1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Шығарма тақырыбы мен идеясы



бет52/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

49.Шығарма тақырыбы мен идеясы.
Әдеби шығарма туралы әңгімен тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып – өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, – дейді Валентин Катаев, – пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары – өз шығармасының тақырыбы. Ал “тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде ; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып ала шығы біл”. Демек, тақырып табу – бір күннің не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады.Осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге айдарса, қайда бағыттаса, сол – идея !
Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес.Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай – ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет