12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басылым процесінің тәртібі



бет81/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183
Басылым процесінің тәртібі. Бүкіл таралымның баспа-таңбаларының ұқсастығын қамтамасыз ету үшін, басылымның бекітілген оңтайлы ережесі қатаң түрде тұрақты болуы керек. Ол ылғалдайтын ерітінді мен бояудың басылым қалыбына ең аз деген қажетті мөлшерде беріліп тұрғанында басылым қондырғысының цилиндрлерінің араларындағы оңтайлы қысым болып, ылғалдайтын ерітіндінің РН-ы тұрақты болса, басу бояуының қасиеттері мен оның баспа-таңбада бекінуінің белгіленген жылдамдығы өзгермесе, қағаздың ылғалдылығы мен оны басу аумағына берудің қажетті дәлдігі, басу жылдамдығы тұрақты болған жағдайда орындалады. Аталған факторлар басылым процесінің ережелерімен тығыз байланысты. Тіпті, олардың біреуінің өзгеруі басылым өнімінің сапасының төмендеуіне немесе жарамсыздығына (брак) алып келеді. Баспа-таңбалардағы графикалық, градациялық және түсті бұрмалаулар – алдымен, жазық офсеттік басылымның күрделі ережелерін – басылым қалыбындағы «бояу – ылғалдағыш ерітінді» балансының бұзылуының салдары. Мұндай қиындықтар бояу мен ылғалдайтын ерітіндіні тұрақты мөлшерде беру қажеттілігімен де, олардың араларындағы өзара әрекеттесу мен тебу күштерінің бар екенділігімен де байланысты.
Басылым қалыбына артық берілген ылғал ерітіндісі қағазды деформациялап қана қоймайды, сонымен бірге, бояудың қағаз бетіне көшуін азайтады. Сондай-ақ, ылғалдайтын ерітінді бояуға тиген кезде, оның физика-химиялық және баспа-техникалық қасиеттерін өзгертіп, баспа-таңбалардың сапасын төмендетеді. Басылым қалыбының жеткіліксіз ылғалдануы гидрофильдік пленканың мерзімінен бұрын тозуына және ашық элементтердің басылым бояуымен тегістеліп кетуіне алып келеді.
Басылым қалыбына бояуды шектен тыс артық беру баспа-таңбадағы бейненің анықтығын бұзады және бояудың оған беку уақытын ұзартады. Бояуды аз берген жағдайда баспа-таңбадағы бояу қанықпаған болып шығады. Басылым қалыбына берілген бояу мен ылғалдың оңтайлы мөлшерін көптеген факторларға: бейненің сипатына, басылым қалыбының түріне, қағаз бен бояудың қасиеттеріне, басу жылдамдығына, цехтағы температураның жағдайына т.б. қарай белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет