гем деп атайды. Өсімдіктерде жасыл түсті Мg хлорофилдің құрамына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |