1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет71/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92
Қартқожа" романы — Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. Бас кейіпкердің прототипі — Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев.
Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді. Әсіресе жазушы әлеуметтік тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметттік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл - автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы, "Алаш Орданың" құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі болып кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп, есін жинап, ілгері басады, болашаққа қарайды.
Шығармадағы басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Роман осы баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолы деп ол бала кезінен діни білім алып, молдалар жасайтын бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Бірақ қанша жерден діни білім алса да оның ешқайсысы не өзін, не әкесін кедейліктен құтқаруға жетпейді. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген кезінде, Қартқожа орысша терең білімі бар тілмаштардың, перуіатшіктердің ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде де көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін школға алмайтынын, жасының өтіп кеткенін көріп күрсінеді. Бар қиындық шешімі орысша оқып, хат тану екенін түсінген Қартқожа Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріп таниды. Оның үстіне кедейлігі қатты қысып, жұт әсерінен малы қырылған әкесі, үйіне байдікінен ұн әкелемін деп қаза тапты. Енді-енді көзі ашыла бастағанда Қартқожаны болыстар солдат болуға жазып қояды. Жасы жетпесе де болыстар Қартқожаны өздерінің балаларының орнына жаза салған. Мұндай зорлыққа шыдамаған Қартқожа секілді кедейлер көтеріліс жасайды. Қартқожа көтерілістегілермен бірге болып, мұндағылардың мінездеріне үңіледі. Дәрмен, Имақан және тағы сол сияқты адамдармен де жүздесіп, олардың да армандары теңдік екенін түсінеді. Алайда, мылтықпен қаруланған орыс әскеріне мына көтеріліс адамдары мүлде төтеп бере алмайды. Қартқожа амалсыздан соғысқа кетеді. Бірақ, солдат өмірі Қартқожаның көзін ашады. Ол Андрей деген жігітпен танысып, одан орысша үйреніп, дамыған заман туралы әңгімелер естиді. Одан әрі Қартқожа оқу жолына түседі.

Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, аңсаған, армандаған Қартқожаның халықты надандыққа қарсы, қара бастың қамын ойлауға қарсы шақыруы - оның жаңа заман рухын қабылдағанының белгісі. Жүсіпбек Қартқожаның өмір талқысынан өтіп, әділдік жағын тауып, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ совет әдебиетіне жаңа қаһарман қосты. Оның істейтін ісі әлі алда еді. Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор кедейлер ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі - жалынды жастардың" қатарынан көргісі келеді. Оның халықтық ойлары Қартқожа бейнесі арқылы өрбіп дамиды. Бұл - "Қартқожаның" жалпы қазақ романының тарихындағы маңызына қоса тақырыптық, идеялық жаңалығын да көрсетеді.
78. С.Торайғыров өлеңдеріндегі оқу-білім тақырыбы, еліне деген сүйіспеншілік, әлеуметтік қайшылықтарды суреттеу тақырыбы («Шәкірттерге», «Шәкірт ойы», «Оқып жүрген жастарға», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Туған еліме», «Кедей» поэмасы т.б.).
Қазақ әдебиетінің тарихында балаға мейірімі түспеген, өз шығармалары арқылы балаларды қызықтырмаған, балаларға ар- нап шығарма жазбаған бірде-бір суреткер жоқ десек қателес- пейміз. Қазақ әдебиетінде өзгеше сипатымен ерекшеленетін сондай қайталанбас тұлғалардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыров. С.Торайғыров аз ғұмырында орасан зор еңбек ет-кен ұлы ақын. Өмірі үлгі-өнегеге толы. Жастарды оқып, білім алып, өнерін ел ертеңі үшін жұмсауға шақырған жалынды сөз шебері. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, оның ішінде балалар әдебиетінің дамуына жаңа бағыт, тың идея өрісін салып кеткен белгілі Алаш азаматы.
Қазақ балалар әдебиетінде жаңа бағыт, жаңа идея тудыру- да жас өспірімдер арасында Сұлтанмахмұт шығармалары ерекше рөл атқарады. Ол өз туындыларында жасөспірімдерді оқуға, өнер-білімге шақыруда балалар әдебиетін жалынды күрес май- данына айналдырып жібереді және қараңғылықтың шырмауынан құтылу керектігін баса айтады. Мысалы, «Шәкірт ойы» өлеңінде өз елін мәдениет пен өркениетке жеткізуді көздейтін шәкірт ойы анық байқалады.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қраңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?
Сонымен қатар ақын болашақ жастарға ел үшін, халық үшін еңбек етуің керек деген үндеу тастап, жас ұландардың ел болашағын ойлау керектігін ұрандатады. «Оқып жүрген жастар- ға» атты өлеңі – ақынның осындай ниетте жазылған туындысы. Мысалы,
Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жолын тапқанда,
Біздер қайтіп барамыз?
Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз
Ол «Талаптыға», «Шығармын тірі болсам адам болып» се - кілді өлеңдерінде де өнер-білім, оқу жағдайын көп мадақтайды. Оның бұл өлеңдері балаларды білім алу, іздену жолында қа- жырлылыққа, төзімділікке, қиындықты жеңе білуге үйретеді. Ол жастарға өнер-білім мен оқудың пайдасын, бақыт адамның білі- мінде екенін, ал надандықтың емсіз індет екендігін сипаттап тү- сіндіруге күш салады. Мысалы, өзінің 18 жасында жазған «Оқу» деген өлеңінде былай деп ой қозғайды:
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек оқуменен өнер білмек.
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты,
Жоятын надандық қой емсіз міндет...
Ақын ел болашағы бүгінгі жасөспірімдердің қолында, сон- дықтан олардың арман еткен оқуларына қол жеткізуіне көмек- тесу қажеттігін баса айтады. «Бір баланың тілек батасы» өлеңін- де оны былай сипаттап көрсетеді:
Оқыт бізді, ағатай,
Қам көңілім болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр құдай –ай!
Баланы өз Отанының өмірлік даңқы үшін күресетін, өз халқы алдында адал қызмет етіп тәрбиелеуде С.Торайғыров өлеңдерінің мәні ерекше, ал шығармаларының тәрбиелік жақта- ры мен мазмұндылығы, көркемділігі мен жаңашылдығы балалар әдебиеті тарихында елеулі орын алды.
79. С.Дөнентаев - сюжеттік шағын өлеңнің шебері («Бозторғай», «У жеген қасқырға», «Арыстан мен тышқан» «Ауырған арыстан» т.б. мысалдары мен «Көркемтай»,т.б. әңгімелері),
С.Дөнентаев – белгілі ағартушы-педагог, балалар ақыны. Ол 1894 жылы Павлодар облысының Ақсу ауданында кедей- шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі өз заманының көзі ашық адамы болған. Жалғыз баласына жас кезінен бастап, білім, тәр- бие беруді мақсат тұтып, алдымен ауыл молдасы, 1908-1912 жылдары Павлодардағы татар және Қасым қажы медресесіне оқуға беріп, дін жолына әзірлемекші болады.Бірақ әкесі ойлаған- дай емес, Сәбит оқуын аяқтаған соң, төте жазудың мұғалімі бо- лып шыға келеді. 1913-1916 жылдары Павлодар обдлысының Ұрық болысында мұғалім болып қызмет істейді. 1915 жылы «Уақ-түйек» деген атпен екі бөлімнен тұратын өлеңдер жинағын бастырып шығарады. Онда барлығы 44 өлең жарияланған. Көбісіағартушылық рухта жазылған. Ол «Абай» журналы, «Сарыарқа», «Қазақ тілі» секілді басылымдарда қызмет атқарады. Ақын 1933 жылы 23 мамырда аурудан көз жұмады.
С.Дөнентаев ағартушы болғандықтан, оқу -білім мәселесіне үлкен мән берген. Оның жарқын үлгілері – «Замандастар», «Талап», «Балалық», «Менің жайым» сияқты өлеңдер. «Заман- дастар» өлеңінде ақын:
Жабысайық өлеңге,
Ынтықпай қарап өлерге.
Өзіміз керек демесек,
Керек қып бізді келер ме, - деп, замандас жастарды білім алуға шақырады. Білімді болмақ үшін іздену керектігін, жаңа- лыққа талапты болуы тиіс екендігін айтады. Сол заманның өмір- лік қажеттігіне байланысты оқуды тілмаш болу үшін ғана емес, қайта халыққа қызмет ету үшін оқу керек дейді. Бұл оқу-білім тақырыбын ағартушы ақын «Балалық» өлеңінде де өрбітеді.
Алдау үшін көз жұмғанды «өлді» деп,
Уансын деп ұсынғанды «берді» деп,
Көңілін жықпай ұсынғанды «берді» деп,
Нені көрсе, соған ерген балалық !
Ыстық ұрттап аузы күйген «салқын» деп,
Иегіне шұлғау орап «шарпым» деп,
Жылтыпаса, санын соғып «алтын» деп,
Сыртқы көзбен баға берген балалық !
Шығын демей қирағанды, күйгенді,
Тек отыр деп, дұшпан көріп, түйгенді,
Құбыжық деп бөркін баса кигенді,
Жығылғанын жұрттан көрген балалық !
«Ел қыдыртам, мінгіземін тайға» деп,
«Қаймақ пенен тойғызамын майға» деп,
Алдағанның бірін ұқпай айла деп,
Қолдағысын бәрін берген балалық ! – деп, адал, аңқау, әрі сенгіш бала мінездің қазақ ғұрпынан да шет еместігін сынайды.
Өнер үйреніп, мәдениетке жету идеясын көтереді. Мәдениетсіз ел-бала, сондықтан балалықтан тездетіп арылу керек дейді.
Ашкөздік пен қанағатсыздықтың түбі абыройсыздық еке- нін ақын «Көзі тоймаған ит» шығармасында:
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірменен дария кешпек.
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Мұнда да бір сүйек бар, бақса түстеп.
Судағы ит – бұл бейбақтың көлеңкесі,
Білерлік көлеңкені болмады есі.
Толымды көрінген соң анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға, қайраттанып.
Түскен соң жойқын суға ол батырдың
Ісінің не болғаны айдан жарық, - деп, қомағай иттің арса- лаң әрекетін әжуалай келе:
Әрқайда ашкөздінің олжасы осы,
Байқасаң іс түбіне көзің салып, 17 - деп дидактикалық на- қылмен қорытындылайды. Оның балаларға арналған шығарма- лары қысқа, әрі мазмұнды, әрі түсінуге жеңіл болып келеді. Өті- рік, өсек, жағымпаздық пен менмендікті әшкерелеу - ақын жаз- ған мысалдардың басты тақырыбы. Оның «Ауырған арыстан», «Көзі тоймаған ит», «Екі теке» т.б. сияқты шығармаларының тәрбиелік мәні, танымдық маңызы зор.
80. С.Көбеевтің төл шығармалары- шағын әңгімелері мен өлеңдері («Ғалым мен балалар», «Екі соқа»,«Түскі тамақ пен кешкі тамақ» т.б.). Ағартушылық бағыт пен оқу-білім тақырыптарындағы шығармалар. Аллегория, сатира, юмор, сарказм туралы ұғымдарды кеңейту.
С.Көбеев - өзінің барлық саналы ғұмырын балалар тәрбие- сіне арнаған, балаларға арнап оқу құралдарын жазған, оқыту- шылық пен жазушылық қызметті қатар алып жүрген педагог, жазушы, аудармашы, Ы.Алтынсариннің шәкірті. Жасынан Ыбырайдың ағартушылық, ұстаздық жолын үлгі тұтып, сол жолда жүріп Спандияр енді мақсатына жетіп, алған білімін ел мүддесіне жаратуға мумкіндік туғанын өз естеліктерінде былай- ша еске алады:«Алдымда туып-өскен ауылым. Мәдениеттен кен- же қалған қаранғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпек- ші. Сол ауылда қолымнан келгенше мәдениет шамшырағын жақ- пақшымын. Бір кездегі өзім сияқты, кіршіксіз таза, уыз тілекті жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолы- на, мәдениет соқпағына түсіремін деп асығып келемін» 15 . Спандияр өз ауылында және оған таяу жердегі мектеп- терде орын болмай, Қостанайдан мың шақырымдай Ырғыз уе- зіндегі Толағай деген жерге жіберіледі. Жүрегі надандық торына шырмалған халқы үшін білім шырағын жазу үмітіне толы жас жігіт жердің шалғайлығына қарамай, сонда оқытушыболып ба- рады. Онда бірталай қиыншылықтарға кездеседі. Арнаулы сал- ған мектеп үйінің жоқтығы, жабдықтар мен оқу құралдарының жетімсіздігі, балаларын орысша оқытуға ел ішіндегі наразылық көзқарас-бәрімен жас мұғалім жалғыз күреседі. Балаларды Ыбырай әдісімен орысша оқытады, ғылым негіздерін үйретеді. Сөйте жүріп, Спандияр өзіне тілектес достар табады. Ол ел адамдарына ғылым салаларынан түсінік береді. Орыс әдебиеті- нің көрнекті өкілдері Пушкиннің “Дубровский”, Н.В.Гогольдің “Өлі жандар”атты шығармалары мен А.П.Чеховтың күлкілі әнгі- мелері, И.А.Крыловтың мысалдары Спандиярдың ауызша әңгі- мелері арқылы ел ішіне тарайды. Кейін Спандияр Крылов мы- салдарын аудара бастайды. Мұны ол ескі ауылдағы ұнамсыз мі- нез-құлық пен ел әкімдерінің, бай–шонжарлардың кертартпакөзқарастарын сынауға пайдаланады. Жазушы өз естеліктерінде бірде бала оқытып жатқан үйге Ыбырай деген байдың жас төл- дерді әкеп қамағанын әнгімелейді. «Үй менікі, бұл үйді салдыр- ған менмін. Арық–тұрақ төлдерімді далаға қоя алмаймын. Мына отырған қу маңқаларыңнан маған төл артық» дейді бай. Бұған ыза болған Спандияр Крыловтың “Көлбақа мен Юпитер”атты мысалын аударып, ел ішіндегі оқу-білімнің маңызын ұқпас то- ғышарларды әшкерелеуге жұмсайды. Оны кешке жиналған дос- тарына оқып береді. Осыдан бастап Крыловтың мысалдарын жүйелі аудара бастайды. Ол аудармалары 1910 жылы Қазанда “Үлгілі тәржімә”деген атпен басылады. И.А.Крылов мысалда- рын кезінде Абай мен Ыбырай, одан кейін Спандиярдың заман- дастары А.Байтұрсынов пен Б.Өтетілеуов те аударған. Солардың бәрінің Крылов мысалдарына жүгіну кездейсоқ емес еді. Сол дәуірдегі орыс қоғамы мен қазақтың тұрмыс-тіршілігінің, олар- дағы әлеуметтік теңсіздіктің, зорлық пен әділетсіздіктің ұқсас жақтары да аз болмайтын. Сондықтан қазақ ақындары Крылов мысалдарында суреттелетін арыстан , аю, қасқыр, түлкі сияқты жыртқыштардың қой – қозы, өгіз тәрізді момын жануарларға жасаған зорлығынан ел өмірінің шындығын таныды, оны тұс- палдау арқылы сынауға мүмкіндік алды. Қаладан шалғайда, қа- ранғылықтың қаймағы бұзылмаған заманда Ыбырай байдың аулы сияқты жерлерде Көбеев те осы тәрізді сорақылықтарға ұшырасты. Оларды жас ұстаз ақын Крылов үлгісімен сынауға тырысты. Мұның бәрі заманның талабы еді. Зорлық пен әділет- сіздікті ғана емес, надандық пен тоғышарлық, мақтаншақтық пен көрсеқызарлық, әлін білмей, қолдан келмес іске ұмтылушылық сықылды өрескел қылықтарды да Көбеев Крылов мысалдарын аудару арқылы сынға алған. Мысалы,ол “Маймыл мен көзімдірік ”атты мысалда біреудің айтуымен көзілдірік алып, оны іске жа- рата алмаған маймылды күлкі етеді. С.Көбеевтің 1912 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Үлгілі бала» деген кітабы бастауыш мектептегі қазақ балалары үші оқу құралы ретінде құрастырылған. Оған автор өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақ- тың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғат жайлы балаларға мәлімет беретін қысқа-қысқа әңгімелерді кіргізген. «Үлгілі балаға» С.Көбеевтің өзінің де біршама төл шығармалары енген. Олар - әлеуметтік теңсіздікті, зорлықты, кейбір жандардың қатыгездігін әшкерелейтін, жетім-жесірді аяуға үндейтін өлендер мен әңгі- мелер. “Жетімнің өлеңі”атты шығармасында автор жастай жетім қалған баланың аянышты тағдырын суреттей отырып, жалпы халықтың азаттығы идеясын қозғайды. “Үлгілі бала”кітабының маңызы оның алғашқы оқу кітаптарының бірі екендігінде ғана емес, сонымен қатар, ондағы шығармалар Спандиярдың жазушы ретіндегі азаматтық көзқарасының толыса түскендігінің айғағы тәрізді.
С.Көбеев 1901 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін халық мұғалімі болған. Оның балаларға арнаған шығар- маларының бірқатары аударма болғанымен, негізінен балаларды оқыту, тәрбиелеу процестерімен тығыз байланысты. Шығарма мазмұны мен идеясын балаға мейлінше түсінікті болу үшін қойылған сұрақтар бойынша жауап беріп, оны пысықтап отыр- ған. Бұл арқылы балалардың есте сақтау, қабылдау сияқты қа- сиеттерін дамытуға тырысқан. Балаға жан-жақты тәрбие беру үшін кітабына енгізген шығармалардың тақырыбы әр алуан болуын ескерген. Жазушының төл туындылары қазақ даласына салына бастаған жаңа типті мектептер үшін жетіспей жатқан оқулық мәселесін шешуге көп сеп болды. Оның жарыққа шық- қан шығармалары алғашқы адым, алғашқы бастама ретінде өте қажетті кітаптарға айналды. Әр жылдары мерзімді баспасөз бет- терінде «Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу», «Балаларды оқуға ынталандыру» сынды мақалалары жарық көрген. Жазушы өзінің 50 жылдық ұстаздық іс-тәжірибесін «Орындалған арман» (1951,1954) атты мемуарлық шығармасында баяндаған.



81. Бастауыш сыныпта өтілетін ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті.
ХХ ғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті. Өйткені осы кезден бастап Қазақстанда маркстік, лениндік идеялар өріс алды. Ревалюциялық қозғалыстың күшеюі қоғамдық жағдайларға өзгерістерге енгізе бастады. Қазақ арасында орыс білімінің, орыс мәдениетінің таралуы, өріс алуы қазақ халқына зор бақыт әкеледі. Орыс мәдениеті қазақ халқының көзін ашып, көңіл күйін оятты.“1905 жылдан кейін халық ағарту ісінің дамуы қазақ тілінде кітап , газет журналдардың шығарылуы Россиядағы демократиялық қозғалыстың жеңістерінің бірі болды”. Осындай түбегейлі жаңалықтар ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылар ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының ой-топшылауларынан әлдеқайда оздырып әкетті.
ХХғасырдың басы Қазақстан мәдениетінің , халық ағарту жұмысының дамуына зор ықпал етті . Ақын- жазушыларды ХІХғасыр қаламгерінің ой-топшылауларынан әлде қайда оздырып әкетті .
М. Сералин, С.Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаевтар күрделі мәселелер көтерді . Анатілінде оқу құралдарын жазуды және балаларға орысша білім берудің қажеттігн жақтады . Дәл осы тұста Абайдың немересі Әубәкір ақынның сол кездегі жеке дыбыстармен байланыссыз , жеке- жеке сөздерді жаттатып оқыту әдісін сынап жазған өлеңдерінің екі шумағын мысалға алайық.
Сөз берсең ,берсең еді мағыналы,
Ондай сөз осы ауылдан табылады.
«Абай» , «ата», « таға» мен « өгіз» , «сегіз» ,
Жаттай беріп бала оны не қылады.
Қайтер еді әуелі «ата» десе ,
Атын жазып тағы да «апа» десе,
Орыстардың үйрен деп азбукасын , –
Ыбырай айтпап па еді күні кеше
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев сынды ақындар қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi, жас ұрпақты өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi “Маса” боп құлағына «ызыңдап» оятса, бiрi “Оян, қазақ!” деп бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның “Қамар сұлу”, “Кiм жазықты?” атты романдары, “Адасқан өмiр”, “Кедей”, “Таныстыру”, “Қала ақыны мен дала ақынының айтысы” поэмалары, лирикалық өлеңдерi, публицистикалық мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев “Қалың мал” атты роман жазды. “Айқап” журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары (“Гүлқашима”, “Топжарған”) басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттi толықтыруда “Исатай-Махамбет” дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, қазақ әдебиетінің дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiн де (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демократтық-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты.


82. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы балалар әдебиеті. Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы.

Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:



  1. қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І

  2. ұлттық өнерді зерттеу;

  3. қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

  4. қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;

  5. қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.

Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.

Сәкен Сейфуллин
1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет