жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
Орыс хан Ақ Орданың Сырдария маңындағы аймақтарда егін және қала
шаруашылықтарын дамытуды қолдаған. Ал сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің
шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Бұл мақсаттарды жүзеге
асырудың аса тиімді де басты шарасы – ішкі феодалдық қырқыстарды жойып, бір
орталыққа бағынған мемлекет құру еді. Бұл дәуірдегі ауыр апат – Шыңғыс тұқымынан
тараған сұлтандар мен ханзадалардың хан тағына таласқан ішкі феодалдық қырқысы
болатын.
1375-1376 жылдары Орыс хан Сырдария жағасына қайтуға мәжбүр болды, ал онда Ақ
Орданың оңтүстік шегінде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір өзінің агрессиялық
қимылдарын өрістетіп жатқан болатын. Темірдің әскери көмегіне сүйенген Тоқтамыстың
1374-1375 жылдардағы Орыс ханға қарсы алғашқы жорығы сәтсіз аяқталды, Ақ Орда
әскерлері Тоқтамыстың әскерлерін талқандады. Тек төртінші жорық кезінде Орыс ханның
және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темір мен оның қолшоқпарларының
жеңіске жетуіне мүмкіндік берді.
1377 жылы Орыс хан қайтыс болғаннан кейін Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке
көшті. Осы кезде Тоқтамыс Әмір Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандап, өзін
1379 жылы Ақ Орданың ханы деп жариялайды. 1380 жылы Тоқтамыс Сарай – Берке мен
Еділ маңындағы басқа да қалаларды, Қырым мен Мамай ордасын басып алды. Ақ Орда
мен Алтын Орданы билігіне алған Тоқтамыс бұрынғы жебеушісі Темірдің енді өзіне
қарсы шықты.
1395 жылы Тоқтамыс Темірден күйрей жеңіліс тауып Сібірге қашып кетті, оны 1406
жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Ақ Орда Әмір Темірдің боданына айналды. 1423-1424
жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада
хандық билікті өз қолына алады. Бұл кезде, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай ақ
Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді.
Достарыңызбен бөлісу: