35-.М.Өтемісұлының сөз қоланыс шеберлігі. Махамбет бастаған ақындардың шеберлік қисындарын, жалпы қазақ əдебиеті тарихындағы, қазақ қоғамындағы орнын, ақындық даралығын, өзгеше болмыс-бітімін мейлінше терең зерделеп, ғылыми пайымдаулармен дəйектеп, жанрлық, көркемдік жақтан арнайы қарастырғанын ерекше бағалағанымыз жөн. Зерттеушінің бірнеше ғасыр əдебиетіне, поэзиясына байланысты əдеби- ғылыми тұжырымдарының өміршеңдігін, ғылыми сипатының дəлдігін бүгінгі буын да байқайтыны анық. ХІХ ғасыр əдебиеті, алдыңғы əдебиетке қарағанда, анағұрлым толысқан, кемелденген, жаңалығы мол, жанрлық ерекшелігі түрленген əдебиет. Көне дəуірден жалғасқан əдебиетте хандық кезең тұсында негізінен жыраулар поэзиясы алдыңғы орынға шығып, онда негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. Ал бұл кезеңге жаңа өлең түрлері тəн. Сондай-ақ дастан-поэмалар, лирикалық өлеңдер, айтыс өнері, ауыз əдебиеті үлгілері де айрықша мəнге ие болды. Қазақ өлеңі шын мəнінде жаңа сапаға көтеріліп, жазба əдебиеттің негізі қаланды. Махамбет, Дулат, Абай, Ыбырайлар шықты тарих сахнасына. Осылайша сөз өнері толысып, толығып, мазмұнын тереңдетіп, өз арнасын кеңейте түскені мəлім.
«Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дəуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы» дейтін бөлімінде ақын шығармаларында ауыз əдебиетінің, көне түркі поэзиясының, жыраулық дəстүрдің ықпал-əсері аз болмағанын атап көрсетеді. Ақын туындыларында жыраулар жасаған əдебиеттің дəстүрлі үлгілері, сөз қолданыстары, өлең өлшемі аз кездеспейді. Жыраулар шығармашылығына тəн жорық жырлары, елдік мүдде мен ерлік рух астасқан өлең жолдары, халық даналығын байқататын сөз үлгілері, қанатты сөзге айналған сөз тіркестері Махамбетті айналып өтпейді. Көне түркі кезеңінен келе жатқан көркемдік дəстүрдің жалғасын тауып, бүгінгі өмірмен сабақтастық тауып жатуында ақын өлеңінің өзіндік орны бар. Əрине, өзіне дейінгі əдебиет өкілдерінен үйренумен ғана шектеліп қойған жоқ, қайта оны мазмұндық, тілдік, стильдік, көркемдік жағынан байытты. Яғни, «Махамбет — өзіне дейінгі халық өдебиетінің барлық табыстарын толық меңгеріп, кемшілігін қайталамай, өз бетін, өз стилін айқындап, əдебиетте көрнекті үлгі қалдырған ақын».
Мұны автор нақты мысалдармен дəлелдеп, көне ерлік эпостары, қазақтың батырлық жырлары мен ақын шығармаларының арасындағы көркемдік дəстүр жалғастығының астарын ашуға ұмтылады. Əсіресе, ақынның «Соғыс», «Мінкен ер» өлендерінің эпостық жыр үлгісіне өте жақын келетініне назар аудара келе, «Махамбет поэзиясында «Соғыс» сияқты эпостық жыр сипаттас өлеңдер ғана кездесіп қоймайды, эпостық жырдың, біз көрсеткендей, ерекшелігіне ие өзге үлгідегі де өлеңдер кездеседі. Айталық, ақынның дидактикалық өлеңдерінде ауыз əдебиетіне тəн тілге тиек аралық дəнекер жолдар мол кездесіп отырады.
Тоқсан тарау су ақса,
Дария болар сағасы.
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы , —
деп ақынның өлең жолдарынан нақты мысалдар келтіреді.