2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


эпидидимиті) қоздыратын ауруы бойынша қолайсыз пункттерде



бет124/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141
эпидидимиті) қоздыратын ауруы бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі (сауықтыру)
1142. Қошқарлардың инфекциялық эпидидимитпен ауырғаны анықталған жағдайда ауру малдарды союға өткізеді, ал шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қояды.
1143. Ауру қошқарлармен байланыста болған қой басын (қошқарлар мен қойлар) серологиялық әдіспен КҰБР күнтізбелік 15-20 күн сайын үш рет (қатарынан) теріс нәтиже алғанға дейін зерттейді. Ауру малдар анықталған жағдайда оларды (саулық қойларды олардан алынған төлдерімен бірге) союға тапсырады. Іш тасталған төлдер бар болған жағдайда оларды зертханаға биосынама қоя отырып, бактериологиялық зерттеуге немесе ПТР жібереді.
1144. Барлық ауырған мал басын союға тапсырғаннан және санитариялық жұмыстар жүргізгеннен кейін зерттеулердің теріс нәтижелері алынған жағдайда пунктті қолайлы деп таниды және жануарларды мақсаты бойынша пайдаланады.
1145. Одан әрі осы Қағидалардың 1087-тармағында көзделген әдістермен және мерзімдерде тұқымдық қошқарларға міндетті жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізеді.
Ескерту. 1145-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. Эпизоотиялық ошақтарда және түйелердің,


шошқалардың, терісі бағалы аңдардың, маралдар мен бұғылардың
бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерінде жүргізілетін
ветеринариялық іс-шаралар тәртібі (сауықтыру)
1146. Түйелердің бруцеллез бойынша қолайсыз мал басын кейіннен ауру жануарларды бөлумен және бекіту іс-шараларын жүргізумен олармен құрамдас барлық жануарды (сауықтыру кезінде бруцеллезбен ауырған жануарлар анықталған шаруашылық субъектілеріндегі) жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен сауықтырады.
1147. Шошқаларда бруцеллез анықталған жағдайда оң сер етуші мал басын, оның ішінде төлдерін қоса союға өткізеді және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүргізеді. Қора-жайларды санациялағаннан кейін және басқа жануарлардан теріс нәтиже алған соң шектеуді алып тастайды.
1148. Барлық санаттағы аң өсіру шаруашылықтарында және ит питомниктерінде бруцеллез анықталған жағдайда қолайсыз топтың барлық жануарларын өлтіреді, терілерін зарарсыздандырғаннан кейін қолданады. Қалған мал басын екі рет теріс нәтиже алынғанша тексереді. Ауру жануарларды жойғаннан және ветеринариялық-санитариялық жұмыс кешенін жүргізгеннен кейін пункттен шектеуді алып тастайды.
1149. Маралдар мен бұғылардан бруцеллезді табу үшін пантыны кесу кезеңінде қандары зерттеледі. Әсер беретін жануарлар анықталған жағдайда оларды сояды. Аурудың алдын алу мақсатында табындардың қозғалыс бағыттарын анықтайды. Төлдеу кезеңінде шуларын және іш тасталған төлдерін жояды, ал табынды жайылымның жаңа учаскелеріне айдайды.
1150. Егер кезекті зерттеу кезінде табында диагностикалық тестілердің оң нәтижесімен жануарлар анықталмаса және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілген болса, табынды қолайлы деп таниды.
8-параграф. Адамдардың бруцеллезбен ауруына жол бермеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет