2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


-параграф. Әртүрлi инфекциялық және басқа аурулар кезінде



бет135/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   141
10-параграф. Әртүрлi инфекциялық және басқа аурулар кезінде
құс еттерiн және iшкi мүшелерін санитариялық бағалау
1304. Туберкулез кезінде ішкi мүшелер зақымданса және ұша арық болса, ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады. Жекелеген мүшелер зақымданса, бiрақ ұшаның қоңдылығы жақсы болса, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады, ал ұшаны пiсiргеннен кейін шығарады. Туберкулинге оң нәтиже берген құсты союдан алынған ұшалар, туберкулездік зақымдануы болмаса, пiсiргеннен кейін шығарылады немесе консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
1305. Сальмонеллез кезінде ішкi мүшелері кәдеге жаратылуға жiберiледi, ұшасы пiсiрiледi немесе консервi жасауға жiберiледi.
1306. Орнитоз (Пситтакоз) кезінде ішкi мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.
1307. Пуллороз-тиф кезінде кеуде асқазан қуыстарында қан болса немесе перитонит болса, бұлшық етінде өзгерістер бар ұша iшкi мүшелермен бiрге кәдеге жаратылады. Егер бұлшық етiнде өзгерiстер болмаса, тек қана зақымданған мүшелерді кәдеге жаратады, ал ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi.
1308. Листериоз кезінде басы және зақымданған мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары және зақымданбаған мүшелері пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.
1309. Колибактериоз кезінде бұлшық еттерінде және iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, ұшалары мен мүшелері кәдеге жаратылады (перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит). Егер өзгерiстер тек қана iшкi мүшелерінде болса олар кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi немесе консерв жасауға жiберiледi.
1310. Стафилакоккоз кезінде зақымдану ұлғайып кетсе (мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс), ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Буындарының бірі зақымданса, ол кәдеге жаратылады, ал ұшалары пiсiрiлген соң шығарылады.
1311. Стрептококкоз кезінде ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1312. Ботулизм кезінде ұшалары, iшкi мүшелері, түбiтi және қауырсындары жойылады.
1313. Тілме кезінде ұшалары мен iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi.
1314. Пастереллез кезінде ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
1315. Некробактериоз (инфекциялық синусит) кезінде септикалық процесс болса, ұшасы мен iшкi мүшелерімен бірге кәдеге жаратылады. Тек қана басы мен мойны зақымданса, оларды кәдеге жаратып, ұшалары шектеусiз шығарылады.
1316. Тұмау кезінде перитонит, көгеру, дегенеративтi өзгерiстер болмаса, мүшелері мен ұшаның бөлiктерi кәдеге жаратып; өзгерiстер болмаған жағдайда, ұшалары мен iшкi мүшелері пiсiрiлiп немесе ұшалары консервi жасауға жiберiледi. Түбіті мен қауырсыны дезинфекцияланады.
1317. Инфекциялық бронхит, инфекциялық ларинготрахеит. Кезінде зақымданған iшкi мүшелері мен ұшаның бөліктері кәдеге жаратылып, өзгерiстер жоқ болса, ұшалары мен мүшелері пiсiрiледi немесе ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
1318. Лейкоз, марек ауруы, ісiктер кезінде ұлғайған процестер болып не терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш тартса, зақымдану дәрежесіне қарамастан, ұшалары және iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi мүшелерде зақымдану аз болса, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаларын пiсiреді не консервi дайындайды. Марек ауруында түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
1319. Ньюкасл ауруы кезінде ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Патологиялық өзгерiстерi болмаса ауруға күдiктi құсты союдан алынған, ұшаны және iшкi мүшелерін пiсiредi. Түбiтi мен қауырсынын жояды.
1320. Күл кезінде жайылып кеткен процестерде ұшалары бүкіл iшкi мүшелерімен бiрге кәдеге жаратылады. Тек қана басы зақымданса, оны кәдеге жаратып, ұшалары мен мүшелерін пiсiредi не консервi дайындауға жiбередi.
1321. Спирохетоз кезінде арық не iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болса, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1322. Микоплазмоз кезінде ауа қуысы қалталары фибриндi зақымданған болса, ұшаны кәдеге жаратады. Ондай өзгерiстер болмаса, басы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылып, ұшасы пiсiрiледi.
1323. Авитаминоздар кезінде ұшалары мен iшкi мүшелері арық болса немесе висцералдық подагра кезінде олар кәдеге жаратылады.
1324. Перитонит кезінде диффузды перитонит болып, iшкi мүшелер және кеуде асқазан қуысын серозды жабыны зақымданса, фибриндi не iрiңдi сарысу болса, ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Iшкi мүшелердің, плевраның, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы қабыну болған кезде, зақымданған мүшелер кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады.
1325. Энтерогепатит кезінде зақымданған мүшелері (бауыр, қарын, жемсау) кәдеге жаратылады, ал ұшалары шектеусiз пайдаланылады.
1326. Жарақат, абсцестер кезінде ұшаларда жарақаттану салдарынан болған абцесстер, патологиялық өзгерiстер болған кезде зақымданған жерлері, ал болмашы зақымдану болса, ұшалар iшкi мүшелермен бiрге кәдеге жаратылады. Зақымдану көлемi азғантай болса, өзгерісі бар бұлшық ет тінінен тазартқаннан кейiн, ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға жiберiледi не пiсiрiледi.
Жарақат жақында ғана түскен болса және жақында ғана аз ғана қан шыққан болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған жағдайда, қан сіңген не iсiнген тіндердің барлығы кәдеге жаратылып, ұшаның қалған бөлшектерi шектеусiз өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi.
1327. Бас қотыры кезінде басы мен мойынын кәдеге жаратып, ұшасын шектеусiз пайдалануға жiбередi.
1328. Аяқ қышымасы кезінде аяқтың қауырсынданбаған бөлiгiн кәдеге жаратуға жiберiп, ұшасын және iшкi мүшелерін кедергiсiз пайдалануға жiбередi
1329. Арықтау кезінде бұлшық еттерде май жиналатын жерлерде жалқаяқ пайда болып, бұлшық еттер семiп және құрғақтап кетсе (сүйектерi шығып тұрса), сондай-ақ еттерi, айдары мен сырғалығы боз немесе көкшiл тартса, ұшасын iшкi мүшелерімен қоса кәдеге жаратады.
1330. Бөгде иiстер кезінде тауық етiне тән емес дәрi-дәрмектердiң не басқа заттардың иiсi болса, ұшасы және iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
11-параграф. Әртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың етiн ветеринариялық-санитариялық бағалау
1331. Миксоматоз кезінде ұшалары, iшкi мүшелері және терiсi жойылады. Орын жай, арнайы киiм, құрал-жабдықтар дезинфекцияланады.
1332. Қояндардың вирустық геморрагиялық ауруы кезінде ұшасын, iшкi мүшелерін және терiсiн кәдеге жаратады.
1333. Туляремия кезінде ұшасын, iшкi мүшелерін және терiсiн кәдеге жаратады.
1334. Стрептококты септицемия кезінде ұшасы, iшкi мүшелері және терiсi кәдеге жаратылады.
1335. Стафилококкоз кезінде кезбе пиемия мен стафилококкты мастит анықталған жағдайда, ұшасын, терiсiн және iшкi мүшелерін кәдеге жаратады. Стафилококкты пододерматиттің, оқшауланған нысаны болған кезінде зақымданған бөлшектері мен ішкі мүшелерін кәдеге жаратады, ал ұшасы пісіріледі.
1336. Туберкулез кезінде ұшасын, iшкi мүшелерін, терiсiн кәдеге жаратады.
1337. Псевдотуберкулез кезінде бұлшық етiнде псевдотуберкулезді ошақтар немесе көтеремдік болған кезде орын алған ошақтар болса, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады, ал болмаған жағдайда пiсiрiледi. Зақымданған ішкі мүшелері кәдеге жаратылады.
1338. Пастереллез кезінде абцесстер болса ұшасы мен iшкi мүшелерінде iрiңдi жара болса кәдеге жаратылады. Ал абцесс болмаса ұша пiсiрiледi, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады.
1339. Некробактериоз кезінде осы процестер азғантай болса, зақымданған бөлiктер кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Ал процестер ұлғайған түрде болса, ұшасы iшкi мүшелерімен қоса кәдеге жаратылады.
1340. Салмонеллез кезінде ұшасы пiсiрiледi, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерінде дегенеративтi өзгерiстер болса, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1341. Ауески ауруы кезінде бұлшықеттерде дегенеративтi өзгерiстер болса, ұшасы iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, егер ондай өзгерiстер болмаса, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi.
1342. Листериоз кезінде ұшасы пiсiрiледi, зақымданған мүшелері, басы кәдеге жаратылады. Терiсi дезинфекцияланады.
1343. Токсоплазмоз кезінде ішкi мүшелері мен басы кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi.
1344. Спирохетоз кезінде ұшаның зақымданған бөлшектерi, мүшелері кәдеге жаратылады, зақымданбағандары кедергiсiз пайдалануға жiберiледi.
1345. Цистицеркоз кезінде Бұлшық еттері зақымданған жағдайда, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады. Ішкі мүшелері зақымданса, олар кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады.
1346. Кокцидоз кезінде зақымданған дене мүшелерi кәдеге жаратылады. Ал ұшасы шектеусiз шығарылады. Бұлшық еттерi, майы сарғыш түске боялып, ол 48 сағатта жойылмаса, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1347. Фасциолез кезінде зақымданған бөлігі кәдеге жаратылады, ұшасы шектеусіз жіберіледі. Бұлшық еттерi және майы сарғыш түске боялып, ол 48 сағат жойылмаса, онда ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
1348. Жарақаттар (қан құйылу, көгерген жерлер, инфильтраттар, жара, сынған жерлер және басқалары) кезінде жара және жарақат жаңа болса, зақымданған жерлері тазартылып, ұшасы шектеусiз жiберіледi. Iрiңдi қабынуда еттi бактерологиялық әдiспен зерттейдi.
1349. Арықтау (бұлшық ет тіндерінде дегенеративті өзгерістер, бұлшық етінің атрофиясы, май жиналатын жерлерде іркілдек ісік болуы) кезінде ұшаны, iшкi мүшелерін кәдеге жаратады.
1350. Пневмония кезінде бұлшық еттерде арықтау немесе дегенеративтiк өзгерiстер, болмағанда, еттi бактерологиялық зерттеуден өткiзедi, бактериология қорытындысы терiс нәтиже берсе кедергiсiз пайдаланылуға жiберiледi.
12-параграф. Түрлi аурулар кезіндегі сазқұндыз ұшаларының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет