1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет29/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

26. Образ және оның түрлері.
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі - өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Кітап не туралы жазылған, симфония не туралы, сурет не туралы салынған, қандай сұрақ болсын жауап біреу – адам туралы, адамның әсемдігі, адам рухының керемет күштілігі, оның қасиеттері туралы. Әдебиеттегі образ екі түрлі мағынада қолданылады:
1) көркем бейне, кейіпкер, тип.
2) суретті сөз.
Образдылық суреттілік, яғни сөздегі сурет. Әдебиеттегі адам бейнесін жасау сан түрлі амал-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Ал жинақтау тек типтендіру тәсілімен жүзеге асады. Типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын, қалыптасуымен қатар оның ішкі ерекшелгін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек оқшау танытып тұратын оның тек өзіне тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Образдың қазақшасы-көркем бейне. Бұл- кеңірек ұғым. Ең қарапайым мағынасында образ- суретті сөз. Күлімсіреп аспан тұр Жерге ойлатып әр нені (Абай)Әдебиет теориясында образ деген ұғымның екі түрлі мағынасы бар. «Күн кірпігі от шашқан» деген бір ауыз ғана сөзді алсақ, бұл да образ. Бірақ бұл образдың тар мағынасы. Ал кең мағынасында образ- белгілі бір әдеби шығармадағы адам, көркем бейне. Оның эстетикалық мәні зор. Ол- әрі нақты, әрі кеңейтіле көрсетілген күрделі характер, типтік тұлға. Образдылық- суреттілік, сөздегі сурет. Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда, біртүрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық өрнегі сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет