1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет57/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Демеулік шылаулар
Сөздің мағынасын түрлендіретін, оған әр түрлі мағына үстейтін, бүкіл сөйлем мәніне әсер етіп, оған түрлі эмодиональды өң беретін шылаулар демеулік шылаулар болады. Мысалы: – Қазір ше? – Оны кейін айтамын ғой (Б. М.). Бірінші мысалда демеулік шылау сұрау мағынасын беріп тұр, екінші мысалда сенімділік мағынасын қосып тұр.
Демеулік шылауларға мыналар жатады:
1. Сұрау мағыналы демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше. Мысалы: Жүдеген жоқсың ба ? (Б . М.). Ал батыста ше? (Б. М.).
2. Жалыныш, тілек мағыналы демеулік: Келе ғой, күнігешім, – деді әжем өзеуреп ( С. М.). Қарсылық қылмасаң, айта ғой (Б. М.).
3. Тежеу мағыналы демеулік: ғана (қана): Тек қана әкем келсін, бар тілегім әкемде... (Б. М.).
4. Күшейту мағыналы демеуліктер: ақ, да, де, ды, ді, ты, ті, ғой: Бұл сөзді Мариямның аузынан естуі-ақ мұң екен, Бөкен ұшып тұрды (Б. М.). Күлтай екі күндей жайдан-жай отырды да қойды (Б. М.). – Ауылды көрейін, көп жыл өтті... сағындым ғой, – деп, барған-ды (Б. М.).
5. Көңіл күйді білдіретін демеуліктер: -ай, -ау: Бәрекелді-ай, қонақтарға ет болмады-ау, – деді (Б. М.).
6. Сенімсіздік, кекесін мағыналы демеуліктер: мыс, міс (мыш); Қарымсақтың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. М.).
83-жаттығу. Демеулік шылаулардың қандай мағына беріп тұрғанын түсіндіріңіздер.
1. Ой, дариға-ай, елдің көркі жас екен ғой! (Б. М.). 2. Е, сенде көз бар да, менде жоқ па, шырағым-ау? (С. М.). 3. – Мүсәпірлер-ай, қайтсін, әжесінің жолы басқа ғой! – деп, олар да көздеріне жас алды. 4. – Мына келін жарайды ғой, осы кісіні сайлау керек, – деп, Раушанды нұсқаған-ды. 5. – Әй, Жамақай, абырой алмай-ақ, өлдің-ау! Осы сөзді манадан бері сен айтсаң ғой, абыройын аласың да кетесің (Б. М.).
Жалғаулық шылаулар
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды жалғаулық шылаулар дейміз. Мысалы: Бұл Ержанға да, өзіне де, өзгелерге де, риза болып кеткеннің белгісі еді (Т. Ахт.).
Жалғаулық шылаулар мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
1. Ыңғайлас жалғаулықтар: және, мен, бен, пен, тағы, әрі, да, де, та, те.
2. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, бірақ та, алайда, сонда да, әйткенмен, онда да, болмаса, әйтпегенде, әйтпесе, ал, дегенмен, әйтсе де, өйткенмен, сөйтсе де.
3. Талғаулық жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде, не болмаса, біресе, кейде.
4. Себептік жалғаулықтар: өйткені, себебі.
5. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, соның үшін, сол себепті, соның нәтижесінде.
6. Шарттық жалғаулық: егер, егер де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет