2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жөнінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет125/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   141
жөнінде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1151. Шегінде инфекция қоздырғышының көздері бар және оның берілу тетіктері әрекет ететін, жануарлар мен адамдардың залалдануы мүмкін аумақ бруцеллез инфекциясының эпизоотиялық ошағы болып табылады. Эпизоотиялық ошақты зерттеп-қарауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген) бекітілген "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері және дәрігер-эпидемиологі жүргізеді. Ветеринариялық қызмет жануарларды бруцеллезге зерттеп-қарауды ұйымдастырады және ауру жануарлар табылған кезде оларды оқшаулау, союға тапсыру және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
Ескерту. 1151-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1152. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1153. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1154. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1155. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1156. Фермаларға, кәсіпорындарға (шаруашылық жүргізуші субъектілерге) эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде бірінші кезекте бруцеллезге қарсы іс-шаралардың сақталуына көңіл аудару керек, жұмыскерлердің еңбек жағдайын зерделеу қажет, ол үшін:


1) аумақтың абаттандырылуына, сумен жабдықтауға, дезинфекциялық және жуғыш заттардың бар-жоғына, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлардың жабдықталуына, олардың жай-күйіне және ұсталуына, мал қорымдарының, Беккери шұңқырларының немесе өлексе өртеу пештерінің жабдықталуына, жинау мүкәммалының, оның ішінде іш тастаған және өлі туған төлдерді, шуды жинауға арналған жинау мүкәммалының бар болуына ерекше көңіл аудара отырып, объектінің санитариялық-гигиеналық жағдайын бағалау;
2) персоналдың жеке қорғаныш құралдарының: арнайы киім мен аяқ киімдер, қолғаптар, резеңке (клеенка) алжапқыштар, саусаққаптар, олардың саны, қолдануға жарамдылығы, сақтау, ауыстыру тәртібі, кір жуудың орталықтандырылуы, дәрі қобдишаларының, қол жуғыштардың, дезинфекциялық заттардың, сабынның бар-жоғын анықтау;
3) жұқтырудың алиментарлық жолдарын анықтау мақсатында сүтті пастерлеу режимін, сүт ыдыстарын, сүзгіш материалдарды сақтау және өңдеу шарттарын сақтауды тексеру, сүт және сүт өнімдерін сату тәртібін белгілеу;
4) тексерілген шаруашылықтан мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін алғашқы өңдеу және тасымалдау тәртібін анықтау, шаруашылықтағы немесе кәсіпорындағы персоналдарға профилактикалық қарау жүргізудің ұйымдастыруылуын тексеру қажет.
9-параграф. Адамдарды жұқтырудан қорғау жөнінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет