2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


(сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртiбi



бет137/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141
(сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртiбi
1380. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) сатысындағы ветеринариялық-санитариялық сараптамаға нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобалары және/немесе тамақ өнімдерінің тәжiрибелiк үлгiлерi жатады.
1381. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) процесiне (сатысына) жануарларды сою, тамақ өнiмдерiн өндiруге (дайындауға) арналған балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды және жұмыртқаны жинау, сондай-ақ жемшөп және жемшөп қоспаларын жасау жатады.
1382. Жануарларды сою кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама сою алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама және осы Қағидалардың 101-тарауында белгіленген сойылған жануарларды сою алдындағы ветеринариялық тексеру және сойғаннан кейінгі ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 1382-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1383. Сойылғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 102-тарауына сәйкес ұшалар мен мүшелерді таңбалау жүргізіледі.


Ескерту. 1383-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1384. Өндiру үшін балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды және жұмыртқаны жинау кезiндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.


1385. Жемшөп және жемшөп қоспаларын жасау кезiнде ветеринариялық-санитариялық сараптама осы Қағдаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Тамақ өнiмдерiн өндiру (әзірлеу) процесiнде
(сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртiбi
1386. Өндiру (әзірлеу) процесiндегі (сатысындағы) тамақ өнiмдерiнің, ветеринариялық-санитариялық сараптамасы технологиялық процестің барлық сатысында және олармен байланысты орау, қаптама, таңбалау, сондай-ақ тамақ өнiмдерін iшкi өндiрiсте сақтау және тасымалдау процестерiнде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет