1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Алғашқы қазақ-жоңғар соғысы (1681-1685)



бет52/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Алғашқы қазақ-жоңғар соғысы (1681-1685)
1681 жылы Галдан Тянь-Шань тауларының сол жағындағы аумаққа және Қазақ хандығына шабуыл жасайды, бірақ Сайрамды ала алмайды. 1683 жылы Цэван Рабдан бастаған Галдан әскері Ташкент пен Сайрамды алады. Олар екі қазақ әскерін талқандап, Сырдарияға дейін жетеді. Осыдан кейін Галдан қарақырғыздарды басып алып, Фергана алқабын ойрандайды. Оның генералы Цэван Рабдан Тараз қаласын алады. 1685 жылдан бастап Батысқа қарай өңмендей ұмтылған Галдан әскері қазақтарды өз жерлерінен одан әрі ығыстыра береді. Жоңғарлар барабиндерді басып алып, олардан жасақ (алым) алып отырады. Айта кетерлігі, барабиндр православие дінін қабылдап, орыс қоластына өте бастайды, бұл өз кезегінде оларды жоңғарларға жасақ төлеуден босатады.
Халха моңғолдармен соғыс (1687-1688)
1634 жылы Лигден хан өлгеннен кейін, Цин әулетінің күшеюінен жасқанған халха моңғолдар ойраттармен бейбітшілік орнатады. Алайда Жасағту хан Шира бодандарының бір бөлігін жоғалтқаннан кейін Галдан шабуыл жасау үшін өз ордасын Алтай тауларына қарай жылжиды. Тушету хан халха моңғолдардың оң қанатына шабуыл жасап, 1687 жылы Жасағту ханды өлтіреді. 1688 жылы Галдан Тушету ханға қарсы інісі Доржы Джав бастаған әскерді жібереді, бірақ олар жеңіліп, шайқаста Доржы Джав қаза болады. Одан кейін Тушету хан галданның басқа інісі Дегдихей Мергенді де өлтіреді. Інісінің кегін қайтармақшы болған Галдан, Байкал көлінің жағасында Тшету ханның әскерімен шайқасып жатқан орыстармен достық қарым-қатынас орнатады. 1688 жылы Галдан орыс қаруымен қаруланған 30 мың жоңғар әскерін халха моңғолдарға қарсы бастап, үш күннің ішінде Тушету ханның тас-талқанын шығарады. Бұл кезде Байкал өзенінің жағасында сібір казактары халха моңғолдардың 10 мың қолына шабуыл жасап, жеңіп шығады. Жоңғарлармен болған екі қантөгіс соғыстан кейін Тушету хан мен оның бауыры Жебдзун Дамба Хутухта Гоби шөлі арқылы Цин әулетіне қашып, Канси императорға бағынады. Бірінші Цин соғысы (1690-1696)
1690 жылдың жазында Галдан 20 мың әскерімн Керулен өзенінен өтіп, Ұлан Бутун жанында Цин әскерімен шайқасқа түседі. Галдан шегінуге мәжбүр болады, цин әскерінің азық-түлігі мен бұларды қууға мүмкіндігі болмағандықтан ғана ол толықтай жойылып кетуден аман қалады. 1696 жылы император Канси 100 мың әскерімен Моңғолияға келіп кіреді. Керуленнен қашқан Галдан батыстан шабуылдаған Циннің басқа армиясының қолына түседі. Ол Туул өзеннің жоғарғы тұсында, Тэрэлжэ жанындағы шайқаста жеңіледі, әйелі Ануды өлтіріп, цин әскері 20 мың бас ірі қара мал мен 40 мың қойды иемденеді. Галдан қашып құтылады. Ол 1697 жылы 7 сәуірде Қобда жанында Алтай тауларында қайтыс болады. Жоңғарияға оралған інісі Цэван Рабдан 1689 жылы көтеріліс бастап, 1691 жылы билік басына келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет