120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Моғолстан мемлекетінің экономикалық, саяси және әкімшілік құрылысы туралы жазыңыз



бет28/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84
48.Моғолстан мемлекетінің экономикалық, саяси және әкімшілік құрылысы туралы жазыңыз
Саяси тұраксыздык орын алган күрделі кезенде билік басына келген Тогылык-Темір хан
елдін ішкі-сырткы жағдайын жаксартып, XVI гасырын басна дейін билік еткен әулеттін негізін калады. Хандыктын бүкіл аумагын біріктіріп, бір орталыкка багындырады.
Мемлекеттін орталығы Алмалык каласы болады.
Хан оөзінін билігін бурынгы калыптаскан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстык баскару жүйесін сактауынан көруге болады. Дулат тайпасынын мұралык лауазымы жогары ұлысбегі деген атагын сол калпында калдырады. Салык жинауда кейбір жана шаралар колданылады. Мусылман дінін мемлекеттік дін ретінде кабылдайды. Тогылык-Темірге дейін могол билеушілерінін ислам дініне енуі баяу журіп келсе, енді хан бул маселеге ерекше көніл белген. Мырза-Мухаммед Хайдардын жазуы бойынша, бір кунде 160 мын адам ислам дінін кабылдайды. Ханнын буйрығы бойынша дінді кабылдамаган әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде катал тәртіп орнатады.
Тогылык-Темір өзінін сырткы саясатында Шагатай ұлысынын кезінде орныккан Орта
Азия жеріндегі билікті калпына келтіруте әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары
Мауараннахрга екі рет сәтті жорык жасап, баласы Ілияс-Кожаны Мауараннахрдын хан тагына отыргызып кайтады. Моголстанга оралган Тогылык-Темір хан каза болады. Өзінің мурагерлік құқын реттеп кайту ушін Ілияс-Кожа Моголстанга кеткен кезде Орта Азиядаты жагдай күрт озгереді. Тогылык-Темірдін тірі кезінде оган тауелдікті амалсыздан мойындап журген Әмір Темір енді Мауараннахрдаты билікті оз кольна алу ушін, Ілияс-Кожага карсы шыгады. Әмір Темір мен Ілияс -Кожа ханнын арасында бірнеше рет кактыгысулар болады. Могол ханы женіліске ушырайды. Сонры женілістен кейін Ілияс-Кожа Моголстаннан жана эскери куш жинап келіп, кайта согысады. Ташкент каласынын манында 1365 жылы 22 маусмда екі жактын арасында шешуші "Батпак шайкасы" болады. Жазба деректердін хабарына караганда, кесікіліскен шайкас болганы соншалыкты, екі жактан 10 мынга жук адам курылган. Шайкаста Ілияс-Кожа хан женіске жетіп, Әмір Темір кашып құтылады.
Д) ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Орта Азия мен Қазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында монғол билеушілері Темучиннің мейрейі үстем болып ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдыретті билеушіге айналды.
Ол белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй (Есікей) бахадур отбасында кейбір мәліметтер бойынша 1162, екінші дерек бойынша 1155 жылы дүниеге келіпті. Монғол аңызына сүйенсек, Темучиннің әкесі қият-борджигін руынан, анасы қоңырат қызы. Әкеден ерте айырылып Темучин жастайынан көп қиыншылықты басынан кешіреді. Ержеткен соң сенімді жігіттерден қол жинап, ержүрек жауынгер деген атқа ие болады. ХІІ ғ ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейттер ұлысының билеушісі Тоғұрыл Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды рөл атқарды. Керейттердің наймандармен, монғол тілдес татарлармен,меркіттермен соғысында ол оның вассалы ретінде шайқасты.
1185 ж. Ван ханмен Темучин бірігіп Селенга өзенін сағалаған меркіт тайпасын талқандайды. Осы жеңістен кейін Темучинге барлас, жалайыр т.б. рулар келіп қосылады.
1198 ж.екеуі татарларды талқандайды. Темучин жол жөнекей татарларға қарсы соғысқа қатыспағаны үшін Керулен өзенінде отырған монғол тайпасы джуркінді талқандап оның басшысын өлтіреді.
1199 ж. Темучин мен Ван хан найман хандарының бірі Бұйрыққа шабуыл жасайды. Әскерін жинап үлгерменеген Бұйрық хан жеңіледі. Енді Темучинге Бұйрық ханның бауыры Даян хан әскерін жинайды. Бұл соғыста да Темучин жеңеді.
1200 ж. Темучин мен Ван хан меркіттерге екінші соққы береді. 1201ж. Джамуха наймандардан, меркіттерден,джатжираттардан т.б. тайпалардан қол жинап Темучин мен Ван ханға қарсы шығады. Алайда бірікке күш жеңіліс табады.
1202 жылы Темучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Осы жылы Бұйрық хан басқарған наймандармен меркіттерден тұратын коолиция құрылады. Темучинмен соғысуға бас тартады. Осы кезде Темучин мен Ван ханның да арасы жақсы болмайды.Дегенмен үш күндік шайқаста Ван хан жеңіліс тауып наймандардан қашады. Даян ханның әскерлеріне ұсталып өлтіріледі. Ван ханның басы кесіліп күміспен күптеліп Даян ханға табыс етіледі. Аңыз бойынша қиын қыстау сәттерде Даян хан осы қу баспен ақылдасады делінген. Бұл жағдай ІХ ғасырда Киев князі Святославпен қыпшақтардың арасында соғыста қаза тапқан княздің басын кесіп күміспен күптеген.
1203-1204 жылы қыста Даян хан Темучинге қарсы қол жинайды. Бұны естіген Темучин 45 мың атты әскерімен шабуылды өзі бастайды. Нагу тауының етігінде соғыс басталады. 55 әскері болса да соғыс тәжірибесі жетпейді. Сөйтіп Даян мен Бұйрық өлтіріледі, Даянның баласчы Күшлік құтылып кетеді.
Осы соғыстардың нәтижесінде Темучин Орта Азияда жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206 жылы Онон өзенінің бастауында Темучинді қолдаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтеріп, құрылтай шақырады да Темучинді ұлы хан Шыңғысхан деп жариялайды.
Әскери ұйымға негізделген Шыңғысхан мемлекеті оң қанат (барұнғар), сол қанат (жоңғар), орталық (гол) болып үш аймаққа бөлінді. Әрбір аймақ 10 мың адамнан құрылған түменге, «мыңдық» -он «жүздікке», ал «жүздік» - он «ондыққа», бүкіл монғол әскері 95 мыңдыққа бөлінді.
1207-1211 жылда Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары –бурят, якут, ойрат, қырғыз, ұйғыр халықтарын бағындырды. Танғұттың Ся-Ся мемлекетіне қарсы жорық жүргізді.
1208-1209 жылдары наймандар монғолдардан жеңіліс тауып, Күшлік ханның бастауымен Жетісуға келіп паналайды, ал меркіттер Орталық Қазақстан даласына қашты. Күшлік хан қарақытайлықтарды басып алып, билікті қолына алды. Ендігі оның мақсаты қарлұқтарды, қаңлыларды және ұйғырларды бағындыру мақсатымен жорықтар ұйымдастыра бастайды.
Қарлұқтар ханы Арслан ұйғыр идикуты Барчук арттегин наймандардың жауы монғолдардан көмек сұрайды. 1211жылы ұйғырлар мен қарлұқтар өз еркімен Шыңғысханның құзырына көшкенін қытай, монғол, араб-парсы деректері хабарлайды.
1215 ж.ж. Цзинь мемлекетiнiң астанасы Чжундуд (Пекин) басып алды. 1216 жылы Солтүстік Қытайдағы әрекет сәтімен аяқталған соң моңғолдар Батысқа жылжуын жалғастырады. Шыңғысхан үлкен ұлы Жошыға меркіттерді, сүйікті қолбасшысы Жебе Ноянға Күшлік ханды бағындыруды табыстады.
1218 ж. Күшлік хан талқандалып, монғолдар Жетісуға келеді. Оларды жергілікті мұсылман халқы қуанышпен қарсы алады.
Шыңғысхан бұдан кейiн Европа мен алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға ерекше мән берiп даярланды.
2. 1211 жылы Құбылай бастаған монғол әскерi Жетiсу жерiне, одан соң Оңтүстiк Қазақстанға, Орта Азияға баса көктеп кiрдi. 1219 жылы күзде Шыңғысхан 150 мың әскерiмен Отырарды қоршауға алды. Нәтижеде “Отырар апаты” деген қайғылы оқиға болды. Отырар әмiршiсi Қайырханның басшылығымен отырарлықтар бар күш-жiгерiн салып қорғанды. Кейбiр деректерде Қайырханның 20 мың әскерi болды десе, басқа бiр деректерде 50 мың әскерi болған деген пiкiрлер бар. Отырар 5-ай бойы қоршауда болды. Тек әскер басы болған Қараджы-Қаджибтiң монғолдарға Отырардың қақапасын ашып беруi (сатқындығы) монғолдардың қалаға баса көктеп кiруге мүмкiндiк берген. Алайда Отырар бұдан кейiн де бiр ай бойы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетiп қорғана бiлген. Тек қаланы қорғаушылар түгел қырылғаннан кейiн барып, 1220 жылы февральда алынды. Отырар әмiршiсi Қайырхан қолға түсiп Шыңғысханның әмiрiмен көмейiне қорғасын құйылып өлтiрiлген. Отырар қаласы жермен жексен етiлдi. Сыр бойындағы басқа қалаларды да монғол әскерлерi басып алды. Сонымен Шыңғысхан әскерлерi 1221 жылы Хорезмдi жаулап алумен Орта Азиядағы соғысты аяқтады.
1219-1224 ж.ж. аралығында Монғол шапқыншылығы нәтижесiнде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кiрдi.
Орасан зор империя құрған Шыңғысхан басып алған жерлердi өзiнiң 4 баласына ұлыс етiп әрқайсына үлестiрiп бөлiп бердi. Қазақстанға жасаған монғол шапқыншылығының монғол жаулап алушылары көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресiн, олардың саяси, әлеуметтiк және этникалық дамуын ұзақ уақытқа шегередi. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндiргiш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырғынға ұшырады. Өркендеп тұрған қалалар жер бетiмен жексен болып күйредi. Материалдық және мәдени байлақытар жойылды, экономиканың дамуы ұзақ уақытқа артқа шегiнiп кеттi. Ондаған мың тамаша қолөнер шеберлерi құлдыққа айналды. Ел iшiнде iндет меңдедi, ашаршылық, жоқшылық кең орын алды. Бағындырылған халық хан үйiне тиесiлi деп саналып оларға ауыр салықтар мен мiндеткерлiктер жүктелiп отырды. Хан сарайы мен өзiнiң әмiршiлерiнiң пайдасы үшiн көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданатын халық құшыр (ұшыр) салығын төлеуге тиiстi болды.
Шыңғысхан ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен Қазақстан жерін өзіне қарату оған Шығыс Еуропаға және Таяу Шығысқа апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл жорыққа Шыңғысхан мұқият даярланды. Мұсылмандарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар қарақытайлар мемлекеті, кейінде Хорезм шахы туралы мәліметтер тасумен болды.Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе бар еді. 1218 жылдың жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестердің тыңшы екенін біліп барлығын өлтіруге бұйрық береді. Енді Шыңғысхан Хорезм шахына Қайыр ханды беруін талап етеді. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғысхан Хорезмге жорық жасады.
Жорық 1219 жылдың қыркүйек айында басталды. Шамамен 150 мың әскер жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға Шыңғысханның екі ұлы – Жент пен Янгикентті, үшіншісі қосындарды алуға, ал Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхараға жылжиды.

Отырар билеушісі Қайырханның қол астында шамамен 20-25 мың әскер бар еді. Қаланы қоршау бес айға жуық созылды. Хорезмдік әскербасы Қараджахаджибтің сатқындығынан жау қалаға кіреді. 1220 жылдың ақпанында Отырар толығымен жау қолына көшті. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сығанақты 7күн және 7түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын қырып тастады.


Шыңғысхан қолы Сырдың бойымен төмен жүріп отырып, Өзгент және Баршыкент қалаларын қарсылықсыз ақ алды. Ашнасу қаласын қорғаған кедейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді.
Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. 1220 ж. Жошы хан Жент қаласында өткізді. 1221 жылы Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың Солтүстік шығысындағы елді мекендерге бет алды. Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған Қыпшақтар қарсылық көрсеткенімен ең соңында тізе бүкті. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220 жылы Кавказға кірді де аландарды, қыпшақтарды половецтерді және Калкадағы орыстарды талқандаған соң Қазақстан даласы арқылы Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Осылайша 1219-1224 жылы монғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Жошы ұлысына Ертіс өзенінен батыс Еуропа жеріне дейін. Шығыс Дешті Қыпшақ даласы, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік Шығыс бөліктері.
Шағатай ұлысы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта Азия жерлерін алды. Астанасы Алмалық қаласы. Ұлысқа Шығыс Түркістан жері де енген.
Үгедей ұлысы Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы.
Төле ұлысы Монғолия жерін билеген.
Немерелер ұлысы
Батый ұлысы Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі жерлер. Орталығы Сарай Бату. Еділ өзені бойында, кейін Сарай Беркеге көшірілді (Алтын Орда).
Шайбан ұлысы Орал, Ырғыз, Тобыл, Сарысу және Сырдария өзенінің төменгі ағысы жерлері.
Ежен ұлысы Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Сырдария өзенінің төменгі ағысы.
Шыңғысханның және оның iзбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердiң ғана емес сондай-ақ бүкiл Монғолияның өздерiнiң де өндiргiш күштерiн күйзелiске ұшыратып құлдыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет