120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлерін анықтаңыз



бет59/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

76.Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлерін анықтаңыз
І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру. Жалпы, Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді
Екінші мемлекеттік Думада өлкенінің социал-демократиялық ұйымынан барған депуттаттар қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. Олар еңбекшілердің ауыр жағдайының себептерін, жер мәселесін шет аймақтарды отарлау саясатымен шешуге болмайтынын айтты. Мәселен, Б.Қаратаев өзінің мемлекеттік Думадағы сөзінде елдегі аграрлық қайшылықтарды өкімет шаруларды далалық аймақтарға, соның ішінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарына көшіру арқылы шешкісі келеді деп көрсетті. Ұлттық қозғалыстың Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы бастаған жетекшілері халықтың азаттық қозғалысын конституциялық монархия, либерал-демократиялық реформалар жүргізу үшін күреске бағыттағысы келді. Олар патша үкіметінің аграрлық саясатын қатты сынға алды, Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру саясатын тоқтатуды, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықтың меншігі ретінде тануды талап етті.
Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы мен ұлт зиялыларының нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы алғашқы орыс революциясымен тікелей байланысты. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі — 1905ж. 6-тамызда шыққан манифест. Манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесін шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалады. Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты.
І Мемлекеттік Дума жұмысына Қазақстаннан 3 депутат қатысты. Олар- Алпысбай Қалменов (Орал облысы), Әлихан Бөкейханов (Семей облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы). Дума отырысында А.Бірімжанов, А.Қалменов сөз сөйлеп, қазақ елінің мәселелерін көтерді. Аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады.
ІІ Думаға қазақтардан 5 депутат сайланды- Орал облысынан –заңгер Б.Қаратаев, Жетісу облысынан –инженер М.Тынышбаев, Бөкей Ордасынан –заңгер Б.Құлманов, Сырдария облысынан –саудагер Т.Алдабергенов және Семей облысынан – қажы Т.Нұрекенұлы. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған мәселе тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Қазақ зиялылары Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. Қазақ зиялылары ІІІ және ІV Думаға сайлану құқығынан айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір тәжірибе жинақтады. Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттілігін айқын аңғарды. 1906ж. 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі»( кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналысқа қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ зиялыларының бағдары Ресейдегі кадет партиясының қызметімен ұштасты. Сондықтан «қазақ кадеттері» аталды. Бірақ, қазақ кадеттерінің бағдарламасы орыс кадеттерінен өзгеше болып, мынандай талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау, Ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік , теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б. Бірақ, бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар әлі пісіп-жетілмеген еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет