1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Ұйқас және оның түрлерін ажырату



бет54/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

51.Ұйқас және оның түрлерін ажырату.
Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады.
Ұйқас – ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.
Ұйқастың түрлерін жіктеп-ажыратқанда, алдымен, оның сапасын, яғни сөздердің өзара қаншалықты үйлесетіні еске алынады. Бұл жағынан келгенде ұйқасты толымды ұйқас және толымсыз ұйқас деп бөледі. Мәселен, мақтанба, баптанба – толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып – толымсыз ұйқас екені өзінен-өзі көрініп тұр.
«Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазды академик Қ. Жұмалиев, – бірақ ең негізгісі және көп қолданылатындары мыналар:
1) қара өлең ұйқасы (ааба),
2) шұбыртпалы ұйқас (аааа),
3) ерікті ұйқас (абвгб),
4) кезекті ұйқас (абвб),
5) шалыс ұйқас (абаб),
6) егіз ұйқас (аабб),
7) аралас ұйқас (аабвбвббб),
8) осы күнгі ерікті ұйқастар (абабвгд)».
Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылған:
Астыма мінген атым Бұқпа қара,
Шаң тисе, ақ бетіңе – ыққа қара.
Аулыңның сырт жағынан ән салайын,
Даусымды танымасаң, шық та қара!
Кезекті ұйқасқа мысал:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім (Махамбет)
Абайдың ерен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі — өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ, шумақты өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас суретін құбылту - Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буынды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа құрылған. Мысалы:
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп. – б
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп. - б




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет