қҧрметке, сый-сияпатқа ие болады.
С.7.
2
тҥсініктерін жазған К.Іслҽмжанҧлы. Алматы, 1996. 46-б.
74
болатын келін тҥсіру тойында бата айтылмағанмен, келінге ҿсиет,
жастарға
бақыт тіленеді. Бҧл композициялық қҧрылым – тойбастарлардың барлығында
сақталатын қалыптасқан ҥрдіс. Соның ішінде той бастаушының ҿз дҽрежесін
асқақтата, серпіле жырлау дҽстҥрі, ақындарға тҽн шабыт шақыру, шарықтау
ҿрнегі ерекше кҿрінеді.
Тойыңды баста десе бастайтҧғын,
Бергенше біздер бастап саспайтҧғын.
Сҧрасаң, арғы атамды қол бастаған,
Ҿлең тҥгіл жауыңнан қашпайтҧғын
1
.
немесе:
Бҧл тойды кім бастайды мен тҧрғанда,
Аузымда алақҧйын жел тҧрғанда.
Бҧл тойды алдыменен біз бастаймыз,
Жол қайда шҧқанаққа кҿл тҧрғанда
2
,–
деп желпініп алады. Бҧдан ҽрі тойбастаушы:
Белгілі бҧл қазаққа тілдің желі,
Той екен жҧрт жиналған мерекелі.
Сҽрсенбі - сҽтті кҥні той жасапсыз,
Тойыңыз тойға ҧлассын берекелі
3
,–
деп, қҧтты болсын айтып, қыз ҧзату тойында арғы жағын кҿп жағдайда
ҧзатылатын қызға айтылатын марапатқа ҧластырады:
Тҥймедей басың сҧлу домаланған,
Жібектей шашың майда шҧбаланған...
Мҿлдіреп екі кҿзің тҧнжырайды,
Суреттей қойған жасап мірғарадан.
Айнадай екі бетің жарқырайды,
Айындай он бесінде қорғалаған.
Таудағы сен бір жатқан қызыл тҥлкі,
Ізіңе талай жандар қақпан қҧрған
4
,–
деп, барынша мақтай келіп, жҧбату айтады. Ал, жігіт ҥйіндегі тойда мҧндай
марапат айтылмайды, тек
той иесінің жомарттығы айтылып, кейде тойға
келген қонақтарды санамалап таныстыратын сҽттер болады.
Мҧндай сипаттауларда жалпы фольклорлық шығармалардағы сияқты
жалпылама суреттеулер кҿрініс береді. Онда ҧзатылып жатқан қыздың
1
Сонда. 47-б.
2
Сонда.
3
Сонда. 48-б.
4
Сонда. 50-б.
75
немесе жаңа тҥсіп жатқан келіннің нақты портреті, мінез-қҧлқы жоқ. Ондағы
айшықты сҿздер – баламалар, теңеулер
мен эпитеттердің барлығы да
дҽстҥрлі фольклордағы сҿз қолданыстардан кҿп ҧзап кетпейді. «Басы
тҥймедей», «шашы жібектей», «кҿзі қарақаттай», «жҥзі – он бесінде туған
айдай», т.б. деген сияқты болып келеді. Мҧндай суреттеуді кез келген қызға
қаратып айтуға болады. Демек, тойбастар кҿркемдік жағынан дҽстҥрлі
фольклорлық тҽсілдермен ҥндесіп жатыр.
Мазмҧн жағынан келгенде, тойбастар – той басталуының хабаршысы,
оның сҽн-салтанатын
арттырып, қызға, той иесіне мадақ айту, жас
жҧбайларға бата беріп, ақ тілек, ҿсиет айту сияқты тағылымдық ҿнегеге
қҧрылады.
Формалық жағынан тойбастарлар айтушының ыңғайына қарай ҽртҥрлі
болып келеді. Ақын-жыраулар айтатын тойбастарлар он
бір буынды жыр
ағымымен, шумақталмай, тҿгіле айтылса, кезектесіп айтатын сҽтте кҿбінесе
тҿрт тармақтан тҧратын қара ҿлең ҥлгісінде жырланады.
Достарыңызбен бөлісу: