36-Абайдың қара сөздері мен әңгімелерінің тақырыптастығы. «Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы колжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі алғаш 1918 жылы Семейде шыккан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен «Абайдың қара сөздері» орыс, кытай, француз, т.б. көптеген шет ел тілдеріне аударылды.
«Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады.
Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі тұстары қара сөзінде түсіндірілген. Бұл Абайдың бірсыпыра өлеңдерін, алдымен, қара сөздеріндегі кейбір ойларды ұғынып барып қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінің мағынасына жету үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің де айтар ойлары бір. Тек бірінде ой поэзия тілімен жеткізілсе, бірінде проза тілінде айтылған.
Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау деуге болады.
«Қара сөздердің» тақырыбы біреу-ақ, ол - адам болмысы. «Қара сөздердегі» әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.
Шығарма тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен ғана шектелмеген. Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері - әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі.
37-Ш.Құдайбердиев поэмалары. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады (“Жастық шақ туралы”, “Кәрілік”, “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық”), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты (“Өмір”, “Сәнқойлар”, “Құмарлық”, “Қалжыңбас”), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. (“Жастарға”, “Анық асық әулие”, “Шын сырым”). Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Айсұлу-Нартайлақ” поэмаларында, “Әділ-Мария” романында ашып көрсете білді.1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша “Түрік”, қырғыз, қазақ және хандар шежіресі” және “Мұсылмандық шарты” еңбектерін жазды. “Ләйлә-Мәжнүн” (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, “Кеңес өкіметінің жауы” деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. Шәкәрім Құдайбердіұлы “Үш анық” аталатын философиялық “Мұсылмандық шарты” деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің “Дубровский” және “Боран” повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді. Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері, “Мұтылғанның өмірі” поэмасы, “Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”, “Үш анық” кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық.Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” (Орынбор, 1911 жыл), “Мұсылмандық шарттары” (Орын-бор, 1911 жыл), “Үш анық” (Алматы “Қазақстан” 1991 жыл), “Иманым”— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, “Еңілік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр”, “Нартайлақ пен Айсүлу”, “Ләйлі-Мәжнүн”, “Дубровский” сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынаына айналды. XX ғасырдың алғашқы жылдары Шәкәрім шығармашылық қызметінің өрлеу жылдары болды. Ақын 1911 жылы Орынбордан екі кітабын, “Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі”, і(Мұсылмандық шарттарын бастырып шығарса, 1912 жылы Семейде “Ярдем” басласынан, “Қазақ айнасы”, “Қалкаман Мамыр”, “Жолсыз жаза» (“Еңлік-Кебек”), үш бірдей кітабын бастырып шығарды.