2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары



бет131/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141
сойғаннан кейiнгi тексеру
1227. Ішкi ағзалар мен ұшаны iрi қара малында сияқты тексередi. Казеозды лимфаденитті анықтау үшiн мойынның сыртқы және тiзе қатпарларындағы лимфа түйiндерi тексерiледi.
4-параграф. Шошқаның ұшасы мен iшкi ағзаларын сойғаннан
кейiнгi тексеру
1228. Шошқаның ұшасы мен iшкi ағзаларын сойғаннан кейiнгi зерттеу әдістемесі iрi қара малдікі сияқты, бірақ мынадай ерекшелiктері бар:
1) шошқаның жақ асты лимфа түйiндерiн, көмейінiң шырышты қабығын, көмей қақпашығы мен бадамшаны (сібір жарасының ангинозды түріне) мұқият зерттейді. Цистицеркозға зерттеу жүргiзу үшiн қосымша желке бұлшық еттерiн және көк етiн, қажет болған жағдайда, жауырын-шынтақ (анконеус), бел, жамбас буындарын кесiп қарайды. Көк етiн алады және трихинеллоскопияға тексереді;
2) басында негізгі жақ асты лимфа түйіндерінен басқа қосымша лимфа түйіндері де бар. Олар жақтың арт жағындағы сiлекей лимфа түйіндерінің күре тамырға бөлiнген жерінде орналасқан;
3) ортаңғы қабатты астыңғы лимфа түйiндерден тек краниалдық түрі ғана болады. Олар саны жағынан өте құбылмалы (1 - 5), аорта доғасының алдында орналасқан. Шошқада оң жақ және сол жақ бронхиалдық лимфа түйінінен басқа, ортаңғысы (астыңғысы) да бар. Ол кеңiрдектің бронхқа бөлiнетiн бұрышында орналасқан, кейде сол жақтағы бронхиалды лимфа түйiнiмен бірігіп кетеді де бiрыңғай конгломерат түзедi;
4) iрi қара малдан айырмашылығы шошқаның көк бауыр артериясын жағалай орналасқан көкбауыр лимфа түйiндерi бар;
5) шошқада төс, қабырға аралық және қолтық асты (жауырын асты) лимфа түйiндерi болмайды. Мойын үстi лимфа түйiндерi үш топқа бөлiнедi: үстiңгi, астыңғы және ортаңғы;
6) шошқаның тiзе асты лимфа түйiндері екi топқа бөлiнедi: терең және сыртқы.
Сыртқысы жиi кездеседi.
Шошқаның бiрiншi қабырғасының лимфа түйiндерi ірі қара малға қарағанда жақсы жетiлген. Бүйірдегі және ортаңғы белдегі, құйымшақтағы, бүйректегі, жамбастағы лимфа түйiндері үлкен семiз шошқалардың май ұлпаларынан көрiнбейдi және ол сау малда қиындықпен табылады.
5-параграф. Жылқының ұшасы мен iшкi ағзаларын сойғаннан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет