85.І.Жансүгіров – лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы ( «Малта», «Шәркей», «Жетісуға», «Жазғы шілде», «Жазғытұры» т.б. арналған өлеңдері). Ілияс Жансүгіров (5 мамыр1894 жыл, Алматы облысыАқсу ауданы - 1938 жыл) — ақын ,қоғам қайраткері.Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. Болашақ ақынның бұдан соңғы біраз уақыты ауылда өтеді. Орта жүздің Найман тайпасының Матай руынан шыққан1919 жылы. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 жылы МәскеудегіЖурналистика институтына оқуға түсіп 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып; 1934 жылы өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды. 1934–1937 жылдары Қазақ саяси баспасыныңредакторы, сонымен бір мезгілде; 1933–1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалады. 1938 жылы ату жазасына кесілген.1958 жылы ақталды
Бұл өлеңінде ақын Жетісу өлкесіндегі барлық табиғат сұлулығын даралап
сипаттайды.
Ыстық көл жер айнасы мөлдірейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені Жетісудың,
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді…
Ақын бұдан ары алты өзеннің әрқайсысының өзіндік сипати мен ерекшелігін оның халық шаруашылығына тигізетін пайдалы жақтарын көз алдыңа келтіреді.Одан әрі бұл жерді ерте заманнан бері қарай осы күнге дейін қазақтың қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады. Мұның өзі өлке танумен қатар бірталай тарихи мағлұматтарды білуге де септігін тигізеді. Табиғат сырын білуге құмарта, есі кете көңіл қоятын жас өспірімдер мұндай өлеңдердің әрбір жолын қызыға тыңдайды. Үлкен суреткердің көреген көзімен берілген табиғат образы көңіл-күйін білдіріп, адам сезімін терең оймен астаса береді.
Шымырлап іле қайнап құмды кезген,
Қыс қақпан, ұйық, дойыр, долы безген.
Алыстан араб көшкен керуендей,
Тоң мойын, томсарулы тұнжыр көзбен.
десе, Шелек өзені жайында мынадай суреттеулерді көреміз:
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста күн шығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.
Ілияс Жансүгіров балаларға өлке таныту мақсатымен Жетісудың өзендері мен көлдерін, тау-тастары мен жәндіктерін суреттесе, «Жер түгі» деген өлеңінде шығатын ағаштар мен өсімдіктерді тізбектеп өтіп, осылар арқылы балалардың табиғат тану қабілетін жетілдіре білуге көмектеседі.
Ағашта өзің білген қарағай, тал.
Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шатен, ырғай, арша.
Ақ сасық, қызыл қайың, арша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен.
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар.
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шатен.
Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар.
Қараған, бозторғай, шеңгел, шілек.
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Адамның күші өзінің ақылында деп бағалайтын болсақ, онда осынша табиғат байлықтарының бәрі де соның игілігіне жұмсалатын дайын ас. Егер адам баласы табиғаттың осындай бай мұрасын өзінің білімдігімен пайдалана білсе, қойнындағы бар асылын адам игілігіне ақтарып салатындай шек жоқ. Ілияс жаратылыс байлықтарын суреттеумен қатар, соларды қадірлеу, күту, оны халық игілігіне пайдалана білуін жас өспірімдердің естеріне салады. Сонымен қатар жаратылыс байлықтары мен оның құпиясын суреттейтін және соны халық игілігіне асыратын маман кадрлар шығуына бағыт сілтейді. Табиғат байлықтары мен оның көрікті суреттерін суреттеуде ақынның алға қойған мақсаттары осындай идеяны көздейді.
3.Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармаларының қамтыған үшінші үлкен тақырыбы – еңбек тәрбиесіне арналған. Бұл Ілиястың 1929 жылы Ташкентте, Алматыда басылып шыққан «Малта», «Шәркей» деген суретті кітапшаларынан көреді. Бұл кітапшалар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Жазушы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауы өте айқын және нақтылы болатынын ескерте отырып психологиялық ерекшеліктеріне тән материалдарды қызықта да күлкілі етіп, солардың өздеріне тарту екен. «Малта»да, «Шәркей» де еңбек процесінен шыққан еңбек жемісі екенін балаларға көптеген мысалдар келтірумен дәлелдейді.
Малтаның жасалу процесін ақын балаға былай түсіндіреді:
Жайылып келіп толтырған Ауыздарын қомпайтып,
Қоңырша қойдың сүті едім.Көбігімді ұлы алды.
Қатын қақтап сауған соң,Қаймағымды қызы алды.
Шелекте қалып бүркендім.Қаспағымды мысығы.
Пісірді де түсірді.Жуындымды күшігі…
Тостағынан томпайтып.
Малтаның өзінен өзі бірден жасала қоймайтынын, оның осындай қиын процестері бары, оған аналардың көптеген еңбек сіңіргені балаға жүйелі түрде айтылады.
Айран беріп балаға,Пісіп-пісіп толқыды,
Құя салды сабаға.Бетімде май күлкіді.
Тентек піскек түскен-ай,Қылшықтарын шайқады,
Күлдір-күлдір піскені-ай Тұзын татып байқады…
Бала өзі байқаған осындай әрбір құбылыстың мән-жайы, оның себептерін, осы процестің бәріне белгілі бір уақыттың кететінін, оған бірталай еңбек жұмсалып жатқанын да түсіне бастайды.
Серең сирақ сөреге,
Жайып қойды өреге.
Өреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.
Ақын «Малта» өлеңінде тіпті құртты жасау үшін де көп еңбек жұмсалатынын пайымдайды. Мұндағы ақын мақсаты құрттың жасалу жолын үйрету емес, соған жұмсалатын еңбек процестерін таныту. Мектеп жасына дейінгі балалар осы махзмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады да, ондағы сөз байлығын өздерінің күнделікті сөйлейтін лексикасына айналдырып жібереді. Осыған сәйкес сөз тізбектерін құрастыра сөйлеуге дағдылана бастайды, бұл өлеңді балалар оңай түсінетін тағы бір ерекшелігі – мұндағы кездесетін «Өре, саба, піскек, шүйке, шуда» сияқты қазіргі кезде қолданудан шығып бара жатқан қиын атаулардың бәрі де көрнекі етіп, суреттеумен берілген. Шынында да жұмыстың біржағын баланың өзіне істетіп оны еңбек процесінде араластыруы және өзінің сол жұмыстың тезірек орындалуына қызықтырып қою жазушының аса шеберлігін білдіреді.
86.М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Балалар әдебиетіндегі абай образы. Жазушы шығармасындағы адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде қозғалуы. Жазушының тіл шеберлігі. («Көксерек» повесі, «Жетім», «Қорғансыздың күні» әңгімелері, «Абай жолы» романы т.б.).
М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің, нәзік лиризмнің. Сон дай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
М.О.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының қазіргі Абай ауданында көшпелі малшының жан ұясында дүниеге келген. Атасы Әуе, әкесі Омархан елге қадірлі, сауатты, әдебиет пен өнерге құмар жандар болған. Абай аулымен сыйлас, аралас-құралас, туыс болған жандар. Атасы Әуез кішкене кезінен немесересі Абай өлеңдерін жаттатып отырған. Жазушының балалық шағы Абай аулында өтті. Мұның өзі болашақ жазушыға көп әсер етті. Өйткені , Мұхтар өзінің аса зеректілігімен Абайдың көптеген өлеңдерін алдырған кезінде- ақ жатқа айтатын болған.Алғаш Абай аулындағы бастауыш мектепте оқып , оны 1908 жылы бітіреді. Бір жыл өткен соң , 1909 жылы Семейдегі бес класты училищеге келіп түседі . Оны 1914 жылы бітіріп , 1915 жылы Семейдегі мұғалімдер дайындайтын семинарда оқиды. Бұл семинарияны 1919 жылы бітірді. Әр түрлі қызметте бола жүріп, 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетін , одан соң Ташкенттегі Орта Азия университетінің аспирантурасын бітірген.
М. Әуезов балаларға арнап көптеген шығармалар жазды. Шығармашылық алғашқы қадамдарында , яғни 20-шы жылдары жазған әңгімелер мен повесттері « Қорғансыздың күні» , « Барымта» , « Жетім» , « Ескілік көлеңкесінде» , « Қаралы сұлу» , «Қараш- қараш оқиғасы» , « Қилы заман» повесттері.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.
М.Әуезовтің, қазақ әдебиетінің , ұлы шығармасы «Абай жолы»алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрген. Абай жөніндегі роман-сол кезеңде кіллі дүние жүзіне көркем сөз құдіретімен, жазушы шеберлігімен қазақ Еліні әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын танытқан шығарма. Халықты, халықтың әдебиетін мойындатқан туынды.
Жазушылық жолын драматургиядан бастаған және оны өнерінің өзге салаларымен қатар жарыстары өмірінің аяғыына дейін дамыта жетілдіріп, құбылта құлпыртып әкелген Әуезов Мұқтар 1912 жылы «Қорғансыздың күні» деген әңгіме жазады. Бұл оның көркем прозасының басы еді. «Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылндағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңімен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс- тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі жаяды.Бұл ретте «Қорғансыздың күнінде» зор тәрбиелік мағына жатыр. Жазушының алғашқы прозалық шыығармасы-1921 жылы жазылғанн “Қорғансыздың күні” әңгімесі. Асыраушысы, сақтаушысы, қорғаушысынан айырылған жас Ғазиза, оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары. Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы, қиянат атаулының шегі жоқ дегенге сендіреді, Жан түршіктіреді. Жазушы табиғат суретін, Күшікбай жайындағы әңгімені тарта отырып, психологізм, символдық бей нені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі Жан дүниесімен үйлесімділік табады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі “Оқыған азамат”, “Кінәмшіл бойжеткен”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Қаралы сұлу” әңгімелері әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық әділетсіздік қана емес, адамдардың қым-қиғаш, қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан легенді айтады.
“Кім кінәлі?”, “Сөну-жану”, “Қыр суреттері”, “Жетім” әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Жазушының бірнеше әңгімелері бір-екі эпизодты, шағын оқиғаға құрылғанымен де табиғат суреттеуі, кейіпкер психологиясын беруі терең әрі нәзік.
Повестері. Жазушының табиғат, табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір ұүшін күресі, айқасы “Көксерек” повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген. Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас, суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етюді. Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түсен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады. Қанша қолдан тамақ беріп, түнде қойнына алып жатқанымен де, тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны, оның әр қимылынан, әр айла, әрекетімен көрінетіні көркем жазылған. Жазушы жыртқыш аңның психологиясын әр әрекетімен, әр ісімен береді. Осыған дәл табиғат суретін қоса өзгерте отырып, идеяға апарады. Қолда өскен Көксеректің алғашқыда қойды үркітіп қрорқыта бастауы, ұрлап тамақ жеуі т.б. әрекеттерінен жыртқыштығын байқата бастаған қасқырдың соңында өзі қолынан ас беріп , бауырына басқан Құрмашты өлтіріп кетуіне дейінгі аралықта жазушы осылай болуының себебін де оқырманның ашып тануына мүмкіндік береді. Шығармажауыздықтың, зұлымдықтың шығуына адамдар өзі түрткі болады деген бір ойды берсе, екінші жағынан, жаратылыстағы әркімнің өз өмір сүру әдісі бар оған иелік етуге, билік етуге, күшпен көндіруге болмайды деген ойды айтады.
Жазушының «Жетім» әңгімесіндегі жетім балалар тағдыры қатты толғандырған . Мұхтар мұндай төзімсіз жағдайларға жайбарақат қарай алмады . Сондықтан да ол «жетім» атты әңгімесінде қаңғып қалған Қасымныңтағдырына егіле отырып, оны дарынды шеберлігімен тебірене суреттеп берген . Әке – шешесінен жастайынан айрылып , әжесінің тізесін құшақтап қалған Қасым жарты жылдан, соң онымен де қоштасады.Қасымның тағдыры енді Иса мен оның ұрысқақ долы әйелі Хадишаға қарап қалды . Қасымның әке- шешесінен , әжесінен қалған отыз шақты қой , он шақты ірі қараға ие болған Иса мен Хадиша оларды талан – таражға түсіріп , көжеге ортақ қылғанша деп , ұрып – соғып , аштан- аш қаңғытып жіберді.
Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады: С. Қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен еенсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғызболған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қыылып тегістеп тастайды.Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз. Арқалықтың осы түрі оқырманы бірден-ақ бір түрлі оқыс оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қахарлы қыс, бұрқаған боран… Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тіршілігінің түрі тәрізденеді.Осындай әсерлі суретке жалғаса келіп, Күшікбай батыр жайлы аңыз әңгімеленеді.