2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет123/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141
жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1064. Ара ұясының аурулары немесе өлiмi туралы қоғамдық және жеке омарталардың омарташылары тиiстi әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторына дереу хабарлайды.
1065. Тиiстi әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторы барлық ара ұясына тексеру жүргiзудi, ауруларды анықтауды және аурудың себептерiн табуды, аурудың көзiн анықтауды, таралу жолдарын, жұқпа ауруының (инвазияның) таралу дәрежесiн анықтауды ұйымдастырады және осы Қағидаларда көзделген қажеттi іс-шараларды қабылдайды. Аурудың диагнозын түпкiлiктi анықтау үшiн патологиялық материалдарды таңдап алып, ветеринариялық зертханаға зерттеуге жiбередi.
1066. Жұқпалы ауру немесе улану анықталған жағдайда, тиiстi аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторы мынадай іс-шараларды жүргiзедi:
1) осы аумақта орналасқан барлық омарталардың иелерiне және көршi аудандардың (қалалардың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына хабарландыру жiбередi;
2) осы омарталарға, араларына, аналықтарға, омарташылық өнiмдерiне және араларына күтiм жасауға қолданатын заттарға ветеринариялық-санитариялық тексеру жүргiзудi ұйымдастырады.
1067. Аралардың аса қауiптi аурулары анықталған жағдайда (америкалық шiрiме, еуропалық шiрiме, залалды тұқым-құрт), карантин қойылады.
1068. Аралардың жұқпалы аурулары анықталған жағдайда (гафниоз, варроатоз, аскофероз) шектеу шаралары қойылады.
1069. Карантин немесе шектеу iс-шаралары қолайсыз омарталарға қойылғанда, жеке және заңды тұлғалар мынадай ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар жүргiзедi:
1) қолдануға жарамсыз омарталарды брактайды және балауызға өңдейдi;
2) қолданыста 2-3 жыл болған жарамды кәрездерді, дүкендік кептiргiшті залалсыздандырады (зарарсыздандырады);
3) аралардың көшiп-қонатын орындарын, ара ұяларын, рамкаларын, құрал-саймандарды, арнайы жұмыс киiмдерiн дезинфекциялайды;
4) ара үйiрлерiне қарсы шаралар қолданады;
5) омартада араларды бiр жерден, бiр ыдыстан тамақтануға, сироп iшуге және бал алғаннан кейiн кәрездерiнiң қатар орналасуына рұқсат етілмейді, әлсiз және аналығы жоқ ұяларды өсiруге жол бермейдi;
6) аурудан арылған аралардың көшiп-қонатын орындарын, ара ұяларын, кәрездерін, құрал-саймандарды, арнайы жұмыс киiмдерiн және басқа қонатын құралдарды толық тазартуды және дезинфекциялауды жүзеге асырады.
1070. Ауру ара ұясына емдiк ветеринариялық препараттар қолдану жөніндегі тиiстi нұсқауға сәйкес берiледi (қолданылады).
1071. Барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар кешенiн жүргізу шарты кезінде карантин мен шектеулер алынады.
3-параграф. Араның жеке аурулары кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1072. Америкалық шiрiме. Аралардың америкалық шірімемен ауруы анықталған кезде омартаны және оның айналасындағы 5-7 километр алқапты осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және карантин қойылады.
Өлекселерi бар кәрездерді ауру ұядан алып тастайды және балауызға өңдейдi; балауыз қалдығын өртейдi. Араларды ауру ұядан үйірлерге сыпырады (мұның алдында ұяларды түтiнмен өңдейдi) және 1-2 тәулікке қыстаққа орналастырады.
Ауру ұя араларын парақ қағазға сiлкидi және түскенi бойынша түтiнмен дезинфекцияланған қолайлы кәрездерге немесе балауызы бар рамкаларға жіберіледі. Одан кейiн қағазды жағады.
Аурудың нақты белгiлерi жоқ аралардың тұқымдарын арнайы инкубатор-ұяларда өсiредi.
Мұндай ұялар ұшатын ұяларды майда торлармен жабады, аналықтарды сау аналықтармен ауыстырады, араларды сумен және ем сироптарымен қамтамасыз етедi. 10-18 күннен кейiн жас араларды жаңа ұяларға қайтадан қондырады.
1073. Омартада барлық ара ұяларын емдеу кезiнде бөлінген микроорганизм штаммдарының сезiмталдық ерекшелiктерiне қарай антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын тиiстi нұсқауларға сәйкес қолданады.
Балдан босаған және құрамында өлген араның өлтірігі, ұя және ара шаруашылығы құралы жоқ бос қолайсыз кәрездерді дезинфекциялайды.
Омартаның аурудан қолайсыз ара ұяларынан алынған балауызды техникалық өңдеуге жiбередi.
Ара балын және гүл тозаңдарын тек қана жем үшiн өткізеді.
1074. Европалық шiрiме қоздырушысы анықталған кезде омартаға карантин қойылады.
Ауруға шалдыққан ұяларды: қысқартады және жылытады, адал сапалы жеммен қамтамасыз етеді; әлсіз ауыру ұяларды біріктіреді, аналықтарын сауларына, өнім беретіндеріне ауыстырады.
Емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары америкалық шiрiмеде көрсетiлгендей жүргiзiледi, кәрездерді және мүкәммалды зарарсыздандырады.
Ара балын және гүл тозаңдарын тек қана жем үшiн өткізеді.
1075. Омартадан карантиндi бiр жыл өткен кейін, ал шектеулерді ауруды жойғаннан кейін алады.
1076. Қалталанған өсiн анықталған кезде омартаны аталған ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және оған карантин қойылады.
Егер ауру омартада бiрiншi рет тiркелiп отырса, онда ауру ұяларын барлық ұяларымен және құрама бөліктермен бiрге дереу жою туралы шешiм қабылдайды.
Бос жарамды кәрездер, ұялар және ара мүкәммалы дезинфекцияланады. Өлген личинкаларының қалдықтары бар кәрездерді балауызға ерітеді.
1077. Гафниоз анықталған кезде омартаны аталған ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және оған карантин қойылады.
1078. Ауру ара ұяларына дәрілік жем береді.
Бос жарамды кәрездер, ұялар және ара мүкәммалы дезинфекцияланады.
Ауру ұялардан алынған бал кондитерлік өнеркәсіпте термиялық өңдеу шартымен тамақ мақсатында пайдаланылады.
99-тарау. Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 99-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жануарлар бруцеллезінің диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 1-параграф жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1079. Бруцеллезге диагноз қою үшін эпизоотологиялық, клиникалық, серологиялық, бактериологиялық әдістерді (биосынама қоя отырып) және ПТР қолданады.
1080. Жануарларды бруцеллезге диагностикалық зерттеу жүргізу кезінде Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы (бұдан әрі – ХЭБ) ресми түрде ұсынған мынадай серологиялық тестілерді қолданады: комплементті байланыстыру реакциясы немесе комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы – CF (КБР/КҰБР), Бруцелланың буферден тыс антигенімен тест – ВВАТ (ПРА/РБС), иммундық ферментті талдау – Elіsa (ИФТ) және флуоресцентті поляризация – FPA (ФПА). Бруцеллез бойынша табынның (отардың) мәртебесін анықтау үшін бактериологиялық (биосынама қоя отырып) әдіс немесе ПТР қолданылады.
1081. Овис Бруцелласы тудыратын ауруға күдіктенген кезде ұсақ малды овистік антигені бар КҰБР-мен немесе ИФТ-мен зерттейді. Түсіктер болған кезде биосынама қоя отырып, бактериологиялық зерттеулер немесе ПТР жүргізеді.
1082. Бактериологиялық зерттеуді (биосынама қоюды қоса алғанда) немесе ПТР-ны бруцеллез ауруына күдік тудыратын клиникалық белгілері бар жануарлардан алынған патологиялық материалдарға, сондай-ақ серологиялық мониторинг кезінде диагнозды растау үшін мәжбүрлі түрде өлтірілген жануардан алынған материалға жүргізеді. Ветеринариялық зертханаға трихомонозға, кампилобактериозға, сальмонеллезге, лептоспирозға, хламидиоздық іш тастауға, листериозға, иерсиниозға зерттелуге келіп түскен түсіктер міндетті түрде бруцеллезге зерттелуі тиіс.
2-параграф. Бруцеллез бойынша саламатты пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-параграф жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1083. Саламатты пункте, эпизоотологиялық бірлікте қосымша зертханалық зерттеулерді, вакциналауды қоса алғандағы ветеринариялық іс-шаралар Бруцеллезге қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүргізіледі.
1084. Жоспарды ЖАО құрған ветеринариялық пункттерімен (бұдан әрі – ВП) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың (бұдан әрі – МВҰ) ветеринариялық мамандары құрады. Әрбір ВП немесе МВҰ бойынша эпизоотологиялық бірліктерді қамтитын бір Жоспар құрылуы тиіс.
1085. Ауыл шаруашылығы құралымдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың (бұдан әрі – АШТӨ, ШҚ, ФҚ) ветеринариялық дәрігерлері өздері қызмет көрсететін эпизоотологиялық бірліктерге арналған өздерінің Жоспарын өздері әзірлей алады және бұл жоспар осы АШТӨ, ШҚ, ФҚ орналасқан аумақтағы МВҰ-ның, ВП-ның Жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады.
1086. Жеке қосалқы шаруашылықтар үшін профилактикалық іс-шараларды осы эпизоотологиялық бірлікке қызмет көрсететін МВҰ-ның, ВП-ның ветеринариялық дәрігерлері жасайды және МВҰ, ВП жасайтын Жоспардың құрамдас бөлігі болып табылады. Жоспарда барлық іс-шаралар эпизоотологиялық бірліктер бойынша бөлінеді. Эпизоотологиялық бірліктердің саны өзгерген жағдайда, ветеринариялық дәрігер Жоспарға өзгерістер енгізеді.
Әрбір ВП Жоспарды МВҰ-ға жібереді. МВҰ облыстың ЖАО бөлімшелерімен, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ауданның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша аудан үшін жиынтық Жоспар жасайды және бекітеді.
МВҰ Жоспарды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшесіне жібереді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшелері сәйкесінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелеріне ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосын келісуге жібереді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ЖАО бөлімшесі облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының қолы қойылған Жоспарды ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жолдайды. Ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Жоспарлары негізінде республикалық Жоспар әзірлейді, оны ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының төрағасы бекітеді және ветеринария саласындағы уәкілетті органның жетекшілік ететін вице-министрі келіседі.
Ескерту. 1086-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1087. Республика, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейіндегі Жоспар эпизоотологиялық бірліктер саны мен олардың саламаттылық мәртебесі көрсетілген іс-шаралар тізбесін қамтуы тиіс және мынадай үш бөлімнен тұруы тиіс:


1) ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралар (жануарларды бірдейлендіру, эпизоотологиялық бірліктерді қалыптастыру, жануарларды мал шаруашылығы технологиясымен (бар болса) күтіп-бағу шарттары);
2) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар (дезинфекция, дератизация, дезинсекция);
3) арнайы ветеринариялық іс-шаралар (диагностика, профилактика, сауықтыру).
Сондай-ақ, Жоспар үш бөлімге бөлінеді: саламатты пункт, саламатты эпизоотологиялық бірлік, саламатты пункт немесе қосымша диагностикалық зерттелетін эпизоотологиялық бірлік, вакциналанатын, саламатсыз пункт.
Жоспар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға адамның бруцеллезбен ауруына жол бермеу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың бірлескен республикалық жоспарын дайындау үшін жіберіледі. Эпизоотологиялық бірліктер деңгейіндегі кез келген өзгерістер тиісті Әкімшілік-аумақтық бірліктің жоспарына енгізіледі, содан кейін бұл өзгерістер ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, республиканың Жоспарларына енгізіледі. Жоспарға өзгерістерді енгізуді аудан, облыстық маңызы бар қала, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде – МВҰ, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО-ның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, республикалық деңгейде – ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
Ескерту. 1087-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1088. Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллезге қарсы вакциналауға жол беріледі.


Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес вакциналанған ірі қара малды, қойлар мен ешкілерді, вакциналанған жануарлардан алынған тұқымдық жануарлардың шәуетін тасымалдауға жол берілмейді. Вакциналанған тірі жануарларды және вакциналанған жануарлардан алынған өнімді үшінші елдерге экспорттау импорттаушы елдің талаптарына сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы аумағының ішінде әртүрлі мәртебедегі эпизоотологиялық бірліктер арасында жануарлардың орнын ауыстыруға жол берілмейді. Вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірліктен вакциналау жүргізілмеген эпизоотологиялық бірлікке вакциналанған жануарлардың орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді. Эпизоотологиялық бірліктерден вакциналау жүргізіліп жатқан эпизоотологиялық бірлікке вакциналанған жануардың орнын ауыстыруға рұқсат етіледі.
Вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірліктен вакциналау жүргізілмеген эпизоотологиялық бірлікке вакциналанған тұқымдық жануарлардан алынған шәуеттің орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді. Эпизоотологиялық бірліктен вакциналау жүргізіліп жатқан эпизоотологиялық бірлікке вакциналанған тұқымдық жануаран алынған шәуеттің орнын ауыстыруға рұқсат етіледі.
Бруцеллезге қарсы вакцина Қазақстан Республикасында немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген болуы және www.oіe.іnt сайтында жарияланған Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы ұсынған тізімде болуы тиіс.
Бруцеллезге қарсы вакцинаны таңдауды жануарлардың иелері жүзеге асырады. Бұл ретте, жануарлардың иесі МВҰ ветеринариялық дәрігеріне жануарларды вакциналау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 7 күн бұрын вакциналау жүргізілгені туралы, сондай-ақ таңдап алынған бруцеллезге қарсы вакцина және оны қолдану әдісі туралы хабарлайды.
МВҰ-ның және ВП-ның ветеринариялық дәрігері және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері бруцеллезге қарсы вакцинаны қолдану бойынша өндіруші белгілеген мерзім ішінде жануарлардың орнын ауыстыруға, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуге арналған ветеринариялық анықтаманы ресімдемейді. МВҰ-ның және ВП-ның ветеринариялық дәрігері және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері жануарларды вакциналау туралы деректерді/мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына енгізеді.
Жануарларына вакциналау жүргізілген эпизоотологиялық бірлік 3 жылдық мерзімге қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік мәртебесіне өтеді. Бұл жағдайда, қосымша диагностикалық зерттеулер жануарлар иелерінің есебінен жүргізіледі. Қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты эпизоотологиялық бірлік өзінің мәртебесін жануарларды бруцеллезге қарсы соңғы вакциналаған сәттен бастап 3 жыл бойы сақтайды.
МВҰ-ның ветеринариялық дәрігері вакцина қолдану туралы ақпаратты алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде оны аудандық аумақтық инспекцияға (бұдан әрі – ААИ) жолдайды.
ААИ аудандық ветеринариялық зертханамен бірлесіп бруцеллезге қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі тәлімдемеге сәйкес Диагностикалық зерттеулер жоспарын және әдістерін түзетеді, (бруцеллезге қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі тәлімдемеде көрсетілген мерзім ішінде жануарлар бруцеллезге диагностикалық зерттеулерге тартылмауы тиіс).
Бруцеллезге қарсы вакцина қолданылғанға дейін күнтізбелік 20 күн бұрын ауыл шаруашылығы жануарлары диагностикалық зерттеулерден өтеді. Егер диагностикалық зерттеулерді жүргізу мерзімдері вакциналау жүргізгенге дейін күнтізбелік 15-20 күннен аспайтын болса, онда вакциналауды жоспарлы диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жүргізуге болады.
Тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жоспарлы зерттеулер мөлшерінен артық бұл диагностика осы эпизоотологиялық бірліктің алдыңғы жоспарлы диагностикалық зерттеулері жүргізілген зертханаларда Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Егер жануарлар иелері вакцина қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін тексерілетін вакциналанған жануарларды қайталама диагностикалық зерттеу нәтижелерімен келіспесе, онда жануарлар иелері штамды (далалық немесе вакциналанған) айқындауға сараланған диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханаға жүгінуге рұқсат етіледі. Бруцеллезге қарсы вакциналарды сатып алу және оларды қолдану жануарлар иелерінің есебінен жүзеге асырылады.
Жануарларды диагностикалық зерттеулерге жол берілмейтін мерзім аяқталғаннан кейін осындай зерттеулер эпизоотологиялық бірліктің саламаттылығына қарай жүргізіледі.
Ескерту. 1088-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1089. Саламатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде инфекцияланған жануарларды уақтылы анықтау үшін және кейіннен ауру табылған жағдайда, оның таралуын болдырмау үшін жалпы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінде жоспарлы серологиялық зерттеулер жүргізіледі.


Бруцеллезге қарсы вакциналанған (иммундалған) жануарларды жоспарлы серологиялық зерттеу вакцинларды қолдану жөніндегі тәлімдемелерде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Саламатты пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде жоспарлы түрде диагностикалық зерттеу мыналарға жүргізіледі:
1) ірі қара мал:
жасы 12 айдан басталатын барлық мал басы – екі рет (көктемде және күзде);
аналық мал басы – екі рет (көктемде және күзде). Бұл ретте, диагностикалық зерттеулердің бірі бұзаулағаннан кейін 14 пен 21 күнтізбелік күн аралығында жүргізілуі тиіс (қаңтар мен маусым аралығындағы кезеңде зерттеу кезінде көктемгі диагностикалық зерттеу, шілде мен желтоқсан аралығындағы кезеңде диагностикалық зерттеу кезінде күзгі зерттеу ретінде есептеледі);
союға жөнелтілетін 24 айдан асқан тұқымдық бұқалар – жануарлар сойылғанға дейін 15-20 күнтізбелік күннен кешіктірмей жоспарлы диагностикалық зерттелген жағдайларды қоспағанда, қосымша сою алдында;
2) ұсақ мал (қой мен ешкі):
жасы 12 айдан басталатын барлық мал басы – екі рет (көктемде және күзде);
аналық мал басы – екі рет (көктемде және күзде). Бұл ретте, диагностикалық зерттеулердің бірі қозылағаннан кейін 1 мен 2 ай аралығында жүргізілуі тиіс (қаңтар мен маусым аралығындағы кезеңде зерттеу кезінде көктемгі диагностикалық зерттеу, шілде мен желтоқсан аралығындағы кезеңде зерттеу кезінде күзгі диагностикалық зерттеу ретінде есептеледі);
3) шошқалар:
негізгі мегежіндер – бруцеллезге күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде;
еркек шошқалар – жылына бір рет;
4) жылқылар:
бруцеллезге (бурсит) күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде;
5) маралдар (бұғылар):
жылына бір рет аталықтардың мүйіздерін кесу кезінде (маралдардың (бұғылардың) жастық-жыныстық тобы);
6) түйелер:
жасы 12 айдан асқан барлық мал басы жылына бір рет;
7) иттер:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында (отар, табын маңында) мекендейтін ересек иттерді жылына бір рет зерттейді.
Жануарлар бруцеллезге, тұқымдық қошқарлар/текелер инфекциялық эпидидимитке де диагностикалық зерттеледі:
экспорттау алдында жануарлардың жасына және жастық-жыныстық тобына қарамастан оларды карантиндеу кзінде;
бруцеллезге қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты шаруашылық жүргізуші субъектіден (табыннан) жануарларды тасымалдау (орнын ауыстыру) алдында.
Республикадағы эпизоотиялық ахуалға байланысты жануарларды жоспарлы диагностикалық зерттеудің стратегиясы мен тактикасы (жануарлар түрі, диагностикалық зерттеулердің жиілігі мен әдістері) түзетіледі, оның ішінде жануарлардың жалпы санының кемінде 10 %-ын қамти отырып, скринингтік (іріктеп) диагностикалық зерттеулерді пайдалана отырып түзетіледі.
Саламатты пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде диагностикалық зерттеулерді жүргізу кезінде жоспарлы диагностикалық зерттеулерді:
қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізілген;
шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу немесе алып тастау туралы шешім қабылдаған;
жануарларға бруцеллезге қарсы вакциналау жүргізілген жағдайларда түзетуге жол беріледі.
1090. Жануарлардың жекелеген түрлерін диагностикалық зерттеу үшін бруцеллездің мынадай диагностикалау әдістері қолданылады:
ірі қара мал, ұсақ мал, жылқылар, түйелер – агглютинация реакциясы (бұдан әрі – АР), КБР, Роз-бенгал сынамасы (бұдан әрі – РБС);
тұқымдық қошқар/текенің инфекциялық эпидидимитіне – КҰБР;
шошқалар – РБС, КБР;
маралдар – РБС;
иттер, мысықтар, терісі бағалы аңдар – АР, КБР.
Табынның саламаттылық мәртебесін растау үшін ПТР тәсілін қолдана отырып, биологиялық материал, түсік (іш тастау жағдайында) зерттеледі.
Тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі бойынша табынның саламаттылық мәртебесін растау үшін биосынама қоя отырып, бактериялогиялық әдіс қолдану арқылы биологиялық материалды, түсікті (іш тастау жағдайында) зерттеуге жол беріледі.
Ескерту. 1090-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1091. Иттер мен мысықтарды қоспағанда, бруцеллезге диагноз қою үшін алғашқы диагностикалық зерттеу екі кезеңде де бір сынамаға жүргізіледі:


1) бірінші кезең – РБС, КБР (жануарлардың барлық түрі үшін 1:5 езіндімен КБР қою) қолдана отырып диагностикалық зерттеу.
Егер, диагностикалық зерттеудің бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша РБС және КБР нәтижелері теріс болса, онда жануар сау деп танылады және алғашқы диагностикалық зерттеулердің екінші кезеңін жүргізу қажет етілмейді.
Алғашқы диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сараптама актісі (сынақ хаттамасы) ресімделеді және нәтижелер диагностикалық зерттеулердің екі әдісі (РБС және КБР) бойынша теріс болған жағдайда беріледі.
2) екінші кезең – АР (ірі қара мал, жылқылар, түйелер үшін 1:50, 1:100, 1:200, 1:400, қойлар, ешкілер, маралдар, қодастар үшін 1:25, 1:50, 1:100, 1:200, терісі бағалы аңдар үшін 1:10, 1:20, 1:40, 1:80 езіндімен АР қою) және КБР (жануарлардың барлық түрі үшін 1:5 және 1:10 езіндімен КБР қою) қолдана отырып диагностикалық зерттеу.
Егер, алғашқы диагностикалық зерттеулердің бірінші кезеңінің нәтижелері:
диагностикалық зерттеу әдістерінің бірі (РБС немесе КБР) бойынша оң немесе күдікті;
диагностикалық зерттеу әдістерінің екеуі (РБС және КБР) бойынша күдікті немесе оң болса, диагностикалық зерттеудің екінші кезеңі міндетті түрде жүргізіледі.
Алғашқы диагностикалық зерттеулердің екінші кезеңінің нәтижелері бойынша сараптама актісі (сынақ хаттамасы) ресімделеді және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін диагностикалау нәтижелеріне сәйкес диагностикалық зерттеулер нәтижелерін сипаттай отырып беріледі.
осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезін диагностикалау нәтижелерінің реттік саны 29, 38, 47-жолдарында көрсетілген алғашқы диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттай отырып ресімделген сараптама актісі (сынақ хаттамасы) берілмейді, ветеринариялық зертханадағы сол сынамаларға (қайта қан сынамаларын алмай) қайта диагностикалық зерттеу жүргізу мақсатында ветеринариялық зертханада қалдырылады. Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қайта диагностикалық зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша ресімделеді және беріледі.
Диагностикалық зерттеулердің қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы белгі енгізіледі.
Сынамаларды іріктеп алу кезінде ветеринариялық дәрігер клиникалық белгілері болған жағдайда, қан алу тізімдемесіндегі арнайы белгілерде жануарлардың бруцеллезге клиникалық белгілері бар екендігін көрсетеді, мұндай жануарлар үшін алғашқы диагностикалық зерттеулердің бірінші кезеңі жүргізіледі. Алғашқы диагностикалық зерттеулердің бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша оң немесе күмәнді нәтиже алынған жағдайда, аталған жануар алғашқы диагностикалық зерттеулердің екінші кезеңін жүргізбей-ақ ауру деп танылады және міндетті түрде биосынамасы бар бактериологиялық әдіспен зерттей отырып, санитариялық союға жіберіледі. Алғашқы диагностикалық зерттеулердің бірінші кезеңінің қорытындылары бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда, диагностикалық зерттеулердің екінші кезеңі жүргізіледі.
1092. Алғашқы диагностикалық зерттеулердің қорытындылары бойынша күмәнді нәтиже анықталған жағдайда, берілген сараптама актілеріне (сынақ хаттамаларына) сәйкес саламатты пункттерде (эпизоотологиялық бірліктерде):
1) күнтізбелік 15-20 күннен кейін күмәнді әсер берген жануарларды осы Қағидалардың 1090-тармағында көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер кешенімен қайта зерттеу жолымен диагнозды нақтылау;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген) бекітілген Нұсқама нысандарына, оларды жасау және беру қағидаларына сәйкес берілген нұсқама бойынша диагноз толық нақтыланғанға дейін барлық күмәнді әсер берген жануарларды қалған мал басынан оқшаулау жүргізеді.
Ескерту. 1092-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1093. Осы Қағидалардың 1091 және 1092-тармақтарына сәйкес диагностикалық зерттеулердің оң нәтижелері алынған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:


1) 3 (үш) жұмыс күні ішінде бруцеллезге оң әсер беретін жануарлар иелерін диагностикалық зерттеулер нәтижелерімен таныстырады;
2) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде жануарлар иелеріне барлық оң әсер беретін жануарларды қалған жануарлардан оқшаулау жөніндегі шарттарды сипаттай отырып, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (бұдан әрі – оқшаулау туралы нұсқама) береді.
Диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін осы Қағидалардың 1090-тармағында көрсетілген әдістерді қолдана отырып, ветеринариялық зертханадағы сол жануарлар қандарының бақылау сынамаларын қайта диагностикалық зерттеу жолымен:
1) жануарлардың иелері оқшаулау туралы нұсқаманы алған және алғашқы диагностикалық зерттеулердің немесе оқшаулау туралы нұсқаманың "Ерекше белгілер" бағанында көрсетілген болса, осы Қағидалардың 1092-тармағына сәйкес зерттеудің нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Қайталанатын диагностикалық зерттеулер алғашқы диагностикалық зерттеулер жүргізген ветеринариялық зертханада бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі;
2) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесінің шешімі бойынша тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері бойынша алғашқы диагностикалық зерттеулердің немесе осы Қағидалардың 1092-тармағына сәйкес диагностикалық зерттеудің нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Қайталанатын диагностикалық зерттеулер Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханада бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Қайталанатын диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін жануарлар қалған жануарлардан оқшауланып ұсталады.
Ескерту. 1093-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1094. Егер, осы Қағидалардың 1093-тармағында көрсетілген мерзімдерде диагностикалық зерттеулердің нәтижелері дауланбаса немесе осы Қағидалардың 1093-тармағына сәйкес қайталанатын диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бруцеллезге оң әсер беретін жануарлар анықталған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде:


1) жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді;
2) күнтізбелік 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) (бұдан әрі – сою объектісі) жібереді.
Ескерту. 1094-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1095. ВП мамандары ауру жануарларды ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жақ немесе сауыр тұсына "Б" әрпін жазу жолымен белгілейді.


Ескерту. 1095-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1096. Санитариялық союды жүзеге асыру үшін ЖАО бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесіп, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитариялық күн белгілейді.


1097. Жануарларды санитариялық союды жүзеге асыратын сою объектісінде ЖАО бөлімшесі тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын диагностикалық зерттеулер көлемі шеңберінде сойылған жануарлардан биологиялық (патологиялық) материалдың сынамаларын іріктеп алуды ұйымдастырады және ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша саламатсыз пункттерді, саламатсыз эпизоотологиялық бірліктерді қоспағанда, пункттің (эпизоотологиялық бірліктің) мәртебесін анықтау мақсатында ПТР әдісімен диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін оны мемлекеттік ветеринариялық зертханаға жібереді.
Биосынама қойылатын бактериологиялық әдісті қолдануға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі бойынша тәуекелдерді бағалау мен талдау нәтижелері бойынша жол беріледі.
1098. Осы Қағидалардың 1097-тармағында көрсетілген әдістер бойынша оң нәтиже алынған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері:
1) эпизоотиялық ошақтың және эпизоотиялық процестің сипаттамасын, ауру қоздырғышының берілу көзі мен факторларын анықтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектіге эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізеді;
2) эпизоотиялық ошақтың және саламатсыз эпизоотологиялық бірліктің, саламатсыз пункттің шекараларын белгілейді.
Эпизоотологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейін "Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша екі данада акт ресімделеді. Актінің бір данасы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерде қалады және екінші данасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жіберіледі.
1099. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мемлекеттік ветеринариялық дәрігерден Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) бекітілген Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларының қосымшасына сәйкес нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін алғаннан кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО-сына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу туралы ұсыныс жібереді.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО-сы ұсынысты алған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу туралы шешім қабылдайды.
ЖАО шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу туралы шешімді белгіленген мерзімдерде қабылдамаса, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ЖАО-ның лауазымды адамдарына қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 406-бабы 7 және 8-тармақтарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдайды және ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жедел хабарлама түрінде хабарлайды. Уәкілетті органның ведомствосы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті ЖАО-сына жазбаша түрде шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу туралы шешім қабылдау қажеттігі туралы хабарлайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті ЖАО-сы шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимді белгілеу туралы шешім қабылдамаған кезде бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор ЖАО-ның лауазымды адамдарына қатысты Кодекстің 406-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдайды.
Саламатсыз пункттегі, саламатсыз эпизоотологиялық бірліктегі ветеринариялық іс-шаралар осы Қағидалардың осы тарауының 3, 4, 5, 6 және 7-параграфтарына сәйкес жүргізіледі.
1100. Осы Қағидалардың 1097-тармағында көрсетілген әдістер бойынша теріс нәтиже алынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитарялық инспектор:
1) жануарлар иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлары мен олардың аумақтарына санитариялық тазарту (механикалық тазарту), дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу туралы нұсқама береді;
2) күнтізбелік 15-20 күннен кейін жануарларға қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады.
Қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринариялық зертханаға қан сынамалары жіберіледі. Ветеринариялық зертханада қан сынамаларын диагностикалық зерттеу РА, КБР, РБС әдістері қолданыла отырып жүргізіледі. Қосымша диагностикалық зерттеудің нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жануарлар бруцеллезін қосымша диагностикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес ресімделеді.
Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер қосымша диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша оң әсер беретін жануарларды анықтаған жағдайда:
оң әсер беретін жануарлар бойынша осы Қағидалардың 1094, 1097-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі;
теріс әсер беретін жануарлар бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі.
Егер, қатарынан екі диагностикалық зерттеу жүргізу қорытындылары бойынша оң әсер беретін жануарлар анықталса, онда осы Қағидалардың 1098 және 1099-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі.
Ескерту. 1100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1101. Саламатты аймаққа жаңадан келіп түскен жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды) Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес кемінде күнтізбелік 21 күн мерзімде қалған жануарлардан оқшау ұстау (профилактикалық бақылау) және бруцеллезге, тұқымдық қошқарларды, сондай-ақ инфекциялық эпидидимитке диагностикалық зерттеулерден өткізу қажет.


Бруцеллезге оң нәтиже алынған жағдайда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы кейіннен сою және өнеркәсіптік өңдеу үшін өнім берушіге жануарларды қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 1101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1102. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде қора-жайларды, серуендету аулаларын механикалық тазарту, сондай-ақ профилактикалық дезинфекциялау және дератизациялау жануарлар иелерінің есебінен жүзеге асырылады.


3-параграф. Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттердегі, эпизоотологиялық бірліктердегі эпизоотиялық ошақтарда ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 3-параграф жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1103. Шектеу іс-шараларын жариялау туралы шешім қабылданғаннан кейін қызмет көрсету аумағына бруцеллез бойынша саламатсыз пункт кіретін ЖАО бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық шаралар кешенін қамтитын сауықтыру іс-шараларының жоспарын құрайды.
1104. Жоспарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша әкім бекітеді.
1105. Осы жоспарды іске асыру бойынша эпизоотиялық ошақтарда және бруцеллез бойынша саламатсыз пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) іс-шаралар республикалық бюджет қаражаты есебінен Заңның 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның күшімен жүргізіледі.
1106. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО эпизоотиялық ошақты анықтау және саламатсыз пункттің, эпизоотологиялық бірліктің шекараларын белгілеу кезінде тиісті әкімшілік аумақтық-бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынымы бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимді белгілеу туралы шешім қабылдайды.
1107. Шектеу шарттары бойынша:
1) шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), бұл аумаққа сау жануарларды тасып әкелуге (кіргізуге), союға жөнелту жағдайларын қоспағанда, осы аумақтан жануарларды тасып әкетуге (шығаруға);
2) эпизоотиялық ошақтар белгіленген саламатсыз аумақта пішен, сабан және басқа да ірі азықтарды басқа аумаққа әкету үшін дайындауға, сондай-ақ жануарларды немесе адамдарды жинаумен байланысты іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.
1108. Бруцеллез бойынша саламатсыз табынның жануарларын саламатты топтардың жануарларынан оқшаулап ұстайды.
1109. Бұрын ауру жануарлар (саламатсыз мал басы) ұсталған қора-жайларға сау малды кіргізуге серуендету аулалары мен басқа объектілерді мұқият дезинфекциялағаннан, санациялағаннан кейін, сондай-ақ дезинсекциялағаннан және дератизациялағаннан кейін ғана жол беріледі.
1110. Бруцеллез бойынша саламатсыз жануарлар тобы жайылған жайылымдық учаскелерден жиналған пішен үш ай бойы сақталуы тиіс. Бұдан кейін онымен осы аумақта ұсталатын жануарларды азықтандырады.
1111. Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттерде ұсталып отырған қойлар мен ешкілердің сүтін саууға, дезинфекцияланбаған елтірі терілерін өңдеуге (кептіруге, тазалауға), сондай-ақ қойлар мен ешкілердің сүтінен тұзды ірімшік пен ірімшіктер әзірлеу үшін ұлтабарлар дайындауға жол берілмейді. Елтірі терілерді ұшадан ажырата салысымен дереу дезинфекциялайды және консервілейді.
1112. Бруцеллез бойынша саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қойлар мен ешкілердің жүнін ең соңынан қырқады. Қора-жайларды, алаңдар мен қырқу құралын, персоналдың арнайы киімін қырқу аяқталғаннан кейін тазартады және дезинфекциялайды. Жұмысшылар (қырқушылар және басқалар) жұмыстан кейін санитариялық өңдеуден өтеді. Бруцеллез бойынша саламатсыз отардың (табынның) қойларынан (ешкілерінен) алынған жүн шаруашылықта зарарсыздандырылады, одан кейін оны шектеусіз өнеркәсіптік өңдеуге әкетеді.
1113. Бруцеллезбен ауыратын (әсер беретін) жануарларды осы Қағидаларды сақтай отырып союға әкететін жағдайларды қоспағанда, мұндай жануарларды тасымалдауға және айдап әкетуге жол берілмейді. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды қатаң түрде сақтай отырып және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық дәрігерінің бақылауымен, жануарларды ерекше жағдайларда тасымалдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды басшылыққа ала отырып, теміржолмен, су көлігімен және шанағы қымтап жабылған автомашиналармен тасымалдауға рұқсат етіледі.
1114. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою жануарлар союды жүзеге асыратын өндіріс объектісінде осы Қағидаларды сақтай отырып, арнайы белгіленген күндері жүргізіледі.
1115. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды және олардан алынған төлді басқа жануарлардан дереу оқшаулап, күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына, салмақ кондицияларына, жасына, физилогиялық жай-күйіне қарамастан, бордақыламай және серуендетпей союға тапсыру қажет.
Ескерту. 1115-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1116. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою кезінде алынған етті, ет өнімдері мен басқа да өнімдерді залалсыздандырылмаған түрінде аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.


1117. Жануарлардың өлекселері мен түсіктері дереу жойылуы тиіс.
1118. Бруцеллезбен ауыратын сиырларды саууға жол берілмейді.
1119. Саламатсыз пункттегі сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу кәсіпорындарына, базарларда сату үшін, қоғамдық тамақтандыру желілерінде пайдалану үшін әкетуге жол берілмейді.
1120. Саламатсыз пункттегі әсер бермейтін сиырлардан алынған сүтті (кілегейді) 70 С0 температурада 30 минут бойы немесе 85-90 С0 температурада 20 секунд бойы, сондай-ақ қайнату немесе ерітілген майға өңдеу жолымен залалсыздандырады. Дәл осындай тәртіппен шаруашылық ішіндегі мұқтаждықтарға қажетті (оның ішінде қаймағы алынбаған сүтті алмастырғышты дайындау үшін) сүтті залалсыздандырады.
1121. Ерітілген майды әзірлеу кезінде алынған шайқалған май мен көк сүтті тек осы шаруашылық жүргізуші субъектідегі жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
1122. Объектілерді дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында және Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялау құралдарын қолданады. Жұмыс ерітінділерін дайындау мен дезинфекциялау режимдері оларды қолдану жөніндегі тәлімдемелерде жазылған талаптарға сәйкес келеді.
1123. Бруцеллезбен ауыратын немесе күдікті жануарлардың қиын, төсеніштерін және азық қалдықтарын жояды немесе залалсыздандырады. Бұл жануарлардың қиын алдын ала залалсыздандырылғаннан кейін ғана шаруашылықта пайдалануға жол беріледі. Қиды биологиялық, химиялық немесе физикалық тәсілдермен залалсыздандырады.
4-параграф. Эпизоотиялық ошақтарда және ірі қара малдың бруцеллезі бойынша саламатсыз пункттерде, эпизоотологиялық бірліктерде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу (сауықтыру) тәртібі
Ескерту. 4-параграф жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1124. Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттерді, эпизоотологиялық бірліктерді сауықтыру эпизоотиялық ошақты жоюға және саламатсыз пунктте ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге алып келеді.
1125. Бұған дейін саламатты болған табындарда, шаруашылық жүргізуші субъектілерде түсік тастаған жануарлардан бруцеллез анықталғанда, диагнозы расталса, осы табындағы барлық ауру жануарларды күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде союға тапсырады.
Ескерту. 1125-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1126. Саламатсыз пунктті сауықтыруды:


1) ауру жануарларды жүйелі түрде диагностикалық зерттеу, кейіннен оқшаулау және сою;
2) бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану;
3) барлық саламатсыз жануарларды сою жолымен жүргізеді.
1127. Ірі қара малдың бруцеллезі бойынша саламатсыз пунктті сауықтыру қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін әрбір күнтізбелік 15-20 күн сайын РБС-да, КБР-да жүйелі түрде диагностикалық серологиялық зерттеу, кейіннен ауру жануарларды оқшаулау және сою жолымен жүзеге асырылады, бруцеллезбен ауыратын жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлар болған жағдайда да теріс нәтиже алғанға дейін әрбір күнтізбелік 15-20 күн сайын жүйелі түрде диагностикалық серологиялық зерттеу жүргізіледі, кейіннен ауру жануарлар оқшауланады және сойылады және ауру мысықтар мен иттер жойылады.
РБС немесе КБР әдістері бойынша оң нәтиже алынған жағдайда, жануар бруцеллезге оң әсер береді деп саналады.
Ескерту. 1127-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1128. Саламатсыз пункті сауықтыру кезеңінде осы Қағидалардың 1127-тармағына сәйкес қатарынан екі рет жүйелі түрде диагностикалық зерттеулер жүргізу қорытындылары бойынша оң әсер беретін жануарларлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрамына уәкілетті орган ведомствасының, ЖАО бөлімшелерінің, ғылыми мекемелердің, ветеринариялық зертхананың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың өкілдерін қоса отырып, саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізбеу себептерін анықтау жөніндегі комиссияны құрады. Саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізбеу себептерін анықтау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына және жануарлар иелеріне қатысты Кодекстің 406-бабының 3 және 4 тармақтарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.


Комиссияның жұмысына қарамастан, саламатсыз пунктте осы Қағидалардың 1127-тармағына сәйкес одан әрі жүйелі диагностикалық зерттеу жолымен сауықтыру іс-шараларын жүргізу жалғасады. Осы Қағидалардың 1127-тармағына сәйкес қосымша қатарынан екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізілмеген жағдайда:
мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына және жануарлар иелеріне қатысты Кодекстің 406-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады;
саламатсыз пунктті одан әрі сауықтыру саламатсыз пункттегі барлық жануарларды санитариялық союға тапсыру жолымен жүргізіледі.
1129. Оң әсер беретін жануарларға ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жақ немесе сауыр тұсына "Б" әрпін жазу жолымен белгі салады, оларды дереу табыннан оқшаулайды және ауру табылған уақыттан бастап күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей сояды. Ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға мұқият дезинфекциялау жүргізеді (ауру жануар анықталған әрбір оқиғадан кейін).
Ескерту. 1129-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1130. Саламатсыз пунктті бруцеллезге қарсы вакциналар қолдану жолымен сауықтыру былайша жүзеге асырылады:


1) саламатсыз пункттегі ауруға сезімтал жануарлар басын бруцеллез жұқтырған жануарларды барынша анықтау мақсатында кемінде екі рет серологиялық әдістермен (РБП, РСК) зерттейді;
2) мал басын Қазақстан Республикасында және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген бруцеллезге қарсы вакциналармен вакциналайды (иммундайды).
1131. Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттен, эпизоотологиялық бірліктен шектеу іс-шаралары:
1) барлық ірі қара мал басы қатарынан екі рет теріс нәтиже және эпизотиялық ошақтағы (бұдан бұрын бруцеллезбен ауырған жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектілердегі) жануарлардың басқа түрлерінен теріс нәтиже алу және қорытынды дезинфекция жүргізу (осы Қағидалардың 1127-тармағына қатысты);
2) саламатсыз пункттегі барлық мал басын санитариялық союға тапсыру және қорытынды дезинфекция жүргізу (осы Қағидалардың 1128-тармағына қатысты);
3) бруцеллезге қарсы вакциналар қолдану және қорытынды дезинфекция жүргізу (осы Қағидалардың 1130-тармағына қатысты) жолымен сауықтырылғаннан кейін алып тасталады.
1132. Бруцеллезге қарсы вакциналар қолдану жолымен сауықтырылғаннан және бруцеллез бойынша саламатсыз пункттен, эпизоотологиялық бірліктен шектеу іс-шаралары алып тасталғаннан кейін бұл пункт, эпизоотолгиялық бірлік қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты пункт болып танылады. Вакциналанған жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу диагностикалық зерттелетін саламатты пункт, эпизоотологиялық бірлік болып танылғаннан кейінгі бірінші жылы осы Қағидалардың 1100-тармағында көзделген шарттар сақтала отырып, вакциналарды қолдану жөніндегі тәлімдемеде көзделген мерзімдерде және әдістермен жүргізіледі. Одан кейінгі жылдары диагностикалық зерттеулер осы Қағидалардың 1089-тармағына сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі.
1133. Егер, жүйелі серологиялық зерттеулер жолымен және вакциналар қолдана отырып, бір жыл ішінде табынды сауықтыруға қол жеткізілмесе, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ЖАО бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерімен бірлесіп эпизоотологиялық зерттеу нәтижелері бойынша толық ауыстыру әдісімен шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтырудың орындылығы туралы шешім қабылдайды.
5-параграф. Ұсақ малдың бруцеллезі бойынша саламатсыз пункттердің, эпизоотологиялық бірліктердің эпизоотиялық ошақтарында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу (сауықтыру) тәртібі
Ескерту. 5-параграф жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1134. Мал шаруашылығы субъектілерінде (оның ішінде аулаларда) қойдың (ешкінің) бруцеллезбен ауыратыны анықталған жағдайда, эпизоотиялық ошақтағы оң әсер беретін жануарларды, сондай-ақ басқа да жануарлар түрлерін физиологиялық жай-күйіне, асыл тұқымдық және шаруашылық құндылығына қарамастан, олардан алынған 4 айлық жасқа дейінгі төлімен бірге дереу союға жібереді, ауру мысықтар мен иттерді жояды.
1135. Ұсақ малдың бруцеллезі бойынша саламатсыз пунктті сауықтыру қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін әрбір күнтізбелік 15-20 күн сайын РБС-да, КБР-да жүйелі түрде диагностикалық серологиялық зерттеу, кейіннен ауру жануарларды оқшаулау және сою жолымен жүзеге асырылады, бруцеллезбен ауыратын жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлар болған жағдайда да теріс нәтиже алғанға дейін әрбір күнтізбелік 15-20 күнтізбелік күн сайын жүйелі түрде диагностикалық серологиялық зерттеу жүргізіледі, кейіннен ауру жануарлар оқшауланады және сойылады және ауру мысықтар мен иттер жойылады.
РБС немесе КБР әдістері бойынша оң нәтиже алынған кезде жануар бруцеллезге оң нәтиже берген болып есептеледі.
Диагностикалық зерттеулердің қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы белгі енгізіледі.
Ескерту. 1135-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1136. Саламатсыз пункті сауықтыру кезеңінде осы Қағидалардың 1135-тармағына сәйкес қатарынан екі рет жүйелі түрде диагностикалық зерттеулер жүргізу қорытындылары бойынша оң әсер беретін жануарларлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі құрамына уәкілетті орган ведомствасының, ЖАО бөлімшелерінің, ғылыми мекемелердің, ветеринариялық зертхананың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың өкілдерін қоса отырып, саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізбеу себептерін анықтау жөніндегі комиссияны құрады. Саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізбеу себептерін анықтау нәтижелері бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына және жануарлар иелеріне қатысты Кодекстің 406-бабының 3 және 4-тармақтарға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.


Комиссияның жұмысына қарамастан, саламатсыз пунктте осы Қағидалардың 1135-тармағына сәйкес одан әрі жүйелі түрде диагностикалық зерттеу жолымен сауықтыру іс-шараларын жүргізу жалғасады. Осы Қағидалардың 1135-тармағына сәйкес қосымша қатарынан екі рет диагностикалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін саламатсыз пунктті сауықтыру нәтижелеріне қол жеткізілмеген жағдайда:
мемлекеттік ветеринариялық ұйымның басшысына және жануарлар иелеріне қатысты Кодекстің 406-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады;
саламатсыз пунктті одан әрі сауықтыру саламатсыз пункттегі барлық жануарларды санитариялық союға тапсыру жолымен жүргізіледі.
1137. Cay жануарлардың залалдануы және эпизоотиялық қауіпті аймақта инфекцияның таралуы қаупі туындаған кезде шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық мал басын диагностикалық зерттеуден (РБС, КБР) кейін Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат берілген вакциналармен иммундайды, кейіннен қолдану жөніндегі тәлімдемеге сәйкес зерттейді.
1138. Бруцеллезге қарсы вакциналар қолдану жолымен сауықтырылғаннан және бруцеллез бойынша саламатсыз пункттен, эпизоотологиялық бірліктен шектеу іс-шаралары алып тасталғаннан кейін бұл пункт, эпизоотолгиялық бірлік қосымша диагностикалық зерттелетін саламатты пункт болып танылады. Вакциналанған жануарларды қосымша диагностикалық зерттеу диагностикалық зерттелетін саламатты пункт, эпизоотологиялық бірлік болып танылғаннан кейінгі бірінші жылы осы Қағидалардың 1100-тармағында көзделген шарттар сақтала отырып, вакциналарды қолдану жөніндегі тәлімдемеде көзделген мерзімдерде және әдістермен жүргізіледі. Одан кейінгі жылдары диагностикалық зерттеулер осы Қағидалардың 1089-тармағына сәйкес жоспарлы түрде жүргізіледі.
1139. Вакциналанған және қайта вакциналанған қойдың (ешкінің) саламаттылығын мониторингтеуді түсіктер мен өлі туылған қозыларды (лақтарды) бактериологиялық зерттеудің, тұқымдық қошқарлар мен күйек қошқарларды шағылыстыру науқанына дейін және кейін, осы отардан алынған ұрғашы тоқтыларды, отар жанындағы иттерді және олармен бірге ұсталатын басқа да жануар түрлерін серологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырады, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың бруцеллезбен ауыруы жағдайларын ескереді.
1140. Бруцеллез бойынша саламатсыз пункттен, эпизоотологиялық бірліктен шектеу іс-шаралары, егер:
1) араларында ауруы бар қойлар (ешкілер) қалмаса және барлық ұсақ мал басынан әрбір күнтізбелік 15-20 күнтізбелік күн сайын теріс нәтижелер алынса және эпизотиялық ошақтағы (бұдан бұрын бруцеллезбен ауырған жануарлар анықталған шаруашылық субъектілеріндегі) басқа да жануар түрлерінің мал басынан теріс нәтиже алынса және қорытынды дезинфекция жүргізілсе (осы Қағидалардың 1135-тармағына қатысты);
2) саламатсыз пункттегі барлық мал басы санитариялық союға тапсырылса және қорытынды дезинфекция жүргізілсе (осы Қағидалардың 1136-тармағына қатысты);
3) бруцеллезге қарсы вакциналар қолданылса және қорытынды дезинфекция жүргізілсе (осы Қағидалардың 1137-тармағына қатысты) алып тасталады.
1141. Қойларды (ешкілерді) ұрықтандыру үшін бруцеллез бен инфекциялық эпидидимитке қатысты сау қошқарлардың (текелердің) ұрығын пайдаланады.
6-параграф. Қойлардың "Бруцелла овис" (қошқарлардың инфекциялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет