2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


ветеринариялық-санитариялық сараптамасы



бет136/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141
ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
1351. Ішкі сауда объектілеріне ұша бассыз, құйрықсыз әкелiнедi. Тексеруге ұшасымен бірге iшкi мүшелерін (жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйрек) ұсынылады.
1352. Ұша, iшкi мүшелері үй қояндарын тексеретіндей әдiспен тексеріледi.
1353. Сояр алдындағы зерттеу, этиологиясы әртүрлi ауру кезiндегi патологоанатомиялық өзгерiстерi үй қояндарына ұқсас болады. Фасция астындағы 5-8 кеуде омыртқасының сүйектерi үстінде орналасқан лимфа түйіндері, сазқұндыздың түрлік ерекшелігі болып табылады. Оларды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан кейiн жоюды.
1354. Ауру әртүрлі анықталған кезде ұшаны және iшкi мүшелерді санитариялық бағалау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) сiбip жарасы, туляремия, құтыру, сiреспе, қатерлi iсiк кезінде ұшасы, мүшелері және терiсi өртеледi;
2) туберкулез кезінде ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
3) лептоспироз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер, сарғыштау түс болмағанда, ұша қайнатуға жiберiледi, ішкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерінде дегенеративтi өзгерiстер және түсінің сарғаюы байқалған жағдайда, ұшасы мен ішкi мүшелері кәдеге жаратылады;
4) листериоз кезінде зақымданған мүшелер (бауыр, жүрек) және басы кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi, терiсi дезинфекцияланады;
5) сальмонеллез кезінде iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiліп залалсыздандырылады;
6) колибактериоз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалмағанда, ұша қайнатылады, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерді дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады;
7) пастереллез кезінде iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiледi;
8) бұлшық еттерде абсцестер болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
9) некробактериоз кезінде зақымдалған жерлері алып тасталады, ал ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
10) Ауески ауруы кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, ұшасы iшкi мүшелерімен бірге кәдеге жаратылады. Ал, өзгерiстер болмаған жағдайда, мүшелері кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi. Tepici дезинфекцияланады;
11) трихинеллез кезінде ұша және iшкi мүшелер кәдеге жаратылады;
12) фасциоллез кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, ұшасын кедергісіз жiбередi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, iшкi мүшелері мен ұшасы кәдеге жаратылады. Арық болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
13-параграф. Жабайы жануарлар етiн ветеринариялық-санитариялық сараптау тәртібі
1355. Жабайы жануарлардың етiн зерттеу тәртібінің үй жануарлары етін зерттеуден айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ жануарлардың түріне байланысты аздаған айырмашылықтары бар. Ветеринариялық қарап тексеруге жабайы жануарлардың ұшасы терiсі мен iшкi мүшелерінсіз ұсынылады.
1356. Жабайы жануарлар ұшаларының қанын ағызу негізінен нашар немесе мүлдем ағызылмайды. Етте бөгде иіс болмауы қажет және туалет сапасын белгілеу қажет.
1357. Лимфа түйiндерiн зерттеу кезінде жабайы жануарлар етiнiң сапасын бағалау кезінде лимфа түйiндерiн қарап тексерудің маңызы ерекше болады, олардың ұша мен мүшелердегі топографиясының үй жануарларының топографиясынан айырмашылығы көп емес.
1358. Ұшаны және мүшелерді зерттеу кезінде ұша мен мүшелердің тіндерін қарап тексеруге ерекше көңіл бөлген жөн. Жаралар көбiнесе лас болады (жүнмен, батпақпен, топырақпен), оларда сүйек қалдықтары табылады. Бұғы мен жабайы солтүстік маралының ұшасы финнозға тексерiлуі қажет, ол үшiн белдегі бұлшық етiн ұзынынан тіледі.
1359. Тамақ талғамайтындар және ет қоректілердің (қабан, аю, борсық) еті үй жануарлары үшін қарастырылғандай, міндетті түрде трихинеллезге тексеруге жатады.
1360. Ciбip жарасы жабайы жануарларда (тұяқты жабайы жануарларда бұғы, солтүстiк жабайы маралы, киік), сондай-ақ қоян мен борсықта жиi кездеседi.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегіндегі және серозды қабықтағы қанды-жалқыаяқты iсiнулер, қан құйылулар. Сыртқы қан тамырларында - қоңыр-қызыл қою ұйымаған қан, ал лимфа түйiндерiнде және оның маңайындағы тіндерде геморрагиялық қабынулар мен ұйыған қан болады.
Санитариялық бағалау. Ауру не сiбiр жарасына күдiктi жабайы жануарлардың етi жойылады.
1361. Құтыру жабайы жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседi. Ұшасы мен мүшелерін қарап тексергенде, іс жүзінде құтыруға диагноз қою мүмкiн емес.
Санитариялық бағалау. Құтыру аурумен ауырған жануарлардың ұшасы мен iшкi мүшелері жойылады.
1362. Пастереллез кезінде сойылғаннан кейiнгi диагностикасы. Терi асты өзегінде жалқаяқты-қанды инфильтраттар, iшкi мүшелерінің кейбiр жерiнде нүктелi қан құйылу (гиперемия), өкпеде – iсiну, бауырда, бүйректе, жүректе, көкбауырда - өзгерулер, қан құйылу.Ұша мен мүшелердің лимфа түйiндерi қара-күрең түстi, ал олардың айналасындағы дәнекер болып тұратын ұсақ қан құйылулары көп тінге сары-қызыл инфильтрат сіңген.
Санитариялық бағалау. Бұлшық еттерінде дегенеративтi өзгерiстер байқалған пастереллез аурумен ауыратын жабайы жануарлардың ұшасы жойылады. Дегенеративтi өзгерiстер болмаса, ет пiсiру арқылы зазалсыздандырылады.
1363. Аусыл кезінде сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз қуысының шырышты қабатында күлдіреуіктер мен жаралар, тұяқ қуысында күлдіреуіктер мен некроздар анықталады. Лимфа түйiндерiнде, бұлшық етте және ұшаның басқа мүшелерiнде өзгерiстер байқалмайды.
Санитариялық бағалау. Сойылғаннан кейін алынған өнім жойылады.
1364. Туберкулез жабайы жануарлардың көптеген түрiне тән.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мүшелерде, лимфа түйiндерде, кейде бұлшық етте туберкулездi ошақтар табылады, ортасында кiшкентай әк қосындылары көрiнедi. Жекелеген мүшелері зақымданғанда бұл процеске регионарды лимфа түйiндерi де қамтылады. Туберкулезбен жабайы шошқа ауырғанда көбінесе, басының және iшектерінiң лимфа түйiндерi зақымданады.
Санитариялық бағалау. Ұшада, лимфа түйiндерiнде көптеген туберкулездi зақымдар болса, жабайы жануарлардың етi кәдеге жаратылады. Жекелеген мүшелері, лимфа түйiндерi зақымданған жағдайда, зақымданған жерi ғана залалсыздандырылады да етi пiсiрiледi.
1365. Псевдотуберкулез кезінде көбiнесе кемiргiштерде байқалады (қоян, сазқұндыз және тағы да басқалары).
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаны тексеріп қарағанда лимфа түйiндерiнде және кейде бұлшық етінде ұсақ төмпешiктер түрiндегі некрозды ошақтар анықталады, оларда сұрғылт сары немесе жасыл түстi казеозды массалар болады.
Санитариялық бағалау. Бұлшық етте, лимфа түйiндерiнде зақымданған жерлер көп болса немесе қоңдылығы төмен болса, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады.
Жекелеген лимфа түйiндерi немесе бұлшық еттерi зақымданса, олар кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусiз жiберiледi.
1366. Бруцеллез - көптеген жабайы жануарлар түрнің ауыруы.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшада патологиялық өзгерiстер жоқ, сондықтан сойылғаннан кейiнгі қарап тексеру кезіндегі жануар ауруын анықтау күрделi. Лимфа түйiндерi ұлғайғаны белгiленедi, олар iсiнген, кейде iрiңдi-некрозды ошақтар болады.
Санитариялық бағалау: Бруцеллез ауруымен ауыратын немесе оған күдiк тудырған жабайы жануарлардың етiн қайнатып залалсыздандырады.
1367. Некробактериоз кезінде сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жабайы жануарларда көбінесе тұяқ ауруы, кейде ауыз қуысының шырышты қабаты зақымданады. Лимфа түйiндерi, әсіресе мойындағы, шаптағы түйіндер ұлғайып, гиперемацияланады. Бұлшық етте кейде некрозды-iрiңдi ошақтар болады.
Санитариялық бағалау. Некробактериозбен ауырған жабайы жануарлардың етiнде, бұлшық еттерiнде некрозды ошақтар болса, кәдеге жаратылады.
1368. Қарасан, бұғы мен зубрда кездеседi.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегінде, негізінен санында, жамбасының маңайында, сауырында, белiнде, кеудесiнде iсiнiп сыздайтын шиқандар байқалады, оларды қатты басқанда газ көпіршіктері мен қан аралас сары инфильтрат бөлiнедi. Дифузды тіліктегі лимфа түйiндер қара-қызыл түске боялған.
Санитариялық бағалау. Ауруға шалдыққан жабайы жануарлардың ұшасы және мүшелері жойылады.
1369. Листериоз ауруына қоян, жабайы қоян, жабайы шошқа, бұлан, киіктер сезімтал келеді.
Сойылғаннан кейiнгi диагностикасы. Лимфа түйiндерi ұлғайған, iсiнген, қоңдылығы төмен болады. Санитариялық бағалау. Листериоз бойынша ауру немесе ауырды деп күдiк тудырған жабайы жануарлардан алынған ұша пiсiріліп залалсыздандырылады, ал iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1370. Лептоспироз - жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің ауруы. Көбiнесе кемiргiштер, жабайы қояндар, теңбіл бұғылар, елік және басқалары сезімтал келеді.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегі, бұлшық етi және май ұлпалары сарғаяды, кейбiр жерлерiнде қан құюлармен сары инфильтраттар болады. Iшкi мүшелері сарғыштау, қан құюлар байқалады. Лимфа түйiндерi күрт ұлғайған.
Санитариялық бағалау. Ауру жануарлардан алынған етті қайнатады. Сарғыш түске боялғаны анық көрінетін немесе бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстері бар ұша кәдеге жаратылады.
1371. Трихинеллез жабайы шошқада, аюда, борсықта және жабайы ет қоректiлерде кездеседі. Ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1372. Цистицеркоз (финноз) кезінде бұғының, еліктің ауырған жағдайлары белгілі.
Тұяқты жабайы жануарларда эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседi.
Түрлi инвазиялық аурулар кезінде жабайы жануарлардың етiн санитариялық бағалау үй жануарларының етiн бағалаумен ұқсас.
102-тарау. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібі
Ескерту. 102-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1373. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама (бұдан әрі – тамақ өнімдері) жүргізу тәртібі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын, жануарларды өсірумен (союмен), олардан алынатын тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен және өткізумен айналысатын барлық субъектiлерге қолданылады.
1374. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негiзiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерге сәйкес ветеринариялық зертханаларда, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында және өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерінде жүзеге асырылады.
Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы оның қауiпсiздiгiн бағалау мақсатында жүргiзiледi. Ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері тамақ өнiмдерiнiң қатерлерiн талдау үшiн қолданылады.
1375. Тамақ өнiмдерi жойылу сатысына (процесіне) дейінгі оның қайталанбалы кезеңінің барлық сатыларында ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады.
1376. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу үшін тамақ өнiмдерiнен сынама алу жүзеге асырылады.
1377. Тамақ өнiмдерiнен алынған сынама және оның ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы есепке алуға жатады.
1378. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 "Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген. Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актiсi берiледi.
1379. Сараптама актiсiнің (сынақ хаттамасы) негізінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес тамақ өнiмдерiн оның айналымы процессінде (сатысында), оны кәдеге жарату және/немесе жою туралы шешім қабылданады.
Ішкі сауда объектілерінде азық-түлік өнімін иемденгенде ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында сараптама актісінің көшірмесін (сынақ хаттамасы) алу сатып алушылармен (кәсіпкерлермен) рұқсат етіледі, сатып алынған азық-түлік өнімінің күні, түрі, өнімнің саны, сатып алушының (кәсіпкердің) тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда), азық-түлік өнімінің белгілеу объектісі сатып алынған өнімнің қауіпсіз екенін растайтын. Сараптама актісінің (сынақ хаттамасы) көшірмесі сараптама жүргізген уәкілетті тұлғаның қолымен және ішкі сауда объектісінің ветеринариялық –санитариялық сараптама зертханасының мөрімен куәландырылады.
1-параграф. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) процесiнде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет