12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет80/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   183
9.5. Таралымды басу


Үлгі баспа-таңбасын алу. Офсеттік сынама басылымның технологиялық процесі даярлау жұмыстарынан (қағазды, бояуды, станокты дайындау), баспа-таңбалардың жинағын басудан, олардың сапасын анықтау және қорытынды операциялардан (кесу, бүктеу, іріктеу) тұрады.
Қағаз бетінің жағдайы мен физика-химиялық қасиеттері, көп жағдайда, бояудың берілуі мен құрастырылушы бейненің сапасын анықтайды. Сынама және таралымды басылым үшін қасиеттері әртүрлі қағаздарды пайдалану шкалалық баспа-таңбаларының сапалық үлгісі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, сынама басылымды осы баылымның таралымын басуға арналған бояулар қолданылады. Түрлі-түсті сынама басылым үшін, үштік бояулардың оптикалық қасиеттерінің – мөлдірлігі, жылтырлығы, қарқындылығы, түс параметрлері мен түстік ауытқу шамасының маңызы өте зор. Үштік бояудың мөлдірлігі стандартты көгілдір – 10 баллдан кем емес (мөлдірліктің ең жоғарғы көрсеткіші), қарақошқыл – 9 кем емес және сары – 8 баллдан кем емес.
Машинаны басылымға дайындағанда реттеуді, әдетте, машинаның жүрісі баяулаған кезде жасайды, оның жұмыс жылдамдығы қажетті режимдерге әр уақытта сәйкес келе бермейді. Сондықтан, барлық дайындау операцияларын аяқтағаннан соң, машинаны жұмыс жүрісіне қосады, бояу мен ылғал ерітіндісінің берілу режимін түзетеді, көп жағдайда баспа-таңбалардың сапасы осыған байланысты және сынама бақылау баспа-таңбалар басылады (табақтық машинада – 300 – 500 дана, рулондықта – одан да көп).
Басылымның тәсілі мен оның бояулылығына қарай, баспа-таңбада сапаның барлық көрсеткіштерін: бейнелі элементтердің берілу дәлдігі, бояудың түсі мен реңділігі, олардың сәйкестілігі, жолақтардың дұрыс орналасуы, бүктеу мен дәптер көлемінің дәлдігі, белгілердің дұрыс орналасуы, басылған өнімді одан әрі өңдеу т.б. мұқият тексеріледі.
Бақылау баспа-таңбаларды баспаханада бекітілген сынама баспа-таңбалармен салыстырады. Бұдан кейін өнімнің сапасын тексереді, олар бейнелі және болашақ басылымның жиектерінен тыс орналасады (олар келесі кезеңде кесіліп алынып тасталады). Қажет болған жағдайда, машинада салыстырмалы қосымша жөндеулер жүргізіледі. Бекітілген сапа мөлшерінен ешқандай ауытқулар болмаса, онда бақылау оттискісін басуға қол қойылады, ал осыдан кейін, бүкіл таралымды басу үшін ол үлгі баспа-таңбасы (парақ) болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет