12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Шығыңқы басылым машиналары



бет85/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   183
Шығыңқы басылым машиналары

Флексографиялық


Қағаз түрі бойынша
Рулонды

Парақтық

Басылым құрылғысының


құрылымы бойынша
Жазық баспа табақтық


Ротациялы

Тигелді

Қағаздың басылған беттері


бойынша
Екі жақты

Бір жақты

Бояулылығы бойынша


Екі немесе көп бояулы

Бірбояулы

Пішімдері бойынша



Кіші пішімді

Кіші, орта және үлкен пішімді


Шығыңқы басылымның басылым машиналарының ірілендірілген түрлерінің сұлбасы

Өнім басуға машиналарды дайындау жұмыстары


---- басылым қондырғысы мен бояу аппаратын дайындау;

  • қағаз бен жабдықтау және шығару-қабылдау қондырғысын дайындау;

  • сәйкестендіру және реттеу;

  • былғануға қарсы, құрғату және басқа да құрылғыларды (машинаның типі мен оның автоматтандырылу дәрежесіне қарай) дайындау;

Жазық басылым машиналары соңғы он жылдықта, орта және шағын баспаханадағы жоғарғы басылым табақтық бір және көпбояулы машиналармен салыстырғанда, жоғарғы топты құрайды. Олар пішімі және құрылысымен өзгешеленіп ерекшелінеді, әмбебап әртүрлі бір және көп бояулы өнімдердің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Олар үшін шығыңқы басылымның кез-келген түрі жарай береді. Дегенмен де, жылдамдығының баяулығына байланысты (4,0–4,5мың цикл/сағ дейін) жазық басылым машиналары, көп жағдайда, табақтық ротациялық және офсеттік басылым машиналарынан артта қалған.


Қазақстан нарығы орау-қаптау, этикетка және газет өнімдерін шығару үшін қолданылатын флексографиялық басылым әдісімен толығуда.
Флексографиялық басылымның басты ерекше белгілері баспаханалық басылыммен салыстырғанда икемді, жұмсақ бояу беру процесін өзгертуге мүмкіндік беретін басылым қалыптарын қолдану болып тбылады.
Иілімді (жұмсақ) басылым қалыптарын және арнайы іріктелініп алынған басылым бояуларының көмегімен, сіңіретін және сіңірмейтін материалдарда түстердің бай палитрасын алуға болады.
Сұйық басылым бояуы растрлы жағатын біліктің ұяшықтарымен, растр сызығы 200 ден 600 сыз/см (керамикалық немесе хромдалған бет) баспа элементтерге тегіс жағылады. Қалыптық цилиндрде резеңке немесе синтетикалық материалдан жасалынған клише бар.
Басылым цилиндріндегі қысым бояудың басылатын материалға көшірілуін қамтамасыз етеді. Флексография өте жұқа иілімді қаңылтырда, фольгада, басылым қағазының барлық түрлерінде, қалың қатырмада, беті тегіс емес орау материалдарында және маталарда баса алатын бірден-бір басылым әдісі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет