Қымызмҧрындық тойы мен ӛлеңдері
Қымызмҧрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытҧрым аталып
ҿтетін – қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмҧрындық ҽртҥрлі аталады.
Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмҧрындық, Сарыарқада биемҧрындық,
Шыңжаңда биебау, Моңғолияда бие байлар, т.с.с., бірақ бҽрінің мағынасы
бір. Қытымыр қыстан жҥдеп-жадап шыққан кҿшпенді ел жаз жайлауға
шығып, жадырап, сағынған сҥйікті сусынын, бҥкіл халық болып ішіп, нағыз
мейрамға айналдыратын. Жалпы, ҧлттық сипаты жағынан қымызмҧрындық
Наурыз мерекесі мен қҧрбан айттан бірде-бір кем тҥспейді.
Қымызмҧрындық мейрамын шартты тҥрде екі тҥрге бҿлуге болады.
Бірінші – бие байлар. Ел жайлауға кҿшкен соң сауылатын биелерді бҿле
бастайды. Ауыл ақсақалдары ҿзара кеңесіп, бҧл іске ерекше ден қояды,
желілерді тартқыздырады, асау биелерді ҧстау ҥшін мықты жігіттерді
дайындайды. Сабалар мен кҿнектерді ҽйелдер ҽбден жуып, желіге кептіріп
қояды. Жігіттер желінің жібін тартып, қазықтарын қағып, тоқпақтарын
сайлайды. Сҽскеге жақындағанда бҥкіл ауыл адамдары желінің басына
жиналады. Жылқышылар қҧлынды биелерді айдап ҽкеледі, дайын тҧрған
жігіттер қҧлындарды ҧстап, желіге байлай бастайды. Қҧлындарды байлап
болған соң, ҽйелдер мен қыздар желі басына піскен ет, қҧрт, ірімшік, тағы
басқа тағамдар ҽкеледі. Барлығы отырып, тамақ ішеді.
«Байлар кҿбейсін!» – деп тілектер айтылады. Желіге, айғырдың жалы
мен сауырына сары май жағады. Мҧны «бие байлар» деп атайды
1
. Бие
байлардан соң қымыз ашыту басталады. Ашытқысы барлар кҥнделікті
саумалды бір-біріне қоса отырып, қымызмҧрындыққа дайындалады.
Ашытқыны «ҧйытқы» немесе «қор» деп атайды. Ашытқысы жоқтар қымызы
ашыған ҥйлерге келіп, піспекке бір метрдей ақ мата байлап, «Тілегім де,
кҿңілім де ақ» деп, сабадан керегінше қҧйып алады. Ҥй иесі қымызға тіл-кҿз
тимесін деп, ҥкінің қанатын, болмаса ағаштың кҿкке қонып отырған жерін
кесіп алып, піспекке байлап қояды. Сабаның тҥбіне тас тастайды. Кейбір
байлар қымыз тҽтті болады деп сабаның тҥбіне желін жамбы тастаған.
Қымызмҧрындық қазақтың Ҧлыстың ҧлы кҥні – Наурыздан кейінгі
ҥлкен тойы. Ел жапа-тармағай мал соя бастайды. Байлар жылқы, орташалар
қой, одан тҿмендегілер тоқты, бағлан, ал, шамасы келмегендер қымыздың
ҿзіне ғана шақыра беретін. Кейде мал кҿп сойылған жылдары «қанжайлау»
болып кетті дегенді айтады ел. Қымызға арналған бата Қамбар атадан
басталады. Ҽр ҥйде дайындалған қымыздың жҽне тойдың қымызының басын
ҽйелдер ішеді. Мерекенің қымызын сол ауылға, елге, руға қадірлі ҽйел адам –
бҽйбіше, ҽже ішіп, бастайды. Қымызмҧрындықта ҽйелдердің арасында
«қатын кҥрес» ҿткізілген. Ҽйелдер кимешектерінің тҿменгі жағын беліне
байлап, ҿзара кҥрескен, бірақ та қыздарды кҥреске шығармаған. Сонымен
1
А.Тоқтабай жинаған материалдан.
62
бірге басқа тойларда кҿп кҿрсетіле бермейтін мешкейлер жарысы болған. Ҽр
ел палуан, мерген, қамшыгерімен, т.б. сайысшыларымен қатар мешкейлерін
де жарысқа ҽкелген. Халық арасында бір қойдың, бір қҧнан қойдың етін
бірден жеген мешкейлер жайында аңыз-ҽпсана кҿп. Қаппен жҥгіру (адамдар
қапқа тҥсіп, белдерін байлап, секіріп жарысады), айраннан ақша шығару
(айран толған местің ішіндегі шҥберекке тҥйілген теңгелерді тісімен тістеп
шығарады, бет-аузы тҥгел аппақ болады), т.б. мҧндай ойындардың бҽрін
кҿрермендерді кҥлкіге батыру ҥшін істелген дала театрының элементтері
деуге болады.
Қымызмҧрындықта ақсақалдар, рубасылар ҥй-ҥйге кіріп, қымыз ішумен
қатар сабаларға баға берген. Қазақ бҽсекешіл халық, сабаларды, шараларды,
ожауларды, тостағандарды бір-бірінен асырып, ҽдемілеп жасаған. Атақты
адамдардың, бидің, батырдың сабасынан, шарасынан қымыз ішу қҧрмет
болған. Қымыз ішудің салты (церемониясы) ҽлі толық зерттеліп болған жоқ.
...Қымызды аяққа (кесеге) қҧймас бҧрын қымыз батасы беріледі. Бата
аяқталған соң, сыйлы қонақ ҥй иесіне қарап, «бҧйырыңыз» дегенде, ҥй иесі
саптаяғын ҽкеліп, қонақ екеуі тҥйістіріп барып, іше бастайды. Қымыз ішіп
отырған кезде кіріп келген адамға, яки сҽлем беруі мен болмысы ҧнап
қалғандарды шақырып алып, ҿз саптаяғын ҧсынады. Ол адам сол жақтан, яки
қазан жақтан барып, ҿз қолымен қос қолдап алып, тҥгелдей тауысып ішсе де,
жартылай ішсе де, саптаяққа қайтадан қымыз қҧйғызып, қос қолдап иесіне
қайтарады да, тиісті орнына отырады. Мҧндай ҥлкеннің пейілі тҥскен
«ҧсыну» ҽркімге бҧйыра бермейді. Қымыз тойының ерекшелігі сол –
бҧрынғы кезде ру, ел басылары аса қҧрметті қонақ келсе, соған арнап
қымызмҧрындық жасап, ат бҽйгесін ҿткізіп, қарсы алған. Бҧл деректен ел
жайлауға шыққанда, бір мезгілде орындалатын мейрамға қарағанда, қазақтың
қонақжайлылық рҽсімімен белгілі бір оқиғаларға байланысты орындала
беретінін байқаймыз.
Қымыз тойы – қымызмҧрындықта да бірінші тілеу Қамбар атадан
басталады:
Жылқышы ата – Қамбар,
Ҽр тілеуіңді Қҧдай оңғар!
Биең кҿп болсын,
Бала-шағаң аман болсын,
Аллах акпар!
1
Қазақ фольклорында жылқы пірін, яғни жылқы жаратушысын
Жылқышы ата, болмаса Қамбар ата, кҿбінесе екеуін қосып, Жылқышы ата –
Қамбар деп атайды. Басқа мал пірлеріне қарағанда (Ойсылқара – тҥйе,
Шопан ата – қой, Шекшек ата – ешкі), қазақ пантеонында Жылқышы ата –
Қамбар ерекше тҧрады. Басқа мал пірлері тек тҿрт тҥліктің жеке саласына
байланысты ғана айтылса, Қамбар тек жылқының жаратушысы ғана емес.
1
А.Тоқтабай жинаған материалдан.
63
Мысалы:
Жол иесі Қамбар-ау!
Жер иесі Қамбар-ау!
Тілегімді оңғар-ау!
Бата жолдарында айтылып тҧрғандай, жолдың да, жердің де иесі Қамбар
екені кҿрінеді. Немесе:
Жылқышы ата – Қамбар,
Жарылқайтын ҿзіңнен кім бар,
Шірендіріп жатқыз, кҿсілдіріп тҧрғыз.
Жаз жайлауын жаусыз ет,
Дҥниеде мҧңсыз ет,
Толғатқанын ҧлды ет!
Тамырғанын май ет,
Бҽледен сақта, жаладан сақта,
Қауіптен сақта, қатерден сақта,
Ашыққан бҿріден сақта,
Аузы қанды ҧрыдан сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта!
Шыққан тауын биік ет,
Кімді жарылқасаң, соның қасында ет!
Кейде Жылқышы ата – Қамбар ҿз ҥйірін қорғаған айғыр бейнесінде
кҿрінеді:
Жылқышы ата – Қамбар ҥйірдің айғыры екен,
Қҧлындатып кҿбейткен байлығы екен.
Ел аузындағы аңыздар бойынша алғаш адам баласы биені сауып, сҥтін
қайнатып, қҧрт-ірімшік жасамақшы болады. Оларынан ештеңе шықпайды,
сонда Қамбар ата бие сҥтінен қымыз ашытып, сҿйтіп, халыққа ҥйретеді
1
. Бҧл
жерде Қамбар ата бейнесі жаратушы, пірден гҿрі нақты жасампаз қаһарман
ретінде кҿрінеді. Жоғарыдағы фактілерге зер салсақ, Қамбар статусы басқа
мал пірлеріне қарағанда ҿте жоғары: жол иесі де, жер иесі де, қысылғанда
кҿмек беретін ҽулие де, толғатқан ҽйелге ҿмірге ҧл ҽкелдіретін, т.с.с. Қамбар
атаға бҧлайша табыну – кҿшпенділер ҿміріндегі жылқының басқа тҥліктерге
қарағанда орасан ҥлкен маңызында болса керек. Тіпті, қарапайым ҿмірде де
қазақ қоғамында сиыршы, қойшы, тҥйеші дегендер ең тҿменгі сатыда
тҧрады, ал, жылқышы ҥй иесі – баймен бірге тҿрде отырады, қоғамдық
ҿмірдің барлық салаларына қатынасады. Жылқыларын жҧттан, жаудан, тағы
басқа қауіп-қатерден алып қалған жылқышыларға байлар қызын берген.
Диқаншылар ҥшін жаз бен кҥздің басы – ҿте қауырт кезең. Бҧл
уақыттарда егінді жинау мен астықты бастыру жҥріп жатады. Олар да
1
А.Тоқтабай жинаған материалдан.
64
ҽртҥрлі ырым-жораның, ойын-сауықтың араласуымен атқарылады. Ҽсіресе,
астықты қырман басына жинау процесіне ҥлкен мҽн берілген. Алты ай жаз
адақтаған еңбегінің нҽтижесін кҿрген қазақ еңбектенумен бірге қуана да
білген, қырман тойын ҿткізген. Егін орған кезде алғашқы баудан тҥскен
бидайдан, «егіс кҿже» жасап ішіп, ақсақалдар «қырман қызылды болсын!» –
деп, ақ батасын берген, Диқан бабадан кҿмек кҥткен. Қырман тойды ерте
кезде «қырман қандау» деп атаған. Қырман тойында бҥкіл ауыл жиналып
келіп, етке бидай салып, пісіріп, «ҽлім ботқасын» ішкен. «...Диқан бабаның
қҧрметіне арнап, қозы немесе лақты бауыздап, қҧрбандық асы – қҧдайы
берген. Тҥрлі белгілерге қарап отырып, Диқан баба немесе Қыдыр қырманға
келді деп жорығанда: «Диқан баба дарыды», «Қыдыр дарыды», – деп айтқан.
Ол бидайға саусағын батырады деп есептеген.
Бастыру кезінде мал айдаушы балалар малдарға арналған ҿлеңдер
айтқан, мысалы:
Оптыр майда, оп майда,
Майда болмай, болмайды.
Сабаны саған майда,
Дҽні маған пайда.
Немесе:
Оптыр майда, бидай пайда,
Диқан баба, майда-майда,
Береке бер, кҿп-кҿп пайда,
Дҽні маған пайда
1
.
Осы қырман басында бидай ҧшырып, қауыздан тазарту ҥстінде жел
болмай қалса, желдің иесін «Мірхайдар, Мірхайдар кел, кел, Мірхайдар!» –
деп шақыратын болған. Мҧнда да сол ежелгі замандағы ҽр нҽрсенің,
қҧбылыстың иесі, рухы бар деген тҥсініктің қалғанын кҿреміз.
Осылай егіншілікпен кҥн кҿрген диқаншылар кҥздің суығы келгенше
астығын жинап, таза бидайды қаптап, қамбасын толтырып ҥлгерген.
Кҥз айлары – малшылар ҥшін де жҧмысы кҿп мезгіл болатын. Жаздың
аяғы, кҥздің басында қозыны енесінен ажырату, биені ағыту, қҧлынды
желіден босату, киіз басу сияқты жҧмыстар атқарылатын. Бҧл істердің
кезінде неше тҥрлі ғҧрыптық шаралар орындалып, бата-тілек, ҿлең-жырлар
айтылған, мерекелер ҿткізілген. Мҽселен, қазан айының басында бие
ағытылып, қҧлын босарда «сірге жияр» немесе «сірге мҿлдіретер» ғҧрыптық
рҽсім ҿткерілген. Мал сойылып, қымыздың ақыры ішіліп, ақсақалдар бата
берген, береке мен есен-саулық, малдың қыстан қоңды ҿтуін тілеген.
Ҽрине, жыл мезгілдеріне қатысты халық мерекелері мен ғҧрыптары,
фольклоры бҧлармен бітпейді, олар кҿп. Алайда, кҿбісінің атауы белгілі де,
1
Кармышева Дж. Қазақтардың егіншілікке байланысты ҽдет-ғҧрыптары // Қазақ халқының дҽстҥрлері мен
ҽдет-ғҧрыптары. Алматы, 2005. 1-т. 110-111-б. Оп - ҿгіздер мен аттардың жҧптасқан тобы. Бастыру кезінде
солардың тҧяқтарымен бидай мен тары масақтары тапталған.
65
оның мҽтіні, мазмҧны беймҽлім. Ол мерекелерге қатысты фольклорлық
шығармалар да уақытында жазылып алынбаған. Сол себепті біздің
қолымызда ондай дҥниелер жоқ, маусымдық фольклордан, ҿзгерген тҥрде
болса да, сақталып жеткені – ислам дінімен байланыстылары. Соның ішіндегі
ең кҿрнектісі – жарамазан немесе жарапазан.
Достарыңызбен бөлісу: |