қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына» алатынын хабарлаған және «патша мен
ханзадаларға оқ ататын қару» жіберуге уәде етеді де, одан әрі мынадай тілек айтады:
Тәуекел «біздің патшалық қол астымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз
бойынша Бұхара патшасымен және бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен
соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тәуекелдің елшілері
Мәскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы келісімге қол жеткізу
үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тәуекелге жіберуін сұрады. Елшілердің өтініші
орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде 1595 жылдың наурыз айында
Мәскеуден Тәуекел ханға тілмаш Вельямин Степанов жіберілді.
Тәуекел ханнның Мауереннахрға жорығы, 1598 жылы Бұхар хандығына жасаған. Жорық
қарсаңында Абдолла ханға өзінің ұлы, мұрагері Абд әл-Мұмин қарсы шығып, Бұхар
хандығында саяси дағдарыс орын алған еді. Осы сәтті пайдаланған Тәуекел хан 100
мыңдай әскерімен жорыққа аттанды. Қысқа мерзім ішінде Сайрам, Түркістан, Ташкент
қалаларын басып алып, Самарқандқа қарай жылжыды. Абдолла хан Тәуекел ханды өзіне
лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы өз әскерінің бір бөлігін жіберді. Екі жақ әскері
Ташкент пен Самарқандтың аралығында жолығып, шайқасқа түсті. Абдолла хан әскері
ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл оның тез арада әскер жинап, оны өзінің басқаруына мәжбүр
етті. Абдолла хан көп әскермен наурызда Бұхарадан Самарқандқа келіп жеткенде кенеттен
қайтыс болды. Оның мұрагері ретінде таққа отырған Абд-әл-Мұмин Тәуекел ханға
тойтарыс беруге дәрменсіздік танытып, көп ұзамай бүлікшіл әмірлердің қолынан қаза
тапты. Бұл жағдай Тәуекел ханның Самарқандты басып алуын оңайлатты. Тәуекел хан
Самарқандты алғаннан кейін онда інісі Есім сұлтанды 20 мың әскермен қалдырып, өзі 80
мың әскермен Бұхараға аттанды. Жаңадан таққа отырған билеуші Пір-Мұхаммед
қазақтармен ашық шайқасқа түспей, қала қорғанын нығайтты. Тәуекел хан әскері қаланы
он бір күн бойы шабуылдап ала алмады. Он екінші күні Бұхараны қорғаушылар шабуылға
шығып, Тәуекел хан әскерлеріне ойсырата соққы берді. Тәуекел хан жараланып, қазақ
жасақтары кері шегінуге мәжбүр болды. Нақшбандийа ордені шейхтерінің араласуымен
екі жақ бейбіт келісімге келді. Бұл келісім бойынша қазақтар Самарқандтан бас тартты.
Алайда Ташкент, Сайрам және Түркістан қалалары қазақтар иелігіне көшті.
Достарыңызбен бөлісу: