63 1836-1838Көтеріліс себебі
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын.
Көтеріліс қозғаушы күш,Қатардағы бақташы қазақтар болды.Көтеріліс туының астында бірқатар старшындар да жиналды.Сұлтандар тобы мұның ақыры не болар екен деп,әдептің артын бағып,бейтарап қалды немесе көтерісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі батырлар Исатай Тайманұлы(1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы(1803-1846)басқарған.
Жіңілу себебі
Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.
Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді.
Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
Көтеріліс
Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.
Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды