1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы



бет43/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
Байланысты:
1. аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескер

47 XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы


 Қазақ тарихының шоғырлы тұсы деп XVII ғасырдың екінші және XVIII ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды.
Есім ханның өлімінен кейін қазақ хандығында өзара тартыс басталды. Ақыры аяғында хан болып Есім ханның баласы Жәңгір жарияланды. Оның билік басына келу мезгілі анық емес. Оның барлық өмірі жоңғарлармен соғыста өтіп, осы соғыста ол 1652 жылы қаза болды. Ол өзінің әкесімен қатар Түркістанда жерленген.
Оның ерліктерінің қатарына жоңғарлармен 1643 жылғы жеңісі жатады.
Қыстың аяғына қарай жоңғардың қалың әскері қазақ хандығына басып кірді. Шабуыл төтенше жағдайда болғандықтан, Жәңгірхан тек 600 адам әскер ғана жинады. Бірақ ол аумақтың таулығын пайдаланып, өз әскерін тиімді реттеп, тамаша жеңіске қол жеткізді. Өзінің жарты әскерін ол таудың арасындағы тар шеңгелге орналастырып, ал өзі 300 әскермен жасырынды. Ойраттар ордағы әскерге шабуыл жасағанда, Жәңгір хан сырттан соққы берді. Сөйтіп жау талқандалып, кейін қайтты.
ХҮІІ ғасырда қазақ хандарының сыртқы саясатында қалмақтармен қатынасы ерекше орын алды.
Қалмақтар - батыс моңғолдардың түркі тіліндегі аталуы, өз аталуы – ойрат, ал қытай жазбаларында – элиот. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында тайпалардың ойрат одағы монғол хандығының билігінің астынан шығып, өз қолбасшылары (тайши) басқара бастады.
Қалмақтар ХҮІІ ғасырдың басында батысқа қарай жылжып, Хорезмге жортуылдар жасады. Жоңғар хандығының негізін алған Батыр Хунтайшы өлгеннен кейін қалмақ тайшилары арасында билікке талас туды. 1653-1670 ж жоңғар мен қазақтар арасында тиыштық байқалады. Бірақ 1670-1697жж хунтайшы Галдан-Бошоктуды басқару кезінде Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістанға жаңа жорықтар бастады.
1678-1680 жж ойраттар Қашғарияға жорық жасап, 1681 жылы Галдан – Бошоқту Шу өзенінен өтіп Сайрам қаласын қоршады, бірақ ала алмады, Сайрамды ол 1684 жылы алды, барлық тұрғындарын тұтқынға айдап әкетті. . 1683-85 жж ол Ош пен Андижанға жорыққа шығып, қырғыздар мен өзбектердің соққысына ұрынып, кері қайтты. Одан кейін ол Шығыс Моғолстанға жорыққа шығып, бірақ оны әскери әрекеттері сәтсіз аяқталды, ол өз өзін өлтірді. Оның өлімінен кейін билік басына Цеван Рабтан (1697-1727) келді. Осы кезеңнен бастап қазақ-жоңғар қатынастары тағы да шиеленісті. Қазақ хандығы бұл кезеңде ауыр жағдайда болатын; аштарханидтар қазақ иеліктерін Ташкент, Түркістан және басқа қалалардан қуып шығуға тырысты, сонымен бірге жоңғар шапқыншылығы.
Қазақ хандығының бекуі Тәуке хан (1680-1718) Жәңгірдің кезеңіне келеді. Тәуке ханның билік кезеңі қазақ мемлекетінің “Алтын ғасыры” деп аталады.
Тәуке хан кезінде, халық тиыштықта өмір сүрді, тәртіп болды, әділдік пен заңдылық сақталды.
Тәуке хан барлық өмірінде белсенді сыртқы саясат жүргізді. Әкесінің кезінде Қашғарияға елшілікті басқарды, Қазақ және Бұхара хандығының арасындағы соғысқа жол бермеді, Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына ықпал етті.
1686-1693 ж Тәуке хан Ресейге бес елші жіберді. Тәуке ханның Ресеймен достық қарым қатынас орнату жөніндегі хаты сақталған. Сонымен бірге, Ресей үкіметінің қазақ хандығын, немесе оның жекелеген руларын бодандықа айналдыру, ниеттері, қазақ билеушілерінің есебінде болған жоқ.
“Жеті жарғы”-ны жазуға Төле би – Ұлы жүзден, Орта Жүздің – Қазыбек би, Кіші Жүзден – Әйтеке би қатысқан, енді бір деректерге қарағанда Тәуке хан Құлтөбеге (Сырдария облысы) жеті биді шақырып, осы билер Қасым хан мен Есім ханның бұрынғы салт дәстүрлерін біріктіріп, жаңа дәстүр “Жеті жарғы” пайда болды делінген.
Қылмыстық құқықтық тәртіп төмендегідей қылмыстарды қарастырған: кісі өлтіру, залал келтіру, мертігу, зорлау, ұрлық, ұрып-соғу, қорлау, т.б. Бұлар үшін жаза – қанды кек болып белгіленген. Жазадан құтылуға – құн (сатып алу) төлеу. Өлім жазасы: дараға асу немесе тас лақтырып өлтіру - әйелі күйеуін өлтірсе, немесе әйел некесіз туған баланы өлтірсе, құнның мөлшері: мысалы, қарапайым еркекті өлтірсе, туыстарына 1000 қой, әйелге – 500 қой, сұлтан немесе қажы үшін 7 қарапайым адамның құны төленген, қылмыскердің әлеуметтік жағдайына байланысты және тек қана ол жауапты емес, оның туыстары да жауап береді. Сонымен бірге ұжымдық жауапкершілік принципі болған. Басқа да жазалар болған: дүниесін кәмпескелеу, христиандыққа кіргені үшін, ата анасын қорлағаны үшін – ел алдында масқаралау т.б.
Әуелде жоңғарларға қарсы тұруда жеңіске қол жетіп келді, бірақ кейінірек, Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін масқара күйзеліске әкеліп соққан өзара соғыстар басталып кетті.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған осынау «Елім-ай» деген зарлы ән халықтың басына түскен нәубетті кеңінен суреттейді. Мұндай мұңды әннің шығуына негіз мол еді.
Мәселен, Абылай ханның тұжырымдауына «XVIII ғасырдың алғашқы қырық жылында қазақ халқының үштен екіге қырғынға ұшырады. Біздіңше осынау соғысты қазақ халқының Ұлы Отан соғысы деп атауға негіз жетіп артылады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет