12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Рулонды офсеттік машиналар



бет75/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   183
9.2. Рулонды офсеттік машиналар

Рулондық офсеттік машиналарының табақтық баспа машиналарымен салыстырғанда, негізгі артықшылықтары мынандай: басу жылдамдығының жоғарылығында, құрылымның қарапайымдылығы, бір айналым кезінде қағаздың екі жағында да көп бояулы басылым мүмкіндігі мен басудан басқа да жұмыстарда (мысалы: бүктеу, басылымды жинақтау т.б.) іске асыра алатындығында болып табылады.


Бірақ басу процесінің параметрлерін жеткілікті мөлшерде дәл реттеуді қамтамасыз ететін қондырғылардың бар екендігіне қарамастан, рулондық машиналарда көп бояулы сапалы өнімді барлық уақытта алу мүмкін емес. Оның себебі, ең алдымен, аса жоғарғы жылдамдықпен басу кезіндегі қағаз төселімінің тартылу ауытқуы мен қағаздың деформациялануы болып табылады. Оның үстіне, әрбір рулондық машина өлшемдерінің бір-біріне жақындауы екі басылымды басуға арналған, өйткені өлшемді тек қағаз рулонының ені бойынша ғана өзгертуге болады. Қағаздың техникалық қалдықтарға шығыны да көп (10% дейін).
Рулонды машиналарды қолдану аясы да кеңеюде, олар бір және көп бояулы бейнелі кітап-журнал басылымдарын, бәрінен бұрын, әр түрлі газеттерді орташа және көп таралымнан басып шығару үшін қолдануда. Рулондық машиналардың құрылымына және қызметіне қарай, оларда басылған өлшемдер бүктелген, тігілген немесе жеке парақ ретінде, кей жағдайларда тарқатылған қағаз, басқа рулонға қайта оралады.


Планетарлы тоғыз цилиндрлі басылым секциялы рулондық офсеттік машинаның сұлбасы
Рулондық машиналардың басылым бөлімдері әр үрлі сұлба бойынша құрылады: үш цилиндрлік, төрт цилиндрлік, планетарлық және аралас. Рулоннан тарқатылған қағаз екі бетінен басылады. Басылып шыққан өнім бүктеу аппаратының шұңғымасында ұзындық бағытында бүктеледі де, олардан кітап немесе журнал дәптерлері құрастырылып, қабылдау қондырғысына шығарылады. Мұндай құрылыстағы машиналар қажетті секциялардың қаншасынан болса да құрастырыла алады, бірақ, көбінесе олар екі-сегіз бөліктен тұрады. Көп бояулы машинаның әрбір бөлігінің арасына бұрылатын штангалар қоюға болады, олар қағаздың екі жағында да баспа-таңбалардың бояуларын кең көлемде өзгерте алады.
Төрт цилиндрлі сұлба боынша шығарылған машиналар құрылымдары жағынан шағын және үнемді. Олардың қағаз тарқатылуының жетегі қысқарақ, әрі қарапайым және көп бояулы басылым кезінде бояулардың дәл сәйкестенуін қамтамасыз етеді. Мұндай машиналар кітап-журнал және газет басуда кеңінен қолданылады.
Планетарлық құрылыстағы машиналар бесцилиндрлі көп бояулы немесе тоғыз цилиндрлі төрт бояулы секциялардан тұрады. Соңғы жағдайда машиналар қағаз төсемінің екі жағынан берілетін бояулардың саны жағынан онша қолайлы емес, бірақ бояуларды сәйкестендірудің жоғарғы дәлдігін қамтамасыз етеді және көп таралымды бояулығы 4+4 басылымдарды басып шығару үшін қолданылады.
Көп секциялы рулондық агрегаттардың технологиялық мүмкіндіктері аса үлкен рулон қағаздарын баса алады. Мұндай рулон қағаздардың бетіндегі бояу санын өзгертіп, олардың жинақталған, сыммен тігілген, көлемі әр түрлі басылымдарын алуға болады. Мұндай агрегаттар қажетті қондырғылармен: баспа-таңбаларды құрғату, бояудың былғануының алдын алу, қағаз рулондарын машина жүріп тұрғанда автоматты ауыстыру, резеңке маталы гильзаларды жуу, қағаз таспасын шаңнан тазалау, қағазда статистикалық электр зарядтарын болдырмау т.б. машинаны даярлау процесін жылдамдататын және басылым процесінің көптеген параметрлеріне автоматты қолдану және басқа да құралдармен жабдықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет