1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Қазақ хандығының құрылуы. Тұңғыш қазақ хандары



Pdf көрінісі
бет35/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

37. Қазақ хандығының құрылуы. Тұңғыш қазақ хандары.
Қазақ хандығы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының 
ыдырау кезінде қалыптасқан қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер аумағындағы 
қазақ мемлекеті. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір бөлігі Шығыс Еуропада 
орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы жемқорлық, саяси тұрақсыздық 
пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 
жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы Қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, 
қазіргі Қазақстанның территорияларының көбісіне ие болған.[1] XVII ғасырда қазақтар 
Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, келесі ғасырда хандықты Ресей патшалығы 
жаулап алған. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан 
кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу 
халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне 
байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп 
келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш 
жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен 
шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл 
күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты 
жаулары Әбілхайырдың мұрагерлеріоның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед 
Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған 
себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен 
Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан 
кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен 
Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың 
өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. 
Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет