1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар ауыз әдебиетінің түрлері, көркемдік ерекшеліктері



бет55/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

52.Балалар ауыз әдебиетінің түрлері, көркемдік ерекшеліктері.
Эпостық жырлардағы балалар ауыз әдеюбиетіне жататын нұсқалар
Ертегілер, өлеңдер мақалдар мен мәтелдерден басқа, халық шығармаларында ерлік істерді дәріптейтін эпос немесе батырлар жырлары бар. Халықтықшығармалардың ең көлемдісі, ең көбі, мазмұны мол ұзақ жырланатыны — осыбатырлар жыры. Батырлар жырының оқиғасы, желісі, ондағы әр дәуірден құралыпсуреттелетін кейіпкерлер де ерте замандағы халықтың өткен өмірін, ерлік істерін баяндайды.
Халық өміріндегі әр дәуірден құралған батырлықты, ерлікті суреттеу
эпикалық жырлардың ең басты ерекшелігі болып саналады. Ал батырлар образы —сол патриоттық идеяның көрінісі. Батырлар жыры — ауыз әдебиеті
шығармаларының ішіндегі ең асыл, көлемді мұраларының бірі. Батырлар жырыныңоқиғасы кызық, мазмұны терең, тілі көркем, әсерлі келеді, ондағы
кейіпкерлер қайтпас ер, жауына мейлінше қатал, өз еліне мейірімді, ар-
намысқа берік, ұстамды, өнегелі ісі бар адамдар ретінде суреттеледі.
Сондықтан батырлық жырларды балалар да аса қадірлеп сүйсініп оқиды.
Жастардың үйренуі, тәрбиесі және білім алуы бізге ескі қоғамның қалдырған
материалынан басталуы тиіс,— деген болатын В. И. Ленин.
Іріктеліп алынып, балалардың оқуына лайықталған эпостық жырлар да басқа шығармалар сияқты жас азаматтарды батылдыққа, ерлік іске, табандылыққа,әділеттілікке, ақылды және парасаттылыққа тәрбиелейді. Халық эпостарындағыбатырлар образы патриоттық идеяның көрінісі болғандықтан, ол балаларға күшті әсер етеді.
Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тыңдайды. Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, туған- туысқандарының айтуы бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал-мәтелдер, өтірік өлеңдер-бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз-мейрам етеді. Сайып келгенде,осының бәрін балалар ауыз әдебиеті деп атауға болады.
Балалар ауыз әдебиетіне халықтық шығармаларымен бірге туып жасасып келе жатқан, бала тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың өмір тәжірбиесіене туған игі ісі, жемісі жатады.
Балалар ауыз әдебиеті-балалардың психологиясымен, олардың ерекшелігімен санасудан туған және оларды тәрбиелеу ісінен келіп шыққан игілік.Жылаған бөбегін жұбату үшін немесе ұйықтату үшін ата-анасы балаға бесік жырын шығарған. Бөбектердің кішкентай саусақтарын қимылдатып, өз саусақтарымен өздері ойнап, уілдеп бірінші тіл қатқаны, мәз-мәйрам боп сықылдап күлгені ата-ананы шексіз қуанышқа бөлеген.
«Бесік жырынан » кейін- «тұсау кесу» жыры келеді. Мұнда жас нәрістенің қаз тұрып , апыл-тапыл басқаны «тәй-тәй» деген әнді әуенмен, жылы сөзбен , мазмұнды әсем ырғақпен жыр етеді. Балдырған өскен сайын әннің де, өлеңнің де мазмұны тереңдеп, енді балаға тілек, мақсаттар қойыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет