12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет84/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   183
(Флексография)


10.1 Шығыңқы басылымның басылым машиналары.
Табақтық басылым машиналары
3.4 Шығыңқы басылым машиналарының базалық апараттарының схемасы және басылым процестері.

Шығыңқы басылымның басылым машиналары қазір шығарылмайды. Бірақ біздің елімізде қазір бір-бірінен көптеген белгілері бойынша ажыратылатын әртүрлі машиналр қолданылып келеді. Олардың жазық офсеттік басылым машиналарынан негізгі айырмашылығы – басылым секциясында офсеттік цилиндр мен ылғалдағыш аппараттардың жоқтығында. Сонымен қатар, олардың басылым қондырғылары ротациялық принциппен емес, тигельдік және жазық басылым типтері бойынша жасалынуы мүмкін. Соңғы кездерде шығарылуының азаюына байланысты, жоғарғы басылымның басылым машиналары басқа нақтылы (классика) басылым әдістеріне қарағанда, аз дәрежеде автоматтандырылған.


Тигельді басылым машиналары бір бояулы табақтық машиналар арасында аз ғана топты құрайды. Олар кіші пішінде сипатталынады (шамамен 30х42см), өнімділігі төмен, сол сбептен, кішігірім кәсіпорындарда торалымы аз, кіші пішінді өнімдер шығаруға арналған.
Машинаның жұмыс істеу принципі. Қағаз беретін құрылғы салу столына қағаз табақтарын береді, оларды айналып тұрған басылым цилиндрінің қабылдап, талердің жұмыс қозғалысы басталады (оңға қарай). Ол қозғалғанда басылым қалыбына бояу аппараттарының білігі басылым бояуын жағады. Цилиндр төмен түседі де, басылым қалыбы қағаз табағымен жанасады. Цилиндр бірінші айналым жасағанда баспа-таңба алынады. Содан соң, цилиндр көтеріліп, оның екінші айналымы басталады, талер басылым қалыбы мен басылым цилиндрінде жанаспай, бастапқы (солға) қалпына келеді. Жағатын біліктер басылым қалыбына тағы да бояу жағады. Цилиндрдің екінші айналымында (талердің бос жүріп тұрғанында) алынған баспа-таңба табақ қағазды шығаратын транспортердің қыстырғыштарына беріледі де, олар оны қабылдау столына береді. Баспа-таңбаларды түзу бумаға жайғастыруды табақ тежегіш қондырғысы мен механикалық итергіштер қамтамасыз етеді.
Жазық басылым машиналары әр түрлі тежеуіш қондырғылармен (мысалы: қағаз беретін аппараттың бір уақытта екі парақ берген немесе парақты бермей қалған жағдайларында машинаны автоматты ажырату үшін) былғануға қарсы аппараттар мен баспа-таңбаларды бумаға салған кезде бояудың өнімнің екінші жағына жағылуынан сақтайтын ұнтақтарды шашатын аппарат, қағазда пайда болатын статикалық электрді бейтараптандырғыштармен т.б. жабдықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет