1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Ер Тарғын – жырдың негізгі кейіпкері Ақжүніс



бет40/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

Ер Тарғын – жырдың негізгі кейіпкері
Ақжүніс – Ер Тарғынның сүйген жары
Ақшахан – Ақжүністің әкесі, Қырық сан Қырым жұртының қырық ханының үлкені
Ханзада хан – Еділдегі Орманбеттің он сан ноғайының ханы
Қарасай ұлы Көбен, Алшағырұлы Тебен, Өмірұлы Себен – Ер Тарғынның батыр жолдастары
Сыпыра жырау – Ер Тарғынға басу айтқан ақылды қария
Ардаби – Ер Тарғын мен Ақжүністің ұлы
Әжігерей, Айтқожа – Ардабидің ұлдары
Тарлан – Ер Тарғынның тұлпары
Қанатты қара – Ақшаханның тұлпары
Қартқожақ – Ер Тарғын мен Ақжүністі қуып жеткен Ақшаханның қарт батыры
Домбауыл – қалмақтың батыры
Жыр соңында барлық қиындықтарды жеңген Тарғын елдің әрі ханы, әрі батыры болады. Ақжүніс екеуінен туған баласы Ардаби де бек әрі асыл би болады. Оның баласы Айтқожа да бес қалаға хан болып, мұратына жетеді.
34-Асан қайғы, Бұқар жыраудың философиялық толғаулары.
Жыраулар – қазақ ауыз әдебиетінің ақылгөй даналары. Заманның
зарын, мұңын, қуанышын жырға қосып айтуды дәстүрге
айналдырған. Әр жыраудың өзіндік стилі, ырғағы, мотиві өзгеше.
Жыраулар – хан сарайының белді мүшесі, ханның ақпараттық
саясатын жасаушылар.Жыраулар адамның өмір туралы, өмірдегі
оның орны туралы ойлануға, рухани жетілуге шақырады, өз өмірін
анықтау, мәнді өмірге жету әр адамның өз қолында деп түсіндіреді.
Өмірге адам болып келдің бе, адам болып өмір сүр, адамшылық
қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің деп бізді
үйретеді.
«Әйгілі абыз-жыраудың идеялары мен ой-толғаулары қазақ халқының тарихи жадында мәңгі сақталып, қазақтардың рәміздері мен бағыттарына із қалдырып, қазақ философиялық ойының бастауына айналды. Қорқыт Ата әуендері мен философиялық пайымдауларын ХІІІ ғасырда – Кетбұға, ХІV ғасырда – Сыпыра жырау, XV ғасырда – Асан қайғы, XVIII ғасырда – Бұқар жырау және басқа да қазақ даласының көптеген ақын, жыраулары жаңғыртып, әрі қарай дамытты.
Қaзaқ тaрихындaғы келесі aлып тұлғaлaрдың бірі– Бұқaр жырaу. Бұқaр жырaу Қaлқaмaнұлы шaмaмен 1668 жылы дүниеге келді .Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей,Бұқардың тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер атыда болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезегінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде. Бұқар жырау өз өмір сүрген замандағы келеңсіздіктер мен
адами-рухани құндылықтардың құлдырауын былайша
сипаттайды:
«Ай, заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай.
Баспақ, тана жиылып,
Пана болған заман-ай.
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай.
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай.
Азаматың құлапты,
Жұрт талық болған заман-ай.
Арғымақтың жалы жоқ – Жабылар жалыменен теңелер,
Жақсылардың малы жоқ – Жамандар малыменен теңелер.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың аманат қойған жаны,
Қай күні алары болжалсыз!». Асан Қайғы мен Бұқар жырау арасында рухани байланыс бар болғандығын аңғаруға болады. Екі жырауға да ортақ ұғым – заман. Олардың ғұмыр кешкен заманы – қилы заман. Қилы заманның не екені туралы Мәшһүр Жүсіп Көпеев мынандай тарихи түсініктеме берген. Абылай хан бірде ат үстінде тұрып Бұқар жыраудан сұрапты: «Асан қайғының «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» дегені не тантық? Суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың
басына қайдан шығады? Миға қонбайтұғын сөз ғой», - депті.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет