64 65Орал-Торғай және Маңғыстау көтерілісі Бірақ қыркүйек айында шабуыл қайта жалғасып, Түркістаннан полковник Черняев отряды, Әулие – Атадан Лерха әскерлері; үздіксіз шабуылдардан кейін Шымкент-Ресей қол астына көшті. Осымен барлық Қазақстан территориясы Ресей қоластына көшуінің жаңа кезеңі басталды.
7 күн ішінде көтерілісшілер оны тұтқында ұстаған. Жасақтар барлық фураж мен азық–түлікті жоғалтып, Қалмық бекінісіне қайта оралды. 1869 жылдың наурызынан маусымға дейін Сұлтандардың, билердің, болыс билеушілердің және ауыл старшындарының ауылдарына үш мыңдай адам қатысқан 41 шабуыл жасаған.
Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістердің кең етек жоюынан қорыққан хан билеушілері көтерілісті басу үшін генерал-губернатор Веревкин басқарған үлкен жасақтар жіберілген. Нашар ұйымдастырылу, апаттылық, басшылық арасындағы келіспеушіліктер салдарынан көтерілісшілер жеңіске ұшырады.
Қазақтардың Маңғыстау жарты аралығындағы көтерілісі жергілікті тұрғындарға зиян келтірген уақытша ереже енгізумен байланысты. Көтерілісті Досан Тәжиев және Иса Тіленбаев басқарды. Көтерілісшілерді басу үшін құрамында 60 адам бар қаруланған полковник Рукиннің жасағы жіберілген. 1870 жылы 22-наурызында көтерілісшілер жасақты қоршап алып талқандайды, ал жараланған Рукин өзін-өзі атып өлтіреді. Бұл жеңіс көтерілісшілерді рухтандырды, сол кезде олардың қатары 10000 адамды құрады. Олар Николаев бекінісі, Александров форпостын, көптеген бекіністерді талқандады.
Көтерілісшілердің жеңістері жергілікті билеушілерді ғана емес, Петербургтегі Бас штабты да үрейлендірді. Көтерілісті басу үшін Кавказдан ірі әскери қосылыстар бағытталды. Көтерілісшілердің табанды қарсылығына қарамастан, көтеріліс басып жаншылды. Маңғышлақты хан әскері алды. Көтеріліс басшылары өз жақтаушылармен Хиуа хандығына көшіп кетті.
Адайларға үкіметке 90 мың қой беруге соғыс салығы салынды, 57901 сомға алым жиналды. Маңғыстаудағы көтеріліс өзінің бар күшімен царизмнің отаршылдық саясатына бағытталды.
Қазақтардың ХІ ғасырдың 60-70 жылдарғы жеңілісі Ресейдің белгілі бір экономикалық және техникалық артықшылығына негізделді, кейбір жерде байлар жағына сатылып кетуінен болды.
Сөйтіп, қазақ халқының бодандыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі (ХҮІІІ-ХІХғғ.) жеңіліске ұшырады, бұл Қазақстан территориясын Ресей империясының жаулауына әкеп соқты.