2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


пунктте жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет129/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   141
пунктте жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
1216. Осы Қағидаларда берілген әдістер арқылы ірі қара малдың лейкозына диагноз анықталған елді мекенді (ауыл, село, кент), елді мекеннің бөлігін немесе жеке орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіні (ферма, табын), жеке меншік түріне қарамастан 10 пайыз және одан көп лейкоз ауруын жүұтырған шараушылық жүргізуші субъектісінде ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
Қолайсыз пунктке шектеу іс-шараларын қою туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖАО бөлімшелері ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар көзделетін сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын бекітеді, орындаушы, оларды орындау үшін жауапты тұлға және ауруды жою мерзімі анықталады.
1217. Жануарларда ауруға тән тек клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық немесе гистологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, табында 6 айдан жоғары жастағы жануарларға арасына күнтізбелік 30-45 күн салып екі рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
Егер бұл ретте ірі қара малдың лейкоз вирусына антиденелер анықталмаса, шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп саналады.
1218. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға:
1) серопозитивті (ИДР немесе ИФТ) немесе гематогиялық әдістер бойынша оң нәтиже көрсеткен жануарлардан алынған сүтті сүт зауытына өткізуге. Мұндай сүт қайнатуға және тек лейкоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті ішінде ғана пайдалануға жатады теріс нәтиже берген жануарлар сүті ортақ негізде жұмсалады;
2) лейкозбен ауратын жануарларды саулармен бірге ортақ табында жайылуға;
3) асылдандыру мақсатында жануарларды сатуға;
4) тұқымдық бұқаларды сиырлар мен қашарларға шағылыстыру үшін пайдалануға;
5) ІҚМЛВ жұққан тұқымдық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға;
6) лейкозға диагнозы анықталғанға дейін 6 ай ішінде серопозитивті тұқымдық бұқалардан алынған ұрықтар қоры жоюға жатады;
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға;
8) ветеринариялық және медициналық емдеу-профилактика препараттарын дайындау үшін қан және уыз дайындауға, гемотерапия жүргізуге;
9) лейкозға гемотологиялық және клиникалық белгілері бар ірі қара малды шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерге өсіру немесе бордақылау үшін шығаруға;
10) емдеу-профилактикалық, зоотехникалық және технологиялық іс-шараларды жүргізген кезде, стерильденбеген құралдарды, аспаптарды, аппараттарды пайдалануға;
11) бір сауу аппаратымен ІҚМЛВ жұқтырған және сау сиырларды саууға;
12) лейкозбен ауыратын және сау сиырларға бір төлдеу бөлмесін пайдалануға;
13) лейкозбен ауырған сиырлардың ақуызын сау сиырлардан алынған төлдерді қоректендіру үшін пайдалануға;
14) табын өсіру үшін лейкозбен ауырған бұзауларды пайдалануға жол берілмейді.
1219. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерді сауықтыруды:
1) мал басы 100 басқа дейінгі табында:
табындағы ірі қара мал басының 30 пайызынан көбі инфекцияланған жағдайда, шаруашылық жүргізуші субъектінің қолайсыз табынын біржолғы толық айырбастау (сою);
табындағы ірі қара мал басының 30 пайыздан азы инфекцияланған жағдайда, табыннан ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою объектілерінде соя отырып, осы Қағидалардың 1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематологиялық әдістермен жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен;
2) мал басы 100 бастан асатын табында ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою объектілерінде соя отырып, осы Қағидалардың 1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематологиялық әдістермен жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен жүргізеді.
Ескерту. 1219-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1220. Ірі қара мал лейкозы бойынша қолайсыз пункттерді осы Қағидалардың 1198-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематологиялық әдістермен сауықтыруды былайша жүргізеді:


1) жасы алты айдан жоғары жануарларға зерттеу жүргізеді;
2) кейінен осы Қағидалардың 1199-тармағында көрсетілген схемаға сәйкес ИДР, ИФТ және гематологиялық әдістермен серологиялық зерттеулерді төрт айлық аралықпен қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін жүргізеді. Әрбір диагностикалық зерттеуден кейін қора-жайларға Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекция жүргізеді;
3) барлық ауру жануарлар союға тапсырылғаннан кейін және қора-жайлар мен іргелес аумаққа қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген басқа да іс-шаралар орындалған жағдайда, қолайсыз пункт сауықтырылған деп жарияланады.
Ескерту. 1220-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1221. Сауықтырғаннан кейін екі жыл бойы тоқсан сайын серологиялық бақылау жүргізеді.


101-тарау. Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық тексеріп қарау және сойылғаннан кейін ұшалары мен ішкі ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау тәртібі
Ескерту. 101-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Сойылатын жануарларды сояр алдындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет