12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Баспа-таңбалардың сапасын бақылау



бет82/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   183
9.6. Баспа-таңбалардың сапасын бақылау

Басылым бейнесінің сапасын, іс жүзінде, бояудың берілуі мен сәйскестігі анықтамайды. Бейнелердің өздері де, ұсақ бөліктермен қаныға алады, олар баспа-таңбаның сапасын төмендетеді, сонымен қатар, бейнелердің солғындау (кемістіктер) болуы мүмкін, олар басылым процесі кезінде қағазбен тікелей байланысты, бірақ өлшемді элементтерде көрініс таппайды. Мұндай кемістіктер, мысалы, қағазды дұрыс жүргізбеуге, қыртыстануға байланысты немесе «былғаныштар» офсеттік төсемде қағаз шаңының және бояудың жабысуына байланысты пайда болады.


Басылымның сапасын бақылау үшін, атап айтқанда, рулондық офсеттік машинаның жұмыс істеу кезінде, оптикалық көзбен бақылау аспаптары қолданылады. Бақылаудың мұндай жүйелері жоғары санатты күрделі фотожүйелерде іске асырылады. Экрандағы бейне бойынша репродукция сапасының ауытқуын анықтауға, бақылау белгілері бойынша ауытқуларды анықтап, бағалауға болады. Сонымен қатар, жақсы калибрленген (заттың (түстің) мөлшерін дәлбелгілеу) түсті мониторларға түпнұсқа мен баспа-таңбадағы бейненің араларындағы түстік сәйкессіздіктерді анықтауға болады.
Машинаға орнатылған жоғарғы мүмкіндікті камераның көмегімен мониторда ұсақ келтіру белгілері көрінеді, орналасуына қарай, бояудың сәйкестігінің үлгі шамадан ауытқуы анықталады. Олар басылым процесінің барысын бақылай алады, басып шығаратын өнімнің сапасын үздіксіз сараптап, түзетулер енгізеді.
Басылым алаңының қозғалысын бақылайтын камерасы бар бақылау жүйелері, тек, рулондық басылым машиаларында ғана кездесіп қоймайды.
Табақтық офсеттік басылым үшін де осындай жүйелер қолданылады. Олар бүкіл бейнені де, оның жеке бөліктерін де тізімдеп, сараптауға мүмкіндік береді.
Бақылаудың келесі түрі, табақтық офсеттік басылым машинаның қабылдау жүйесінде орналасқан – қадағалау жүйесі. Бұл жүйе, тек шығарылған парақтарды сараптайды. Мұндай жүйелер техникалық қиындықтар туғызады және бояуды автоматты беру мен реттеуді талап ететін сапаның бағасын қамтамасыз етуге жағдайы келе бермейді.
Табақтық басылым машиналарындағы басылымның сапасын бақылау жүйесі – бұл «тізбектегі» бақылау жүйесі. Оған қойылатын технологиялық талаптар: қажетті ажыратқыш пен түс беруді, жеткілікті жұмыс жылдамдығын, жұмысты жазу және мәліметтерді өңдеуді, басылым парақты цилиндрде сканерлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
Өлшенетін және үлгі бейнелерін салыстыру бейнелерді өңдеудің бағдарламалық құралдарын қолдану арқылы іске асырылады. Нақтылы және берілген параметрлер араларында ауытқулар табылған жағдайда реттеудің әр түрлі түрлері қолданылуы мүмкін. Мысалы, экранда сәйкестендірілмеген бөліктері бар бейне жаңғыртылады да, оператор оны реттеуге кіріседі. Табылған басылым ақаулары (кемшіліктері) ескерту белгілерінің көмегімен немесе қабылдау стапеліндегі таңбалау жолақтарын салу жолымен тіркеледі. Таңбалау кезінде сұрыптаулар қолмен жасалынады.
Қосарланған қабылдау қондырғыда лактау аппаратының қос түсті камера жүйесін пайдаланып, оттискінің сапасын бақылау жүйесінде макулатураны (жарамсыз қағаздарды) қабылдау үшін аудармалы бағдарлағыштың көмегімен макулатуралық ақаулар, парақтар автоматты түрде сұрыпталынады. Бұл офсеттік қағаз бетіндегі май тамшылары, бояу және түстердің ауытқушылықтары тағы басқа болуы мүмкін. Мониторда ақаулардың көрсетілуі (ескерту белгісімен бірге) қажетті бақылау түрінде іске асыруға мүмкіндік береді. Оптикалық электроника, мүмкіндіктері мол бейнекамералар, компьютерлер, бейнелерді өңдеу мен бағдарламалары бұл салада көптеген жаңа шешімдердің пайда болуына мүмкіндік береді. Басылымның түрлі әдістері үшін арнайы жүйелер ойластырылып жасалуда. Офсеттік және ойыңқы рулондық басылымда қағазды өткізудің бақылау жүйелері кеңінен қолданыс табуда. Басылым сапасын бақылайтын, баспа-таңбаның саласын тексеретін және өлшейтін автономды қондырғылар жұмыс істейді.
Басылып шыққан өнімнің сапасы реттестіру нормативті техникалық құжаттарға (НТҚ) сәйкес, арнайы талаптарды қанағаттандыруы қажет, атап айтқанда:

  • шеттерінің жыртылуы, қыртыстар, жабысулар, бұрыштардың бүгілімдері, май таңбалары, бояулардың жағылуы, бояулардың парақтары екінші жағына өтіп кетуі, тағы басқа да ақаулардың жоқтығы;

  • таралымдық баспа-таңбалардың ұқсастықтары және олардың қол қойылған парақтарға, түстік реңнің үлгісіне, элементтің өлшемі мен сипатына сәйкес болуы;

  • көп бояулы баспа-таңбаларда бейнелердің сәйкестілігінің қажетті дәлдігі болуы керек (ауытқу +0,10 – 0,20мм артық болмауы керек);

  • алаңның қажетті өлшемі және беті мен сыртқы жақтарының сәйкестігінің дәлдігі (екі жақты басылымда), қағаз тарқатылымының кесілуі мен дәптерлердің бүгілуінің (бүктемелі өнім үшін) дәлдігін сақтау;

  • бір- және көп бояулы баспа-таңбалардың оптикалық тығыздығы берілген мәнге (қағаз бен бояудың түрлеріне қарай) сәйкес келуі қажет;

  • басылымның барлық таралымы бір сұрыпты, бір реңді, салмағы бірдей қағазда болуы қажет. Сапа көрсеткіштеріің шектеуін белгілеу басылым өнімін шығарудың технологиялық процесін жобалауда оның түріне, тағайындалуына және басқа да жағдайларға байланысты белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет