айналасында екі жүз мыңдай адамнан құралған көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс
пен қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі ел үшін отырықшы, егіншілігі көркейген
аудандармен, әсіресе, қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық – Сырдария
жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-
қатынастың оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халық та
мүдделі болды.
Осы жағдайларға байланысты Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан
дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру. 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін
Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ
хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық және әскери
тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. 3. Қазақ
тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің
бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда
кеңейді, оған жан-жақтан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед
Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды.
1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Сауран
түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп Сырдария
жағасындағы Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.
Достарыңызбен бөлісу: