2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет7/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.


Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. 


Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.



  1. Психикалық күйлер ұғымы, сипаттамасы және түрлері.



Адамның психикалық жай-күйі — адам мен сыртқы ортаның өзара қатынасы
қызметін атқарушы психиканың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы.
Психикалық жай-күй былай жіктеледі:
- созылу белгісі бойынша:
- жетекші компоненттері бойынша;
- олардың жалпы тонусының ынталы болудәрежесі;
- сананың белсенді әрекет дәрежесі;
- үстемдік етуші (тұлғаның) қасиеттері бойынша.
Психикалық жағдайлардың ұзақтық белгісі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- уақытқа байланысты салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ жағдайлар — ұжымның жалпы психологиялық күйін көрсетеді;
- уақытша, жағдаятты, жедел өтетін жағдайлар- жұмысшылардың өзара қарым-қатынасында немесе өндіріс процесіндегі болатын кемшіліктерден (ұрыс-керіс) келіп шығады;
- еңбек әрекеті барысындағы жүйелі түрде пайда болып тұратын жағдай — жұмысқа бейімділік, жұмысқа төменгі дайындық, жоғары жұмыс қабілеті, қажу.
Жетекші құрамдас бөліктер бойынша психикалық жағдайлар топтарға бөлінеді:
- эмоциялық, ерікті — ерікті күш салу жағдайы;
- зейіннің жағдайы — шашыраңқылық, жинақтылық;
- ойлау белсенділігімен сипатталатын жағдай — ойшылдық, шабыт, бір ойдың келуі. Еңбек психологиясы үшін зорлану дәрежесі(напряжение) жағдайы үлкен маңызға ие. Бұл жағдай әрекеттің тиімділігіне әсер етеді.
Зорлану жағдайы бойынша психикалық жағдай мынадай топтарға бөлінеді:
- интелектуалды зорлану — толып жатқан проблемалық жағдаяттарда интеллектуалды процестерге жиі бет бұру барысында туындайды;
- сенсорлы зорлану — сенсорлы жүйенің әрекетінің үйлесімсіз жағдайларда қажетті информацияны түйсінудегі үлкен қиындықтары барысында пайда болады;
- бір сарынды — зейін ауысуы мүмкін болмаған жағдайларда орындалатын әрекеттердің біркелкілігі барысында туындайды;
- көп сарынды — күтілмеген бағыттарға зейіннің жиі ауысуы қажеттілігінде туындайды;
- эмоциялық зорлану — дау-дамай жағдайларында, апатты жағдайлардың болуының жоғары мүмкіндіктері туындаған жағдайларда пайда болады;
- мотивациялық зорлану — шешім қабылдау критерийлерін таңдау барысында туындайды;
- қажу — ұзаққа созылған жұмыстан келіп шыққан жұмыс қабілеттілігінің уақытша төмендеуі барысында туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет