12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Қалыптың цилиндрді дайындау



бет78/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   183
Қалыптың цилиндрді дайындау негізінен қалыптық пластина саңылаулары арқылы екі жағынан пленкамен қысылады. Әдетте, табақтық офсеттік машиналардың цилиндрлерінде саңылаулар болады. Ол қалыптық пластиналарды қолмен дайындауға мүмкіндік береді. Қазіргі автоматтандырудың деңгейіне орай, басылым машинасының жұмысын тоқтатпай-ақ, қалыпты орнату және керу кезіндегі пайда болатын кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді. Бұл басқару пульті көмегімен шеңберлік, осьтік және диагональдық келтіру жолдарымен іске асырылады. Машинаны жөндеу, реттеу процесінде басылым қалыбын қолмен ауыстыру және жекеленген бояуларды реттеу көп уақыт алады. Автоматты жүйеде штивтерді қолдану пластиналарды ауыстыруды жылдамдатуға, оларды орнықтырудың дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді, мұның өзі бірінші алынған баспа-таңбаның өзінде-ақ бояулардың дәлдігін қанағаттандырады.
Офсеттік цилиндрді дайындау кезінде резеңке төсем офсеттік цилиндрге қысқыш планка және керілу жүйесінің көмегімен бекітіледі. Рулонды офсеттік басылымда кеңінен таралған алдыңғы және артқы қысқыш планкалы резіңке төсеніштер планкалардың құрылысы оларды тез ауыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, табақтық офсеттік машиналарда да жиі қолданылып келеді.
Бояу аппаратын дайындау —басылым қалыбына жағатын біліктер мен бір тегіс бояу беріліп, бояу беретін жүйені реттеу болып табылады. Егер басқа бояумен басу қажет болса, онда бүкіл бояу аппаратынан бұрынғы бояуды ерітіндісі бар жуатын қондырғының көмегімен кетіреді. Осыдан кейін, бояу жәшігіне қажетті бояуды құяды. Газеттік қара бояулар (тұтқырлығы төмен) газет агрегаттарының бояу аппараттарына бояу станциясының ыдыстарынан құбыр өткізгіш арқылы сорғыштармен беріледі.
Бояу аппараттары басылым қалыбының жеке бөліктеріне баспа элементтерінің сипаты мен аумағына қарай жағылатын бояу қабатының қалыңдығын реттеуге (арнайы шекте) мүмкіндік береді. Бояуды реттеу қалыптық цилиндр саңылауларының өзгеруіне және бояу жәшігінің пышағы мен дукторлық білік арасындағы саңылауды өзгерту арқылы, бояуды жағу бағыты бойынша беретін біліктен дукторлық білікте (немесе оның бұрылу бұрышында) қанша тұрғандығымен іске асырылады.
Бояу аппараттын алдын-ала реттеу уақытын автоматтандырылған жүйелерді пайдалану есебінен едәуір қысқартуға болады. Осы мақсатпен бояуды беру үшін қажетті мәліметтер санды басылымға дейінгі процестер бөлімінен немесе есептеуіш құрылғыдан басылым қалыбының параметрлерін өлшеу жолымен келіп түседі. Бояу аппарттарында пышақ орнына эксцентрлі цилиндрлер қолданылады, олар бояудың жайылуын және оның қалыптың баспа элементтерінің аумағына сәйкес, қажетті оптикалық тығыздықты қамтамасыз етеді. Жаятын цилиндрлер бояуды тасымалдау бөлктеріндегі аралықтарды нақтылап тегістейді.
Қалыптық цилиндрде технологиялық ойықтардың болуына байланысты, бояу аппараттарынан үнемі бояу беріліп тұрмайды. Бұл басылым қалыбы қабатының қалыңдығында ауытқулар жасайды. Ол бояуды баспа элементтерінің аумағына сәйкестендіріп қабылдайды. Бұл бояу қабатының қалыңдықтары аз да болса, басылымның сапасына кері әсер етеді. Басылым қалыбының шеңберіне жағылған бояу қабатының қалыңдығын жаятын цилиндрдің ілгері-кейін қозғалысының фазасын өзгертумен реттеуге болады. Сондықтан, бояу аппаратының қозғалысын басылым қалыбының құрылымының айналымына байланысты реттеуге болады. Бояу аппаратының жаңашыл құрылымы қашықтан дистанционды реттеуге мүмкіндік береді. Жаятын цилиндрдің режимін дұрыс пайдалану мақсатымен бояуды беруді басуға дейінгі процестердің мәліметтері бойынша алдын-ала реттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет