23. Қазақ балалар әдебиетінің байланыстары.
Жалпы әдебиетке қойылған талаптар сияқты, балалар әдебиетіне де әдебиеттің халықтығы, партиялығы және социалистік реализм деген талаптар қойылады. Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына карай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы балалардың осындай ерекше-ліктерімен санамыстай болмайды. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек… «Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде онын кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады» .
Балалар әдебиетіне қойылатын критерия да осындай. Мұны біз балалар әдебиетінің критериясы жайында басқа дәлелдеулерді керек етпейтін аксиома деп есептейміз. Ба-лалардың оқуына ұсынылатын әдебиеттерді іріктеп алуда да біз осы теорияға жүгінеміз. Баланын жасы кіші болған сайын балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері айқын көріне береді. Ал, бала жасы ұлғайған сайын балалар әдебиеті мен үлкендер әдебиетінің айырмашылығы білінбей, бірігіп кетеді.
Тіпті «Ғылым адамды қалай алып етті» деген тақырыпқа да жазуға болады. Сол, «Алып адам жаратылысты өзіне қалай бағындырды» деген тақырыпта баланы керемет қызықтырған болар еді. Балалар әдебиетіне сондай зор мән бере келіп, М. Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие кұралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Мұндай такырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайын сөз ете келіп М. Горь-кий: «Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар, шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары — аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару — колды ұзартты,— дейді. Мүндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық. Техника табыстарьш әңгіме ету қазақ балалар әдебиетінде әлі күнге дейін көтерілмеген кенже қалған мәселе. Бұл казақ балалар әдебиеті алдында тұрған шешілмеген үлкен проблема.
Осының бәрін қорыта келгенде айтарымыз: 1) Соиалистік реализмнін міндеті — адамның ұлылығы мен творчестволық тапқырлық; талантын, еңбегін мадақтау. Сол арқылы коллективтік ортаның ролін, оның өміршендігін көрсету. 2) Оның сенімі — әдебиеттің халықтығы мен партиялығына сүйену. 3) Оның идеалы — социализм және коммунизм құрылысы. 4) Оның әдісі — өнегелі адамдар образын типтендіріп суреттеу. Сыншы арқылы ұлт пен ұлттын ынтымағының бірлігін, интернационалдық рухын көтеру, сөйтіп, жас өспірімдерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 5) Оның бағыты— жоғары мақсатқа — коммунизмге жету. Әлем таныған әдебиеттің келешегі мол, алға қойған мақсаты, өміршеңдігі — осы.
Достарыңызбен бөлісу: |