хан ұлдары Моғолстан ханымен жақындасып, қарсы одақ құрады. Қасым сұлтанның ағасы
Әдік сұлтан Моғол ханының қарындасына үйленеді. Осылайша, қазақ қоғамындағы
хандық әулет ішінде бір біріне қарама-қарсы күштер қалыптасады. Бұрындық хан тұсында
XV ғасыр соңында Қазақ хандығындағы саяси күштер екіге бөлініп, ол хандықтың сыртқы
саяси жағдайына әсерін тигізеді. Бірақ қалыптасқан жағдай Бұрындыққа абырой
әкелмейді. Хан ретінде мемлекеттегі барлық саяси күштердің басын қосудың орнына,
керісінше олардың бір-біріне қарсы тұруына, ол күштердің бірінде өзі болуы – оның
беделінің құлдырауының басы болды. Бұрындық хан өмірінің қайғылы жағы да осында
еді.
XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығында Бұрындық хан өміріне түбегейлі бетбұрыс
әкелген күрделі ірі оқиғалар болып өтті. Ол оқиға тағы да Мұхаммед Шайбани хан
есімімен байланысты еді. 1500- жылдың жазында Самарқан тағына келген шайбанилық
сұлтан айналасы 3-4 жыл ішінде бүкіл Мауреннахрды біріктіріп, Моғолстанның қол
астындағы Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен
Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып жібереді.
Әбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға дейін қазақ
хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың алдына қойған саяси және
экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын бағындыру не әлсірету және Түркістан
аймағын Мауреннахрға қосу жатты.
Бұрындық хан дәл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп есептейміз. Оған
дәлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан жауға қарсы ешқандай
шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркін Жәнібек хан ұлдары: Жаныштың, Тыныштың
ұлыстарыын ойрандап, мыңдаған мал-жанды олжалайды. Тіпті 1509-жылдың қысында
болған үшінші жорық кезінде, өз ұлысына қарай жау әскерінің келе жатқанынан хабардар
болып, ешқандай қарсылық көрсетпей, қашуға мәжбүр болады. Бұрындық ханның
шарасыздық ісін, оның әдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жәнібек хан ұлдары
неғұрлым әлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бәрі керісінше шықты. 1510-
жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл жолғы жорық бағыты
Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады.
Қасым ресми хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді.
Қазақ хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде
хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы
жылдарында үлкен, мемлекеттік дәрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік мүддеден
жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақ-абыройын жоғалтты.
Достарыңызбен бөлісу: