«Сауда Ишан» дастаны-лиро-эпостық жырлар қатарына жататын шығарма. Жас өспірімдерді атеистік тәрбиеге баулуда бұл дастанның тәрбиелік ролі зор.Мешіттер мен көне қабырларды әулие орындар, «киелі жер» деп оқымаған қараңғы хъалықты соларға табындырып, алдап келген молдалар мен ишандардың құпия сырларын, жұрт шошырлық масқара істерін бастан-аяқ жүйелі түрде әшкере ететін халықтық шығармалар ішіндегі ең ұзақ айтылып, жырланатыны –«Сауда-Ишан»- дастанының оқиға желісі дін құпиясын бетке ұстап, қалың бұқараның арсында әр алуан зұлымдық, опасыздық, жиренішті істер жүргізген дін басыларын әшкере етуге, олардың зұлымдық әрекеттерінің бет пердесін ашуға, әйелдердің бас бостандығы үшін күресін, дін бұғауынан құтылу әрекетін жырлауға арналған.Дастанның идеясы мен көркемдік бірлестігі тұтасып, оқушыға өжеттік ой, қажырлы қайрат береді. Гүлжанаттың азаматтығы мен ерлігіне сүйсіндіріп отырады.Поэманың компазициялық құрылысында адам арманына жетелейтін оптимистік үміт, жақын сенім бар. Гүлжанат әдейі әкесінің намысына, қытығына тие сөйлейді.Мәһәлбайдың дінге сеніп істеген істерін, надандығын бетіне баспақ болады. Әкесінің ұрғанын, ұрысқанын, өлім жазасына бұйырғанын кек қылмағансиды. Бәріне де көне жүріп, Сауда Ишанды халық алдында әшкере етуді көздейді. Әрине, бұл үшін үлкен төзімділік, қайсарлық пен ақыл парасат керек. Мұндай ізгі қасиеттер Гүлжанатқа бар еді.
ХХғ басындағы азды көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан шығармаларында ағартушылық бағыт көзқарас ұстаған ақын жазушылар: Ақмолла Мұхамедияр, Әбубәкір Шоқанов Кердері, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Көппев, Байжанов, Мұсабек Байзақов. Ағартушы ақын жазушылардың негізгі шығармалары заман халық дүниетірлік туралы халықтың тұрмыстық хал жайы мұң тілегі туралы. Олар бұл шығ.ларында ескіліктің феодалдық қоғамның кей жағын сынап мінейді. Жақсыны жаңаны дәріптейді.
Б. Соқпақбаев. Менің атым Қожа. Қожаның бейнесі.Қожа- Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны “Қара Қожа” деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы – орта бойлы, әжесі “әкең тәрізді сұңғақ боласың” дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші класты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.Бұл повестте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады
89.Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Ж.Жабаев («Ленинградтық өренім», «Балама хат», «Москваға», «Капитан Гостелло», «Жиырма сегіз батыр» т.б.өлеңдері), Б.Бұлқышев («Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі, жастар», «Тыңда, Кавказ!», т.б. публицистикалық шығармалары), С.Мұратбеков («Жусан иісі»повесі), Ғ.Мүсіреповтің ( «Қазақ солдаты романы»).